Құжат мәтініне өту

Об организации оплачиваемых общественных работ на 2013 год

Қаулы · № 1435 · қабылданған 19.02.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 25.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2013-ekb-71761/on/2026-08-25/
Басып шығарылды 2026-08-25 · adilet.kz
Об организации оплачиваемых общественных работ на 2013 год Күшін жойған Қаулы ·№ 1435 ·19.02.2013
30.12.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
25.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации оплачиваемых общественных работ на 2013 год

Күшін жойған Қаулы ·№ 1435 · 25.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации оплачиваемых общественных работ на 2013 год
Атауы (қаз.)
2013 жылға ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1435
Қабылданған күні
19.02.2013
Көрсетілген редакция
30.12.2015 71761_39338.kaz
Соңғы өзгеріс
30.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13VK002916
ЭКБ идентификаторы
71761
Редакция идентификаторы
71761_39338
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:41

0 2013 жылға ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 13)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабының 5)-тармақшасына, 20-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» қаулысымен бекiтiлген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелерiнiң 6, 7, 8 тармақтары негiзiнде, Зайсан ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес қоғамдық жұмыстар жүргiзiлетiн ұйымдардың тiзбесi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемдерi, қаржыландыру көздерi және нақты шарттары бекiтiлсiн.

2 2. Қоғамдық жұмыстарда жұмыс iстейтiн жұмыссыздардың жалақысы жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Қазақстан Республикасының заңнамасымен 2013 жылға белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнде жасалсын.

3 3. «Зайсан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi (Л.Т. Дүйсенова) заңнамалық талаптарға сәйкес ауданның кәсiпорындары, мекемелерi және ұйымдарында ақылы қоғамдық жұмыстарды өткізуді қамтамасыз етсін.

4

4. Зайсан ауданы әкiмдiгiнiң 2012 жылғы 2 ақпандағы № 817 «2012 жылға ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» (нормативтiк құқықтық кесiмдердiң мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде № 5-11-149 2012 жылдың 24 ақпанында тiркелген, «Достық» газетiнiң 2012 жылғы 7 наурыздағы № 18 санында жарияланған) қаулысының күшi жойылды деп танылсын.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Зайсан ауданы әкiмiнiң орынбасары Д.И. Тожыбаевқа жүктелсін.

6 6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 2013 жылда қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізімі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі, қаржыландыру көздері және нақты жағдайлары

