Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2013 год областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на здравоохранение
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2013 год областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на здравоохранение
- Атауы (қаз.)
- Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2013 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 150
- Қабылданған күні
- 18.02.2013
- Көрсетілген редакция
- 26.12.2013 AI71264_6.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.12.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1300000150
- ЭКБ идентификаторы
- 71264
- Редакция идентификаторы
- AI71264_6
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:42
0 Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2013 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы
«2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2012 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабын және «2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1520 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2013 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану қағидалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен нысаналы ағымдағы трансферттердің бекітілген сомаларын облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне аударуды қамтамасыз етсін.
3 3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
1 1) нысаналы ағымдағы трансферттердің бөлінген сомаларын уақтылы және мақсатты пайдалануды;
2 2) есепті айдан кейінгі айдың 15-күніне дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне нысаналы ағымдағы трансферттердің бөлінген сомаларының пайдаланылуы туралы есептер беруді қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
1 Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2013 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану қағидалары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 18 ақпандағы
№ 150 қаулысымен
бекітілген
Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2013 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2013 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану қағидалары (бұдан әрі — Қағидалар) «2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына және «2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1520 қаулысына сәйкес әзірленді.
2 2. Қағидалар облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді мынадай республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша пайдалану тәртібін анықтайды:
010 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер»;
027 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстауға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттер;
038 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер».
3 3. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер:
1 1) саламатты өмір салтын насихаттауға;
2 2) АИТВ ахуалына эпидемиологиялық қадағалау жүргізуге;
3 3) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 785 қаулысымен;
4 4) скринингілік зерттеулер жүргізуге:
ересек адамдар арасында артериялық гипертензияның, жүректің ишемиялық ауруларының, қант диабетінің бар-жоғын тексеріп-қарауға;
балалар мен ересектердің нысаналы топтары арасында «В» және «С» гепатиттерін анықтауға;
әйелдер арасында жатыр мойны обырын анықтауға;
ересек тұрғындар арасында колоректалдық обырды анықтауға;
Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Павлодар облыстарының, Астана мен Алматы қалаларындағы ерлер арасында қуықасты безі обырын анықтауға;
Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Павлодар облыстарының, Астана мен Алматы қалаларының тұрғындары арасында өңеш және асқазан обырын анықтауға;
Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Павлодар облыстарының, Астана мен Алматы қалаларының тұрғындары арасында бауыр обырын анықтауға;
5 5) Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі - МСАК) тарифіне қосымша компонента (МСАК тарифіне ынталандыратын құрамдас бөлік) төлеуге;
6 6) МСАК ұйымдарында әлеуметтік қызметкерлер мен психологтар институтын енгізуге;
7 7) МСАК ұйымдарын мейіргерлермен толықтыруға;
8 8) жылжымалы медициналық кешендердің жұмыс істеуіне;
9 9) наркологиялық диспансерлерде және оңалту орталықтарында, хоспистер мен мамандандырылған емдеу-профилактикалық кәсіпорындарында, санаторийлерде, мейіргерлік күтім ауруханаларында науқастарды емдеуге;
10 10) онкологиялық науқастарға медициналық көмек көрсетуге, оның ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған ұйыммен жасалған шарт бойынша қаржылық лизинг жағдайында сатып алынған медициналық техника үшін лизингілік төлемдерді өтеуге;
11
11) аудандық маңызы бар және ауылдың денсаулық сақтау субъектілерінің медициналық көмек көрсетуіне (жоғары мамандандырылған медициналық көмекті қоспағанда), оның ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған ұйыммен жасалған шарт бойынша қаржылық лизинг жағдайында сатып алынған медициналық техника үшін лизингілік төлемдерді өтеуге;
12 12) тіс-жақ аномалияларын жоюға арналған аппаратты пайдалана отырып, туа біткен жақ-бет мүшелерінің патологиясы бар балаларға ортодонттық көмек (ортодонттық пластинка) көрсетуге;
13 13) амбулаториялық-емханалық ұйымдарда онкологиялық, маммологиялық кабинеттер, онкологиялық диспансерлерде (бөлімшелерде) амбулаториялық химиотерапия кабинеттерін, консультациялық-диагностикалық емханаларда (орталықтарда), көп бейінді ауруханалардың бөлімшелерінде проктологиялық кабинет ашуға;
14 14) онкологиялық диспансерлерде әлеуметтік қызметкерлер мен психологтарды енгізуге;
15
15) вакциналар мен басқа да иммундық-биологиялық препараттарды, диабетке қарсы препараттарды; туберкулезге қарсы препараттарды; гематологиялық науқастарға арналған химиялық препараттарды, гемофилиямен ауыратын науқастарға қан ұйыту факторларын; жіті миокард инфаркты бар науқастар үшін тромболитикалық препараттарды; «В» және «С» вирустық гепатиттерімен ауыратын балаларды және ересектерді емдеуге арналған дәрілік құралдарды; АИТВ инфекциясын жұқтырғандарды емдеуге және байланыста болғаннан кейінгі профилактикасына арналған ретровирусқа қарсы препараттарды, миастениямен ауыратын науқастарды; реналдық анемиясы бар бүйрек функциясының созылмалы жетіспеушілігімен ауыратын науқастарды емдеуге арналған препараттарды; муковисцидозбен; мукополисахаридозбен; Гошеауруымен ауыратын балаларды емдеуге арналған препараттарды; ұмытшақ склерозы бар науқастарға арналған препараттарды, амбулаториялық деңгейде онкологиялық науқастарға дәрілік заттарды (таргенттік препараттар); аурулар (жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертензия, созылмалы жүрек жетіспеушілігі, аритмия, пневмония, өкпенің созылмалы обструктивтік ауруы, асқазан мен 12-ұлтабардың ойық жарасы) түрлері бойынша халықтың жекелеген санаттарына дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды 0,5-тен 1,0-ге дейінгі мөлшерде өтеу коэффициентіне жеткізуге пайдаланылады.
2 2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге республикалық бюджеттен берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану тәртібі
4
4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге: наркологиялық диспансерлерде және оңалту орталықтарында, хоспистер мен мамандандырылған емдеу-профилактикалық кәсіпорындарында, санаторийлерде, мейіргерлік күтім ауруханаларында науқастарды емдеуге стационарлық және стационарды алмастыратын көмекке; онкологиялық науқастарға медициналық көмек көрсетуге, аудандық маңызы бар және ауылдың денсаулық сақтау субъектілерінің халыққа медициналық көмек көрсетуіне (2012 жылғы желтоқсандағы шот-тізілімге енгізілмеген ТМККК шеңберінде медициналық көмек көрсету жағдайлары үшін және сапа мен көлемге бақылау жүргізілген жағдайлар үшін төлемді қоса алғанда); скринингілік зерттеулер жүргізуге: балалар мен ересектердің нысаналы топтарының арасында «В» және «С» гепатиттерін, жатыр мойнының обырын, колоректалды обырды, қуықасты безінің обырын, өңеш пен асқазан обырын, бауыр обырын; артериялық гипертензияны, жүректің ишемиялық ауруларын және қант диабетін анықтауға; саламатты өмір салтын насихаттауға; тіс-жақ аномалияларын жоюға арналған аппаратты пайдалана отырып, туа біткен жақ-бет мүшелерінің патологиясы бар балаларға ортодонттық көмек (ортодонттық пластинка) көрсетуге мемлекеттік қызметтер берушіні таңдау рәсімін жүзеге асырады.
5
5. Артериялық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруларына, қант диабеті бойынша скринингілік зерттеуді қоспағанда, скринингілік зерттеулер кезінде көрсетілетін медициналық қызметтер шығыс материалдарына шығындарды (тест-жүйелер, реагенттер, медициналық мақсаттағы бұйымдар және басқа да шығыс материалдары) және оларды өткізу кезінде қатысатын қызметкерлердің жалақысын қамтиды.
Бұл ретте скринингілік зерттеулер жүргізуге шығыс материалдарын сатып алуды облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары қамтамасыз етеді.
6
6. МСАК тарифіне қосымша компонент қаражаты есебінен көрсетілетін медициналық көмек пен көтермелеудің салалық жүйесінің көлеміне, сапасына байланысты медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеу тәртібін және МСАК тарифіне қосымша компонентті төлеуге денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) айқындайды.
7
7. МСАК тарифіне қосымша компонентінің қалыптастыру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 801 бұйрығымен бекіткен Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтер жасау мен шығындарды жоспарлау әдістеме шеңберінде айқындалады.
8 8. ТМККК шеңберінде онкологиялық науқастарға және аудандық маңызы бар және ауылдың денсаулық сақтау субъектілерімен халыққа медициналық көмек көрсеткені үшін ақы төлеу уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жасалады.
9 9. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету мен кеңейту бойынша шараларды іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі нысаналы ағымдағы трансферттердің тиімді қолданылуын үйлестіреді және мониторингін жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті онкологиялық диспансермен онкологиялық науқастарға және аудандық маңызы бар және ауылдың денсаулық сақтау субъектілерімен халыққа медициналық көмек көрсеткенге, (МСАК тарифіне ынталандыратын құрамдас бөлік) МСАК тарифіне қосымша компоненті төлеуге нысаналы ағымдағы трансфертті енгізу және орындау бойынша бақылауды, үйлестіруді және мониторингті жүзеге асырады.
10 10. 1-бөлімнің 3-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген скринингілік зерттеулерді жүргізу бойынша медициналық қызмет көрсетуге арналған реагенттерді, тест-жүйелерді, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен басқа да шығыс материалдарын сатып алуға біріздендірілген талаптарды уәкілетті орган бекітеді.
11 11. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету және кеңейту жөніндегі іс-шараларды іске асыру шеңберінде:
1 1) саламатты өмір салтын насихаттау бойынша іс-шаралар өткізуді;
2 2) АИТВ ахуалына эпидемиологиялық қадағалау жүргізуді;
3 3) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 785 қаулысымен;
4 4) 1-бөлімнің 3-тармағының 4-тармақшасында көрсетілген скринингілік зерттеулерді жүргізуді;
5 5) МСАК ұйымдары қызметінің түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізгені үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) айқындаған тәртіппен МСАК тарифіне қосымша компонента (МСАК тарифіне ынталандыратын құрамдас бөлік) төлеуді;
6 6) МСАК ұйымдарында әлеуметтік қызметкерлер мен психологтар институтын енгізуді;
7 7) МСАК ұйымдарын мейіргерлермен толықтыруды;
8 8) жылжымалы медициналық кешендердің жұмыс істеуін;
9 9) наркологиялық диспансерлерде, оңалту орталықтарында, хоспистер мен мамандандырылған емдеу-профилактикалық кәсіпорындарында, санаторийлерде, мейіргерлік күтім ауруханаларында науқастарды емдеуді;
10 10) онкологиялық науқастарға медициналық көмек көрсетуді және уәкілетті орган айқындаған тәртіппен еркін таңдау құқығын іске асыруды есепке ала отырып төлеуді;
11
11) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен аудандық маңызы бар және ауылдың денсаулық сақтау субъектілерінің медициналық қызмет көрсетуін, тікелей және түпкілікті көрсеткіштерге жеткені үшін денсаулық сақтау субъектілерінің арасында өзара есеп айырысуды және қызметкерлерді ынталандыруды ескере отырып төлеуді жүргізуді;
12 12) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қаржы лизингі жағдайында сатып алынған медициналық техника үшін лизингілік төлемдерге ақы төлеуді;
13 13) тіс-жақ аномалияларын жоюға арналған аппаратты пайдалана отырып, туа біткен жақ-бет мүшелерінің патологиясы бар балаларға ортодонттық көмек (ортодонттық пластинка) көрсетуді;
14
14) амбулаториялық-емханалық ұйымдарда онкологиялық, маммологиялық кабинеттер ашу кабинет ашу, онкологиялық диспансерлерде (бөлімшелерде) амбулаториялық химиотерапия кабинетін ашу, консультациялық-диагностикалық емханаларда (орталықтарда), көп бейінді аурухана бөлімшелерінде проктологиялық кабинет ашуды;
15 15) онкологиялық диспансерлерде әлеуметтік қызметкерлер мен психологтарды енгізуді қамтамасыз етеді.
3 3. Дәрілік заттарды, вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға республикалық бюджеттен берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану тәртібі
12
12. Қазақстан.Республикасының Үкіметі айқындайтын дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және олармен қамтамасыз ету жөніндегі бірыңғай дистрибьютор вакциналар мен басқа да медициналық Иммундық-биологиялық препараттарды, диабетке қарсы препараттарды; туберкулезге қарсы препараттарды; амбулаториялық деңгейде онкологиялық науқастар, онкогематологиялық науқастар үшін дәрілік заттарды (таргеттік препараттар); гемофилиямен ауыратын ересек науқастарға қан ұйыту факторларын; жіті миокард инфаркты бар науқастар үшін тромболитикалық препараттарды; «В» және «С» вирустық гепатиттерімен ауыратын балаларды, ересектерді емдеуге арналған препараттарды; АИТВ инфекциясын жұқтырғандарды емдеуге және байланыстан болғаннан кейінгі профилактикасына арналған ретровирусқа қарсы препараттарды, миастениямен ауыратын науқастарды; реналдық анемиясы бар бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігімен ауыратын науқастарды емдеуге арналған препараттарды; муковисцидозбен; мукополисахаридозбен; Гоше ауруымен ауыратын балаларды емдеуге арналған препараттарды; ұмытшақ склерозы бар науқастарға препараттарды сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып табылады.
