Құжат мәтініне өту

О направлении безработных на общественные работы в городе Алматы в 2013 году

Қаулы · № 1/58 · қабылданған 01.02.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2013-ekb-71261/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О направлении безработных на общественные работы в городе Алматы в 2013 году Күшін жойған Қаулы ·№ 1/58 ·01.02.2013
27.01.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.01.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О направлении безработных на общественные работы в городе Алматы в 2013 году

Күшін жойған Қаулы ·№ 1/58 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О направлении безработных на общественные работы в городе Алматы в 2013 году
Атауы (қаз.)
2013 жылы Алматы қаласында жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1/58
Қабылданған күні
01.02.2013
Көрсетілген редакция
27.01.2014 71261_143981.kaz
Соңғы өзгеріс
27.01.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13R0000969
ЭКБ идентификаторы
71261
Редакция идентификаторы
71261_143981
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:49

0 2013 жылы Алматы қаласында жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5 тармағына және 20 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған ұйымдардың тізбесі, 2013 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері және көлемдері бекітілсін.

2 2. Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын қоғамдық жұмыстарды орындау үшін жұмыс берушілермен шарттар жасасуға өкілеттік берілсін.

3 3. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбекақысы айына ең төменгі екі айлық жалақы мөлшерінде белгіленсін.

4 4. Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы:

1 1) 2013 жылға арналған Алматы қаласы бюджетінде қоғамдық жұмыстарды жүргізуге қарастырылған қаражат шегінде жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді жүзеге асырсын;

2 2) қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбекақысын төлеу олардың екінші деңгейдегі банктердегі жеке шоттарына ақша қаражатын аудару жолымен жүргізілсін.

5 5. Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) осы қаулыны Басқарманың интернет ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

6

6. Алматы қаласы әкімдігінің «2012 жылы Алматы қаласында жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы» 2012 жылғы 1 наурыздағы № 1/148 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 923 болып тіркелген, 2012 жылғы 17 наурыздағы «Алматы Ақшамы» газетінің № 33 санында, 2012 жылғы 20 наурыздағы «Вечерний Алматы» газетінің № 35 санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

7 7. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары М. Мұқашевқа жүктелсін.

8 8. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Енгізуші:
Алматы қалалық Жұмыспен қамту
және әлеуметтiк бағдарламалар
басқармасының бастығы
Ә. Құлмаханов
Келісілді:
Алматы қаласы
әкімiнiң бірінші орынбасары
М. Мұқашев
Алматы қаласы Экономика және
бюджеттік жоспарлау
басқармасының бастығы
С. Қабдолов
Алматы қаласы әкімі аппараты
заң бөлімінің меңгерушісі
А. Қасымова

11 Алматы қаласы әкімдігінің

2013 жылғы 1 ақпандағы № 1/58
қаулысымен бекітілді
Ұйымдардың тізбесі,
2013 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың
түрлері және көлемдері
№ р/с
Жұмыс түрлері
Жұмыс істейтін адам саны
Ұйымдар
Қоғамдық жұмыстардың көлемі мен нақты жағдайлары
1.
Тұрғын үй-комму
налдық шаруашылық ұйымдарына аумақтарды жинауға көмек
960
Алматы қаласы Алатау, Медеу аудандарының әкімінің аппараттары, «Әуезов ауданы жеке пәтер иелерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Жетісу» қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Тұран» үй-жайлардың меншік иелері кооперативтерінің қауымдастығы, «Тазалық Сити» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Алматы Тазалық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны және тағы басқалар
Келісім шартқа сәйкес
2.
Өңірді экология
лық сауықтыру (көгалдандыру және көріктен
діру)
241
«Қарасу» қоғамдық бірлестігі, «Ұлжан Ұлысы» қоғамдық бірлестігі, «Қарлығаш» жеке кәсіпкер, Медеу ауданы Алатау кенті әкімінің аппараты, «Тәртіп» акционерлік қоғамы, «Эталон» Құрылыс-жөндеу кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және тағы басқалар
Келісім шартқа сәйкес
3.
Өңірлік қоғамдық науқандарды жүргізуге көмек
965
Алматы қаласы аудандарының «Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы Алатау, Бостандық, Медеу, Түрксіб аудандық ішкі істер басқармаларының көші-қон полициясы бөлімдері, Бостандық, Медеу аудандық Ішкі істер басқармалары, «Алматы қалалық құқық тәртібін қорғауға жәрдемдесу жөніндегі қоғамдық бірлестігі» қоғамдық бірлестігі, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының Алмалы, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Түрксіб аудандық филиалдары, «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігі, Алматы қаласы Түрксіб ауданының әділет басқармасы, Түрксіб ауданының жергілікті өзін-өзі басқарудың үйлестіру кеңесі және тағы басқалар
Келісім шартқа сәйкес
4.
Қарттар мен мүгедектерге күтім жасау, балалармен жұмыс, әлеуметтік қызмет көрсетуге байланысты өзге де жұмыстар
543
«Алатау ауданының мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі, «Намыс» жоғары білімі бар мүгедектердің қоғамдық бірлестігі, «ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» мемлекеттік мекемесі, «№ 1 оқушылар үйi» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» мемлекеттік мекемесі, «Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Әуезов аудандық филиалы, Алматы қаласы жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры, «Алматы қаласы «Алатау» мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі, Түрксіб аудандық мүгедектердің ерікті қоғамы, «Қазақ зағиптар қоғамы қоғамдық бірлестігінің «Алматы № 2 оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Түрксіб аудандық қайырымдылық қоры, Түрксіб аудандық «Көп балалы отбасылар одағы» қоғамдық бірлестігі, «Қалыптасу» қоғамдық қоры, «Қарулы Күштердің мүгедектерге жәрдемдесу қоры» қоғамдық қоры, «Родник» Балаларды және әйелдердің әлеуметтік психологиялық бейімдеу және сауықтыру орталығы» қоғамдық қоры және тағы басқалар
Келісім шартқа сәйкес
БАРЛЫҒЫ
2709
Ескертпе: еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысқа қарай және жұмыс түрлері бойынша қатысушылардың саны және ұйымдардың тізбесі 2013 жылы қоғамдық жұмыстарды жүргізуге Алматы қаласы бюджетінде қарастырылған қаражат шегінде өзгеруі мүмкін.

Қолданыстағы