Об организации общественных работ на 2013 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации общественных работ на 2013 год
- Атауы (қаз.)
- 2013 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 256
- Қабылданған күні
- 28.01.2013
- Көрсетілген редакция
- 01.01.2014 AI71080_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.01.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13UJ002239
- ЭКБ идентификаторы
- 71080
- Редакция идентификаторы
- AI71080_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:52
0 2013 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20 бабына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысымен бекiтiлген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру ережесiнiң 8-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2013 жылы қоғамдық жұмыстар жүргiзiлетiн ұйымдардың тiзбесi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi және олардың қаржыландырудың көздерi қосымшаға сәйкес бекiтiлсін.
2 2. Қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтардың еңбекақысы айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының ең төменгі мөлшері көлемінде бекітілсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш.Халмурадовқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
5 2013 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұсынатын ұйымдардың тізбесі, жұмыстардың түрлері және қаржыландыру көздері
Сайрам ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 28 қаңтардағы
№ 256 қаулысымен бекітілген
2013 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұсынатын ұйымдардың тізбесі, жұмыстардың түрлері және қаржыландыру көздері
Р/с
Ұйымдардың атауы
Жұмыс түрлері
Қоғамдық жұмыстардың көлемi
Қоғамдық жұмысқа қатысушылар саны
Қаржыландыру көздері
1
Ауыл округтері әкімінің аппараттары
Еңбек рыногының негізгі индикатор көрсеткіштерін анықтау
тұрғындарды әр аула бойынша аралау және жұмыссыздар туралы мәлімет жинау (500 аула)
17
Жергілікті бюджет
2
Ауыл округтері әкімінің аппараттары
Жолдарды жөндеу; Көгалдандыру, ағаштар отырғызу, күтіп ұстау; Объектілерді салу және жөндеу
2 км
500 дана
10 нысан
145
Жергілікті бюджет
3
Ауыл округтері әкімінің аппараттары
Аумақты экологиялық сауықтыру және елді мекендерді көріктендіру
6 гектар
140
Жергілікті бюджет
4
Ауыл округтері әкімінің аппараттары
Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауға көмек көрсету
1200 іс құжат
145
Жергілікті бюджет
5
«Сайрам ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауға көмек көрсету
1500 іс құжат
10
Жергілікті бюджет
6
«Сайрам аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауға көмек көрсету
800 іс құжат
5
Жергілікті бюджет
7
«Сайрам аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауға көмек көрсету
2000 іс құжат
10
Жергілікті бюджет
8
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің» Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауға көмек көрсету
2500 іс құжат
10
Жергілікті бюджет
9
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті Сайрам ауданының Әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі
Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауға көмек көрсету
2500 іс құжат
10
Жергілікті бюджет
10
«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауға көмек көрсету
2000 дана іс құжат
40
Жергілікті бюджет
11
«Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауға көмек көрсету
700 іс құжат
10
Жергілікті бюджет
12
«Сайрам аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауға көмек көрсету
600 іс құжат
4
Жергілікті бюджет
13
«Сайрам аудандық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауға көмек көрсету
600 іс құжат
4
Жергілікті бюджет
14
«Сайрам ауданы әкімдігінің «Болашақ» Сайрам балалар сауықтыру лагері» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Балалар сауықтыру лагері аумағын көріктендіру, көгалдандыру
7 гектар
10
Жергілікті бюджет
15
«Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаментінің Сайрам ауданының ішкі істер басқармасы» мемлекеттік мекемесі
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысу
160 сағат
20
Жергілікті бюджет
Барлығы:
580
Ескертпе: қоғамдық жұмыстардың нақты жағдайлары жұмыс берушімен және қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтың арасында жасалатын еңбек шартында көзделеді.