Құжат мәтініне өту

О предоставлении в 2013 году мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты города Жезказгана

Өзге акт · № 12/102 · қабылданған 07.02.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2013-ekb-71377/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О предоставлении в 2013 году мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты города Жезказгана Күшін жойған Өзге акт ·№ 12/102 ·07.02.2013
09.07.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.07.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О предоставлении в 2013 году мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты города Жезказгана

Күшін жойған Өзге акт ·№ 12/102 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О предоставлении в 2013 году мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты города Жезказгана
Атауы (қаз.)
Жезқазған қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын 2013 жылы ұсыну туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
12/102
Қабылданған күні
07.02.2013
Көрсетілген редакция
09.07.2014 71377_168189.kaz
Соңғы өзгеріс
09.07.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13KB002205
ЭКБ идентификаторы
71377
Редакция идентификаторы
71377_168189
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:47

0 Жезқазған қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын 2013 жылы ұсыну туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7 бабы 3 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы N 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" қаулысымен бекітілген, Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережесінің 2 тармағына сәйкес, Жезқазған қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Жезқазған қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары 2013 жылы ұсынылсын.

2

2. Жезқазған қалалық мәслихатының "2012 жылға арналған ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы ұсыну туралы" 2012 жылғы 19 наурыздағы N 4/26 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8-2-152 нөмірімен тіркелген, 2012 жылдың 27 сәуіріндегі N 18 (7768) "Сарыарқа" газетінде және 2012 жылдың 27 сәуіріндегі N 17 (313) "Жезказганская правда" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсін.

4 4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы