Құжат мәтініне өту

Об организации общественных работ на 2013 год

Қаулы · № 76 · қабылданған 18.02.2013
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2013-ekb-71337/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об организации общественных работ на 2013 год Қолданыста Қаулы ·№ 76 ·18.02.2013
01.01.2014 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации общественных работ на 2013 год

Қолданыста Қаулы ·№ 76 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации общественных работ на 2013 год
Атауы (қаз.)
2013 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
76
Қабылданған күні
18.02.2013
Көрсетілген редакция
01.01.2014 AI71337_2.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13UC002246
ЭКБ идентификаторы
71337
Редакция идентификаторы
AI71337_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:42

0 2013 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру ережесінің 8-тармағына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған 2013 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен нақты жағдайлары бекітілсін.

2 2. Қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтардың еңбекақысы айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының ең төменгі мөлшері көлемінде бекітілсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.Бектаевқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Кентау қаласы әкімдігінің

2013 жылғы 18 ақпандағы
№ 76 қаулысымен бекітілген
2013 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және олардың қаржыландырудың көздері

Жұмыс берушінің атауы
Қоғамдық жұмыстардың түрлері
Қоғамдық жұмыстардың көлемі
Қоғамдық жұмыстарға қатысушылар саны
Қаржыландыру көздері
1
Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Көгалдандыру, көркейту және санитарлық - тазалық жұмыстарын жүргізу, негізгі еңбек индикаторларын анықтау.
432000 м2
470
Жергілікті бюджет
2
Кентау қаласы әкімдігінің «Байылдыр ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Көгалдандыру, көркейту және санитарлық - тазалық жұмыстарын жүргізу, негізгі еңбек индикаторларын анықтау.
156000 м2
40
Жергілікті бюджет
3
Кентау қаласы әкімдігінің «Ащысай ауыл әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Әлеуметтік маңызы бар жұмыстарға көмектесу, көгалдандыру, ағаш отырғызу жұмыстары жүргізу, негізгі еңбек индикаторларын анықтау.
1128 м2
60
Жергілікті бюджет
4
Кентау қаласы әкімдігінің «Хантағы ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Жыл бойы әлеуметтік маңызы бар жұмыстарға көмектесу, көгалдандыру, көркейту және санитарлық – тазалық жұмыстарын жүргізу, негізгі еңбек индикаторларын анықтау.
541 м2
60
Жергілікті бюджет
5
Кентау қаласы әкімдігінің «Қарнақ ауыл әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Ауыл аумақтарын жинау, қоқыстарын тазалау. Ағаш отырғызу, оны күту, әктеу, негізгі еңбек индикаторларын анықтау.
162000 м2
60
Жергілікті бюджет
6
Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауда көмек көрсету.
6000 дана
25
Жергілікті бюджет
7
Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі Істер департаментінің «Кентау қаласының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Қоғамдық тәртіпті сақтауға, құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауда көмек көрсету, учаскелік полиция инспекторларының жұмыстарына, бұрын соттылығы бар және шартты түрде босатылған азаматтарға әлеуметтік карта түзуге көмек көрсету.
48000 сағат
50
Жергілікті бюджет
8
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық департаментінің «Кентау қаласы бойынша салық басқармасы» мемлекеттік мекемесі
Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауда көмек көрсету.
19200 сағат
20
Жергілікті бюджет
9
Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауда көмек көрсету.
1920 сағат
2
Жергілікті бюджет
10
Кентау қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Әлеуметтік маңызы бар жұмыстарды ұйымдастыруда жастармен жұмыс жүргізуге, қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыруға, халық арасында әлеуметтік сауалнама жүргізуде, құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауда көмек көрсету.
3840 сағат
8
Жергілікті бюджет
11
Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Әлеуметтік маңызы бар жұмыстарды, қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыруда жастармен жұмыс жүргізуге көмек көрсету.
3840 сағат
10
Жергілікті бюджет
12
Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауда көмек көрсету.
4800 сағат
10
Жергілікті бюджет
13
Кентау қаласы әкімдігінің «Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Көгалдандыру, көркейту және санитарлық - тазалық жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік маңызы бар жұмыстарды, қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыруда көмек көрсету.
2152,52 м2
25
Жергілікті бюджет
Барлығы:
900
Ескертпе: қоғамдық жұмыстардың нақты жағдайлары жұмыс берушімен және қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтың арасында жасалатын еңбек шартында көзделеді.

Қолданыстағы