Құжат мәтініне өту

Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения в Узункольском районе на 2013 год

Қаулы · № 12 · қабылданған 22.01.2013
Заңдық күші: Қолданыста · 02.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2013-ekb-70974/on/2026-09-02/
Басып шығарылды 2026-09-02 · adilet.kz
Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения в Узункольском районе на 2013 год Қолданыста Қаулы ·№ 12 ·22.01.2013
22.01.2013 редакциясы
02.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.01.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения в Узункольском районе на 2013 год

Қолданыста Қаулы ·№ 12 · 02.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения в Узункольском районе на 2013 год
Атауы (қаз.)
Ұзынкөл ауданында 2013 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
12
Қабылданған күні
22.01.2013
Көрсетілген редакция
22.01.2013 70974_213509.kaz
Соңғы өзгеріс
22.01.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13NS004016
ЭКБ идентификаторы
70974
Редакция идентификаторы
70974_213509
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:55

0 Ұзынкөл ауданында 2013 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Қосымшаға сәйкес Ұзынкөл ауданында 2013 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тiзбесi белгіленсін.

2 2. "Ұзынкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөнiндегі шараларды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғанан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
"Ұзынкөл ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_______________ Г. Асқарова

4 Әкімдіктің

2013 жылғы 22 қаңтардағы
№ 12 қаулысына қосымша
Ұзынкөл ауданында 2013 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тiзбесі

1 1. "Ұзынкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде лайықты жұмысы жоқ жұмыссыздар ретінде тіркелген тұлғалар.

2 2. Жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастағы жастар.

3 3. Елу жастан асқан адамдар.

4 4. Ұзақ уақыт жұмыс істемейтін азаматтар (он екі және оданда артық айлар).

Қолданыстағы