Об организации общественных работ на 2013 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации общественных работ на 2013 год
- Атауы (қаз.)
- 2013 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 54
- Қабылданған күні
- 04.02.2013
- Көрсетілген редакция
- 31.12.2013 AI71079_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.12.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13UK002238
- ЭКБ идентификаторы
- 71079
- Редакция идентификаторы
- AI71079_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:48
0 2013 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекiтiлген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру ережесiнiң 8-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2013 жылы қоғамдық жұмыстар жүргiзiлетiн ұйымдардың тiзбесi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi және олардың қаржыландырудың көздерi қосымшаға сәйкес бекiтiлсін.
2 2. Қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтардың еңбекақысы айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының ең төменгі мөлшері көлемінде бекітілсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Пармановқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
5 2013 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және олардың қаржыландырудың көздері
Сарыағаш ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 04 ақпандағы
№ 54 қаулысымен бекітілген
2013 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және олардың қаржыландырудың көздері
қ/с
Ұйымдардың атауы
Қоғамдық жұмыстардың түрлері
Адам саны
Қоғамдық жұмыстардың көлемі
Қаржыландыру көздері
1
Қала, поселке, ауыл және ауылдық округтері әкімдерінің аппараты
көркейту, көгалдандыру, аймақтарды тазалау
542
185 гектар
аудандық бюджет
мұрағатқа тапсырылатын құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту, тарату
30
30000 дана
аудандық бюджет
2
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі
Қарулы Күштері қатарына шақыру бойынша тұрғындармен жұмыс, шақыру қағаздарын жеткізу
8
26 ауылдық округ аумағында
аудандық бюджет
3
«Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер Департаментінің Сарыағаш ауданының ішкі істер басқармасы» мемлекеттік мекемесі
жастардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау жұмысын ұйымдастыру, кәмелетке толмағандардың арасында құқықты бұзуды алдын алу («Сақшы» және «Тәртіп»)
120
Сарыағаш қаласы, Абай ауылы, Көктерек поселкесі және Әлімтау, Жылға, Дарбаза, Құркелес, Жарты төбе, Қабланбек, Жібек жолы, Дербісек, Жемісті, Қызылжар, Ақжар, Тегісшіл, Ақтөбе, Алпамыс батыр, Бірлесу, Бірлік, Біртілек, Бозай, Жамбыл, Жүзімдік, Қошқарата, Ошақты, Ұшқын ауылдық округтерінің аумағында
аудандық бюджет
Жалпы
700
Ескертпе: қоғамдық жұмыстардың нақты жағдайлары жұмыс берушімен және қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтың арасында жасалатын еңбек шартында көзделеді.