Об определении целевых групп населения в 2013 году
Қолданыста
Қаулы
·№ 55
·
11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении целевых групп населения в 2013 году
- Атауы (қаз.)
- 2013 жылы халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 55
- Қабылданған күні
- 01.02.2013
- Көрсетілген редакция
- 01.02.2013 71392_213736.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.02.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13NR004054
- ЭКБ идентификаторы
- 71392
- Редакция идентификаторы
- 71392_213736
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:49
0 2013 жылы халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7-баптарына сәйкес, халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың мынадай тізімі анықталсын:
1 1) табысы аз адамдар;
2 2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
3 3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
4 4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
5 5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
6 6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
7 7) мүгедектер;
8 8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
9 9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
10 10) оралмандар;
11 11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
12 12) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
13 13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
14 14) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
15 15) уәкілетті органда жұмыссыз ретінде жұмыспен қамту мәселелері жөнінде тіркелген елу жастан асқан адамдар;
16 16) ұзақ уақыт (бір жыл және одан астам) жұмыс істемеген азаматтар;
17 17) техникалық және кәсіптік, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер.
2 2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Таран ауданы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі" ММ бастығы
__________________ Л. Өтешева