О предоставлении мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в село Карабулак на 2013 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в село Карабулак на 2013 год
- Атауы (қаз.)
- Қарабұлақ селосына жұмыс iстеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2013 жылы әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 5С-13/3
- Қабылданған күні
- 28.02.2013
- Көрсетілген редакция
- 05.09.2013 71793_184615.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.09.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13BB003693
- ЭКБ идентификаторы
- 71793
- Редакция идентификаторы
- 71793_184615
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:34
0 Қарабұлақ селосына жұмыс iстеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2013 жылы әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңының 18 бабының 8 тармағына, "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерiн және ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына сәйкес Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШIМ ЕТТI:
1 1. Қарабұлақ селосына жұмыс iстеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2013 жылы әлеуметтік қолдау шараларының түрлері ұсынылсын:
1 1) жетпiс еселік айлық есептiк көрсеткiшке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2 2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бiр мың бес жүз еселiк айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомада бюджеттiк кредит.
2 2. Осы шешiм Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
КЕЛІСІЛДІ
Степногорск қаласының әкімі М.Тақамбаев