Об определении целевых групп населения и мер по их социальной защите от безработицы в 2013 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении целевых групп населения и мер по их социальной защите от безработицы в 2013 году
- Атауы (қаз.)
- Халықтың нысаналы топтарын анықтау және 2013 жылы оларды жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 270
- Қабылданған күні
- 25.02.2013
- Көрсетілген редакция
- 11.02.2014 71591_158755.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.02.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13VB002911
- ЭКБ идентификаторы
- 71591
- Редакция идентификаторы
- 71591_158755
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:38
0 Халықтың нысаналы топтарын анықтау және 2013 жылы оларды жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 5 бабына, 7 бабының 2) тармақшасына сәйкес, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ:
1 1. 2013 жылға Семей қаласы бойынша жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау бойынша халықтың келесі нысаналы топтары анықталсын:
1 1) табысы аз адамдар;
2 2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
3 3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
4 4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
5 5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдары бар азаматтар;
6 6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
7 7) мүгедектер;
8 8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
9 9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
10 10) оралмандар;
11 11) техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
12 12) жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші - жеке тұлға қызметінің тоқтауына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
13 13) есірткіге тәуелді және АҚТҚ-инфекциясын жұқтырған азаматтар;
14 14) 50 жастан асқан адамдар;
15 15) мектептер мен кәсіптік оқу орындарының түлектері;
16 16) бір де жұмыс істеушісі жоқ жанұялардың тұлғалары;
17 17) басым кәсіптер (мамандықтар) бойынша кәсіптік оқытуды аяқтаған Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының қатысушылары;
18 18) ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс істемейтін адамдар жатады;
19 19) қылмыстық–атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар.
2
2. «Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Семей қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды уақытша жұмыспен қамтуды және олардың жұмысқа орналасуына көмек көрсетуді қамтамасыз етсін.
3
3. «Халықтың нысаналы топтарын анықтау және 2012 жылы оларды жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2012 жылғы 11 наурыздағы № 5-2-157 тіркелген, «Семей таңы» газетінде 2012 жылғы наурыздағы № 21, «Вести Семей» газетінде 2012 жылғы 13 наурыздағы № 21 сандарында жарияланған) 2012 жылғы 24 ақпандағы № 187 қаулы, «Халықтың нысаналы топтарын анықтау және 2012 жылы оларды жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар туралы» қала әкімдігінің 2012 жылғы 24 ақпандағы № 187 қаулысына толықтыру енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 2681 тіркелген, «Семей таңы» газетінде 2012 жылғы 5 қазандағы № 80, «Вести Семей» газетінде 2012 жылғы 5 қазандағы № 80 сандарында жарияланған) 2012 жылғы 24 ақпандағы № 1094 қаулыларының күші жойылған деп танылсын.