О предоставлении подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения или строительства жилья специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Бокейординского района на 2013 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения или строительства жилья специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Бокейординского района на 2013 год
- Атауы (қаз.)
- 2013 жылы Бөкей ордасы ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтiк қолдау көрсету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 8-2
- Қабылданған күні
- 06.02.2013
- Көрсетілген редакция
- 12.03.2014 71050_176620.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.03.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13ZD003185
- ЭКБ идентификаторы
- 71050
- Редакция идентификаторы
- 71050_176620
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:47
0 2013 жылы Бөкей ордасы ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтiк қолдау көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" № 183 қаулысына сәйкес, аудан әкiмi мәлiмдеген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария салаларының мамандарына қажеттiлiктi ескере отырып, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. Бөкей ордасы ауданының ауылдық елді мекендеріне 2013 жылы жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына:
1 1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2 2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау - бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит көрсетілсін.
2
2. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының "Бөкей ордасы ауданына жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2012 жылға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау туралы" 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 2-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 7-4-131 тіркелген, 2012 жылғы 18 мамыр – 4 маусымдағы "Орда жұлдызы" аудандық газетінде № 22 жарияланған) шешімі күші жойылсын.