13 13. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
1 1) амбулаториялық деңгейде дәрілік заттармен қамтамасыз етілетін науқастардың электрондық тіркелімін қалыптастыруды;
2 2) республикалық бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттердің есебінен сатып алынатын дәрілік заттардың пайдалануына мониторинг жүргізуді;
3
3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бекітілген дәрілік заттардың тізбесіне сәйкес жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертензия, созылмалы жүрек жетіспеушілігі, аритмия, пневмония, өкпенің созылмалы обструктивтік ауруы, асқазанның және ұлтабардың ойық жарасы аурулар түрлері бойынша азаматтардың жекелеген санаттары үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу үшін ағымдағы нысаналы трансферттердің есебінен республикалық бюджеттен бөлінетін қаражатқа тең көлемде жергілікті бюджеттен қаражаттың бөлінуін қамтамасыз етеді;
4 4) халыққа жұқпалы ауруларға қарсы вакцинацияны жүргізу.
4 4. Жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға республикалық бюджеттен берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану тәртібі
14
14. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер медициналық техника, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен мамандандырылған автокөлік сатып алуға пайдаланылады.
15
15. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарымен денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника стандарттарының шеңберінде жергілікті деңгейдегі медициналық ұйымдарға арналған медициналық техниканың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың, сондай-ақ мамандандырылған автокөліктің тізбесін келіседі.
16
16. Осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген медициналық техниканы, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды ұйымдастыруды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген заңды тұлға жүзеге асырады.
17 17. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға енгізілмеген медициналық техниканы сатып алуды облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары жүзеге асырады.
18
18. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің медициналық ұйымдарының арасында медициналық техниканы, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен мамандандырылған автокөлікті бөлуді нысаналы ағымдағы трансферттердің сомаларын пайдалану бағыттарына сәйкес облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары жүзеге асырады.
5 5. Жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстауға республикалық бюджеттен берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану тәртібі
19
19. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстауға берілетін нысаналы ағымдағы трансфертті аудару нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келiсiмнiң, мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісі болған кезде белгiленген тәртiппен бекiтiлген төлемдер бойынша тиiстi бюджеттiк бағдарламаны жеке қаржыландыру жоспарының негiзiнде жүзеге асырылады.
Күрделі сипаттағы шығыстарды қоспағанда, ағымдағы нысаналы трансферттер жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстауға байланысты ағымдағы шығыстарға пайдаланылады.
6 6. Нысаналы ағымдағы трансферттер бойынша үнемдеу қаражатын пайдалану, есептілік
20
20. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімнің, төлемдер бойынша тиісті бюджеттік бағдарламаны қаржыландырудың жеке жоспарының негізінде нысаналы ағымдағы трансферттерді аударуды жүргізеді.
21
21. Нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану кезінде үнемдеу пайда болған жағдайда облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің келісімімен үнемдеу сомасын Нысаналы ағымдағы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісіммен айқындалған нәтижелер көрсеткіштерін жақсарту үшін пайдалануға құқылы.
22
22. Қандай да бір облыс, Астана және Алматы қалалары бөлген қаражатты толық игермеген, оның ішінде облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу нәтижелері бойынша игермеген жағдайда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен өңірлер арасында нысаналы трансферттердің сомаларын қайта бөлу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізеді.
23
23. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жартыжылдықтың және бір жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне Нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімдерге сәйкес бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп береді.
24 24. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне есептілікті ұсынады.
1-1 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер шеңберінде 2013 жылы сатып алынатын медициналық техниканың тізбесі
Облыстық бюджеттердің, Астана және
Алматы қалалары бюджеттерінің
2013 жылға арналған республикалық
бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін
нысаналы ағымдағы трансферттерді
пайдалану қағидаларына
1-қосымша
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер шеңберінде 2013 жылы сатып алынатын медициналық техниканың тізбесі
Р/с
№
Атауы
1.
32 кесіндіден кем емес компьютерлік томограф
2.
Инсульт орталықтарына арналған 32 кесіндіден кем емес компьютерлік томограф
3.
Инсульт орталықтарына арналған 64 кесіндіден кем емес компьютерлік томограф
4.
Гепатоорталықтарға арналған бауырды фибросканерлеу аппараты
5.
Онкологиялық диспансерлерге арналған 64 кесіндіден кем емес компьютерлік томограф
6.
Онкологиялық диспансерлер үшін брахитерапия көздерін енгізуді бақылауға арналған С-ұстаушысы бар жылжымалы рентгенологиялық аппарат
7.
Онкологиялық диспансерлерге арналған контактілік-сәулелік терапияға арналған брахитерапия аппараты
8.
