Құжат мәтініне өту

Об организации общественных работ на 2013 год

Қаулы · № 94 · қабылданған 26.02.2013
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2013-ekb-71530/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об организации общественных работ на 2013 год Қолданыста Қаулы ·№ 94 ·26.02.2013
01.01.2014 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации общественных работ на 2013 год

Қолданыста Қаулы ·№ 94 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации общественных работ на 2013 год
Атауы (қаз.)
2013 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
94
Қабылданған күні
26.02.2013
Көрсетілген редакция
01.01.2014 AI71530_2.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13UE002250
ЭКБ идентификаторы
71530
Редакция идентификаторы
AI71530_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:37

0 2013 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2013 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды жүргізетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және оларды қаржыландыру көздері қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. Қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтардың еңбекақысы айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының ең төменгі мөлшері көлемінде бекітілсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Айтбековке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 2013 жылға арналған ақылы қоғамдық жұмыстарды жүргізетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және оларды қаржыландыру көздері

Бәйдібек ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 26 ақпандағы
№ 94 қаулысымен бекітілген
2013 жылға арналған ақылы қоғамдық жұмыстарды жүргізетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және оларды қаржыландыру көздері
Р/с
Мекеменің атауы
Қоғамдық жұмыстарға қатысушылар саны
Қоғамдық жұмыстардың түрлері
Қаржыландыру көздері
Көлемі
1
Бәйдібек ауданы әкімдігінің ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемелері
42
Қоғамдық тәртіпті сақтауға көмектесу
Жергілікті бюджет
6 ай
2
Бәйдібек ауданы әкімдігінің ауылдық округі әкімінің аппараттары, «Бәйдібек ауданы әкімдігінің «Бәйдібек аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
100
Аймақты экологиялық сауықтыруға, көріктендіруге қатысу
Жергілікті бюджет
1 ай
3
Бәйдібек ауданы әкімдігінің ауыл округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемелері, «Бәйдібек аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
200
Аулаларды көгалдандыру, ағаш отырғызу
Жергілікті бюджет
15 күн
4
Бәйдібек ауданы әкімдігінің ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемелері
50
Әлеуметтік маңызы бар және басқа да жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу
Жергілікті бюджет
10 күн
5
«Бәйдібек ауданы әкімдігінің «Бәйдібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
8
Әлеуметтік маңызы бар және басқа да жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу
Жергілікті бюджет
11 күн
Барлығы
400
Ескертпе: қоғамдық жұмыстардың нақты жағдайлары жұмыс берушімен және қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтың арасында жасалатын еңбек шартында көзделеді.

Қолданыстағы