Зайсан ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 19 ақпандағы
№ 1435 қаулысына қосымша
2013 жылда қоғамдық жұмыстар жүргізілетін
ұйымдардың тізімі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі,
қаржыландыру көздері және нақты жағдайлары
Р/с
Кәсiпорындар
Қоғамдық жұмыс түрлерi
Атқарылатын жұмыс көлемi
Сұраныс (жарияланған қажеттілік)
Ұсыныс (бекітілген)
Қаржыландыру көзі
1
“Зайсан ауданы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі
Көгалдандыру, көркейту, тазалық жұмыстары
Көгалдандыру, тазалық жұмыстары - 200 метр
60
30
Зайсан ауданының бюджеті
2
“Зайсан қала әкiмi аппараты” мемлекеттік мекемесі
Суағарларды, көпірлерді жөндеу, тазалау, көшет отырғызу, көшелерді тазалау
3 үлкен, 9 кіші көпірлерді тазалау, 1500 метр, суағарларды тазалау, жөндеу 10000 метр, 2000 түп көшет отырғызу, суару
300
185
Зайсан ауданының бюджеті
3
«Зайсан аудандық мемлекеттік орталық зейнетақы төлеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық мекемесі (келісім бойынша)
Құжаттармен жұмыс істеуге көмектесу
Күніне 15-20 құжат
15
5
Зайсан ауданының бюджетті
4
“Зайсан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” мемлекеттік мекемесі
Құжаттармен жұмыс істеуге көмектесу
Жұмыссыздарды тіркеу, есептеу үшін көмектесу
15
10
Зайсан ауданының бюджеті
5
“Зайсан ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі” мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)
Тазалық, көгалдандыру, құжаттармен жұмыс істеуге көмектесу
Күніне 10-15 құжат, 300 шаршы метр ауланы тазалау
9
5
Зайсан ауданының бюджеті
6
“ШҚО Әділет департаменті Зайсан ауданының әділет басқармасы” (келісім бойынша)
Құжаттармен жұмыс істеуге көмектесу
Күніне 30-40 құжат
8
4
Зайсан ауданының бюджеті
7
“Зайсан ауданының прокуратурасы” мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)
Құжаттармен жұмыс істеуге көмектесу
Күніне 10-15 құжат, өтініштер тіркеу
12
6
Зайсан ауданының бюджеті
8
“ Х. Мүстафина атындағы орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Көгалдандыру, көркейту жұмыстары
50 дана көшет отырғызу, санитарлық-тазалық жұмыстары
30
25
9
“Қаратал ауылдық округ әкiмiнің аппараты” мемлекеттік мекемесі
Суағарларды, от жағу пештерін тазалау, көркейту,көгалдандыру жұмыстары
2 үлкен көпірді тазалау, 1500 метр суағарларды тазалау, жөндеу, 800 дана көшет егу, санитарлық-тазалық жұмыстары
100
25
Зайсан ауданының бюджеті
10
“Сартерек ауылдық округ әкiмiнің аппараты” мемлекеттік мекемесі
Көгалдандыру, тазалық, көркейту жұмыстары
3 үлкен көпірді тазалау, суағарларды жөндеу және тазалау, 700 түп көшет отырғызу, санитарлық-тазалық жұмыстары
30
20
Зайсан ауданының бюджеті
11
“Қарабұлақ ауылдық округ әкiмiнің аппараты” мемлекеттік мекемесі
Көгалдандыру, көркейту, тазалық жұмыстары
2 үлкен көпірді тазалау,. суағарларды тазалау 2500 метр, 600 дана көшет егу, санитарлық-тазалық жұмыстары
58
25
Зайсан ауданының бюджеті
12
“Бiржан ауылдық округ әкiмiнің аппараты” мемлекеттік мекемесі
Көгалдандыру, көркейту тазалық жұмыстары
2 үлкен көпірді тазалау, 2000 метр. суағарларды тазалау, жөндеу 500 дана көшет егу, санитарлық-тазалық жұмыстары
20
15
Зайсан ауданының бюджеті
13
“Шiлiктi ауылдық округ әкiмінің аппараты” мемлекеттік мекемесі
Көгалдандыру, көркейту тазалық жұмыстары
Суағарларды жөндеу, тазалау 2000 метр, 500 дана көшет егу, санитарлық-тазалық жұмыстары
30
20
Зайсан ауданының бюджеті
14
“Дайыр ауылдық округ әкiмінің аппараты” мемлекеттік мекемесі
Көгалдандыру, көркейту тазалық жұмыстары
3 үлкен көпірді тазалау, жөндеу, суағарларды тазалау 1500 метр, 600 дана көшет егу,  санитарлық-тазалық жұмыстары
28
20
Зайсан ауданының бюджеті
15
“Кеңсай ауылдық округ әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі
Көгалдандыру, көркейту тазалық жұмыстары
2 үлкен көпірді тазалау, жөндеу, суағарларды тазалау 1500 метр, 500 дана көшет егу,  санитарлық-тазалық жұмыстар
62
25
Зайсан ауданының бюджеті
16
“Айнабұлақ ауылдық округ әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі
Көркейту, көгалдандыру, тазалық жұмыстары, қар тазалау,
1 үлкен, 3 кіші көпірлерді тазалау, жөндеу, суағарларды тазалау 1500 метр, 600 дана көшет егу, санитарлық-тазалық жұмыстары
45
25
Зайсан ауданының бюджеті
17
“ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Зайсан аудандық аумақтық инспекциясы” мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)
Құжаттармен жұмыс істеуге көмектесу
Карантиндік объектілерге профилактикалық жұмыстар атқару
3
3
Зайсан ауданының бюджеті
18
“ШҚО статистика басқармасының Зайсан ауданының статистика бөлімі” мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)
Құжаттармен жұмыс істеуге көмектесу
Күніне 15-20 құжат
12
6
Зайсан ауданының бюджеті
19
“ШҚО Сот актілерін орындау Департаментінің Зайсан аумақтық бөлімі ” мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)
Құжаттармен жұмыс істеуге көмектесу
Күніне 10-15 құжат
3
3
Зайсан ауданының бюджеті
20
“Зайсан аудандық соты” мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)
Құжаттармен жұмыс істеуге көмектесу
Күніне 25-30 құжат
2
2
Зайсан ауданының бюджеті
21
«ШҚО бойынша салық Департаментінің Зайсан ауданы бойынша Салық басқармасы» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)
Құжаттармен жұмыс істеуге көмектесу
Базамен жұмыс істеу, түскен салықтарды есептеуге көмектесу
2
2
Зайсан ауданының бюджеті
БАРЛЫҒЫ
844
461
Қоғамдық жұмыстардың нақты шарты:
Жұмыс аптасының ұзақтығы 5 күндi құрайды, екi демалыс күнi берiледi, сегiз сағаттық жұмыс күнi, түскi үзiлiс 1 сағат, жұмыс жағдайларын қорытындылай келе, жұмыс уақытын ұйымдастырудың тиімді түрлері қолданылады. Қызметкерлердiң жекелеген санаттары үшiн (кәмелеттiк жасқа толмаған балалары бар әйелдер, көп балалы аналар, мүгедектер, он сегiз жасқа толмаған адамдар) қоғамдық жұмыстардың шарттары сай келген санаттың еңбек шарттарының ерекшелiктерiн ескере отырып белгiленедi және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерлер мен жұмыс берушiлер арасында жасалатын еңбек шарттарымен қарастырылады. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу жеке еңбек шартының негiзiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледi және орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделiлiгiне байланысты болады. Еңбектi қорғау және қауiпсiздiк техникасы бойынша нұсқаулық, арнайы киiммен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, зейнетақы және  әлеуметтiк аударымдар, уақытша жұмысқа жарамсыздығы бойынша әлеуметтiк жәрдемақы төлеу, денсаулыққа зиян келтiру немесе мертiктiру салдарынан келтiрiлген зияндардың орнын толтыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.

Қолданыстағы