Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения на 2013 год
Қолданыста
Қаулы
·№ 31
·
02.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения на 2013 год
- Атауы (қаз.)
- Халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың 2013 жылға арналған қосымша тізбесін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 31
- Қабылданған күні
- 25.01.2013
- Көрсетілген редакция
- 25.01.2013 70973_213581.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.01.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13NI004015
- ЭКБ идентификаторы
- 70973
- Редакция идентификаторы
- 70973_213581
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:53
0 Халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың 2013 жылға арналған қосымша тізбесін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың 2013 жылға арналған келесі қосымша тізбесі белгіленсін:
1 1) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
2 2) ұзақ уақыт жұмыс істемейтін азаматтар (бір жыл және одан көп);
3 3) елу жастан асқан адамдар;
4 4) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның ("Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі) жолдамасы бойынша кәсіптік оқуды бітірген жұмыссыздар;
5 5) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдардан алған мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі мен өтілі жоқ бітірушілер.
2 2. Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш.С. Оспановқа жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
КЕЛІСІЛДІ
"Жангелдин ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
_______________ Л. Зейнекина