Онкологияға арналған онкологиялық диспансерлерге және виртуалды симуляция жүйесі және бағдарламалар пакеті бар 16 кесіндіден кем емес компьютерлік томограф
9.
Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 26.12.2013 № 1400 қаулысымен.
10.
Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.11.2013 № 1288 қаулысымен.
11.
Онкологиялық диспансерлерге арналған бейнеэндоскопиялық жүйе
12.
Қалалық және аудандық емханаларға арналған түсірілімдерді цифрлеуге арналған құрылғы
13.
Консультациялық-диагностикалық орталықтарға арналған колоноскопы бар эндобейнетіреуіш
14.
Консультациялық-диагностикалық орталықтарға арналған гастроскопы бар эндобейнетіреуіш
15.
Аудандық емханаларға арналған рентгендік стационарлық диагностикалық цифрлық кешен
16.
Аудандық емханалар үшін 2 жұмыс орнына арналған рентгендік диагностикалық цифрлық кешен
17.
Аудандық емханалар үшін УДЗ аппараты
18.
Аудандық емханалар үшін 3 жұмыс орнына арналған рентгендік диагностикалық цифрлық кешен
19.
Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 26.12.2013 № 1400 қаулысымен.
20.
Аудандық емханаларға арналған цифрлаушысы бар стационарлық цифрлы рентгендік маммографиялық кешен
21.
Жедел медициналық жәрдем қызметтеріне арналған реанимобиль
22.
Тораптық бригадаларға арналған жедел медициналық жәрдем қызметінің автокөлігі
23.
Керек-жарақтары бар навигациялық жүйе
1-2 Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің жергілікті деңгейде денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер сомаларын 2013 жылы пайдалану бағыттары
Облыстық бюджеттердің, Астана және
Алматы қалалары бюджеттерінің
2013 жылға арналған республикалық
бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін
нысаналы ағымдағы трансферттерді
пайдалану қағидаларына
2-қосымша
Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің жергілікті деңгейде денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер сомаларын 2013 жылы пайдалану бағыттары
мың теңге
Р/с
№
Өңірлердің атауы
МСАК ұйымдарын жарақтандыру
Жедел медициналық жәрдем қызметін жарақтандыру
Магнитті-резонансты, компьютерлік томографтармен жарақтандыру
Аудандық, қалалық және облыстық ауруханаларды жарақтандыру
Онкологиялық бағдарлама шеңберінде консультациялық диагностикалық орталықтарын жарақтандыру
Онкологиялық бағдарлама шеңберінде МСАК ұйымдарын жарақтандыру
Онкологиялық ұйымдарды жарақтандыру
Гепато-орталықтарды жарақтандыру
Барлығы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
1
Ақмола облысы
24 485
139 940
239 980
239 990
42 190
41 600
320 000
35 000
1 083 185
2
Ақтөбе облысы
173 500
139 940
-
239 990
43 077
31 199
10 980
35 000
673 686
3
Алматы облысы
-
637 200
239 980
479 980
86 118
31 199
-
35 000
1 509 477
4
Атырау облысы
67 306
139 940
-
-
26 000
10 399
9 970
35 000
288 615
5
Шығыс Қазақстан облысы
24 485
157 430
-
239 990
130 356
72 797
713 652
35 000
1 373 710
6
Жамбыл облысы
67 306
594 720
-
-
42 659
51 998
320 000
35 000
1 111 683
7
Батыс Қазақстан облысы
67 306
157 430
-
239 990
59 108
10 400
498
35 000
569 732
8
Қарағанды облысы
91 791
157 430
-
756 486
86 302
41 598
478 652
35 000
1 647 259
9
Қостанай облысы
24 485
139 939
-
239 990
71 909
51 998
-
35 000
563 321
10
Қызылорда облысы
-
552 240
-
239 980
43 023
51 997
498
35 000
922 738
11
Маңғыстау облысы
51 020
575 730
-
239 990
27 039
10 400
-
35 000
939 179
12
Павлодар облысы
31 050
139 940
-
239 990
75 058
41 598
42 849
35 000
605 485
13
Солтүстік Қазақстан облысы
48 970
157 430
239 980
-
40 049
31 199
320 000
35 000
872 628
14
Оңтүстік Қазақстан облысы
31 050
552 240
-
199 000
63 608
114 395
-
35 000
995 293
15
Алматы қаласы
-
594 720
-
479 980
113 384
51 998
28 621
35 000
1 303 703
16
Астана қаласы
-
297 370
-
-
76 648
10 400
82 614
35 000
502 032
ЖИЫНЫ
702 754
5 133 639
719 940
3 835 356
1 026 528
655 175
2 328 334
560 000
14 961 726