Құжат мәтініне өту

Об установлении квот на привлечение иностранной рабочей силы по приоритетному проекту "Реконструкция и модернизация Атырауского НПЗ" на 2013 год и утверждении условий выдачи разрешений на привлечение иностранной рабочей силы для реализации приоритетного проекта "Реконструкция и модернизация Атырауского НПЗ"

Қаулы · № 298 · қабылданған 29.03.2013
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2013-ekb-71812/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об установлении квот на привлечение иностранной рабочей силы по приоритетному проекту "Реконструкция и модернизация Атырауского НПЗ" на 2013 год и утверждении условий выдачи разрешений на привлечение иностранной рабочей силы для реализации приоритетного проекта "Реконструкция и модернизация Атырауского НПЗ" Қолданыста Қаулы ·№ 298 ·29.03.2013
12.03.2014 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.03.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квот на привлечение иностранной рабочей силы по приоритетному проекту "Реконструкция и модернизация Атырауского НПЗ" на 2013 год и утверждении условий выдачи разрешений на привлечение иностранной рабочей силы для реализации приоритетного проекта "Реконструкция и модернизация Атырауского НПЗ"

Қолданыста Қаулы ·№ 298 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квот на привлечение иностранной рабочей силы по приоритетному проекту "Реконструкция и модернизация Атырауского НПЗ" на 2013 год и утверждении условий выдачи разрешений на привлечение иностранной рабочей силы для реализации приоритетного проекта "Реконструкция и модернизация Атырауского НПЗ"
Атауы (қаз.)
"Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту" басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2013 жылға арналған квоталар белгілеу және "Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту" басым жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттарын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
298
Қабылданған күні
29.03.2013
Көрсетілген редакция
12.03.2014 AI71812_2.kaz
Соңғы өзгеріс
12.03.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1300000298
ЭКБ идентификаторы
71812
Редакция идентификаторы
AI71812_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:22

0 "Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту" басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2013 жылға арналған квоталар белгілеу және "Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту" басым жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттарын бекіту туралы

«Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2013 жылға арналған квоталар белгіленсін.

2 2. Қоса беріліп отырған «Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» басым жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат бері шарттары (өтініш беруші – «SINOPEC Engineering» қазақстандық филиалы) бекітілсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 «Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» басым жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары (өтініш беруші – «SINOPEC Engineering» қазақстандық филиалы)

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 29 наурыздағы
№ 298 қаулысымен
бекітілген
«Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» басым жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары (өтініш беруші – «SINOPEC Engineering» қазақстандық филиалы)

1 1. Аумағында басым жоба іске асырылатын әкімшілік-аумақтық бірліктің еңбек жөніндегі уәкілетті органына жұмыс беруші не ол уәкілеттік берген тұлға ұсынатын шетелдік жұмыс күшін тарту өтінішіне қоса берілетін құжаттар мыналарды қамтуы тиіс:

1

1) тегі, аты, әкесінің аты (оның ішінде латын әріптерімен), туған күні, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмірі, берілген күні және берген орган, тұрақты тұратын елі, шыққан елі, білімі, еңбек жөніндегі орталық атқарушы орган бекітетін Қазақстан Республикасында қолданылатын басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және 01-99 «Кәсіптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышына сәйкес мамандығының, біліктілігінің (лауазымының) атаулары көрсетіле отырып, тартылатын шетелдік қызметкерлер туралы мәліметтер;

2

2) Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың нотариалды расталған аудармалары (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылған болса, көшірмелері);

3

3) қызметкер бұрын жұмыс істеген жұмыс берушінің ресми бланкісінде қызметкердің еңбек қызметі туралы жазбаша растауы қоса берілген қызметкердің еңбек қызметі туралы ақпарат (тиісті кәсіп бойынша жұмыс өтілі жөнінде біліктілік талаптары болған кезде) немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар;

4 4) басым жобаны іске асыруға қатысқанын куәландыратын шарттан нотариалды расталған үзінді көшірме немесе салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылған көшірмесі (мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдар үшін).

2 2. Уәкілетті органның жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беруі мынадай арақатынастар сақталған кезде жүзеге асырылады:

1 1) «Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» жобасын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны бас мердігерлік және олардың қосалқы мердігерлік ұйымдарындағы бірінші санатқа жатқызылатын қызметкерлердің тізімдік санының 50 %-нан кем болмауы тиіс;

2 2) «Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» жобасын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны бас мердігерлік және олардың қосалқы мердігерлік ұйымдарындағы екінші санатқа жатқызылатын қызметкерлердің тізімдік санының 50 %-нан кем болмауы тиіс;

3 3) «Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» жобасын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны бас мердігерлік және олардың қосалқы мердігерлік ұйымдарындағы үшінші санатқа жатқызылатын қызметкерлердің тізімдік санының 70 %-нан кем болмауы тиіс;

4 4) «Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» жобасын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны бас мердігерлік және олардың қосалқы мердігерлік ұйымдарындағы төртінші санатқа жатқызылатын қызметкерлердің тізімдік санының 70 %-нан кем болмауы тиіс.

3 3. Шетелдік қызметкерлердің елге кіруі «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабында көзделген шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады.

4 4. Шетелдік жұмыс күшін тарту «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы сақталған жағдайда жүзеге асырылады.

5 5. Еңбек нарығында ұсыныстар болған жағдайда уәкілетті орган жұмыс беруші өкілінің қатысуымен бос лауазымға үміткер қазақстандық азаматтардың кандидатурасын қарайды. Кездесудің уақыты мен орнын уәкілетті орган белгілейді, бұл туралы жұмыс берушіге және тиісті үміткерге хабарланады.

6

6. Осы шарттарда реттелмеген шетелдік жұмыс күшін тартудың өзге де шарттары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысымен бекітілген Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарында регламенттеледі.

1 «Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2013 жылға арналған квоталар

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 29 наурыздағы
№ 298 қаулысына
қосымша
«Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2013 жылға арналған квоталар
Жо­ба­ның ата­уы
Өті­ніш бе­ру­ші
Іс­ке асы­ру ор­ны
Іс­ке асы­ру мер­зі­мі
Кво­та (адам)
бар­лы­ғы
оның ішін­де:
бі­рін­ші са­нат
екін­ші са­нат
үшін­ші са­нат
төр­тін­ші са­нат
1
2
3
4
5
6
7
8
9
«Аты­рау МӨЗ-ін ре­кон­струк­ци­я­лау және жаң­ғыр­ту»
«SINOPEC Engineering» қа­зақ­стан­дық фи­ли­а­лы
Аты­рау қ., Аты­рау
об­лы­сы
2009-2015 жж.
399
1
28
165
205

Қолданыстағы