О квотировании рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций по Щербактинскому району на 2013 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О квотировании рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций по Щербактинскому району на 2013 год
- Атауы (қаз.)
- Шарбақты ауданы бойынша 2013 жылы қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан тұлғаларға және интернат мекемелерінің кәмелетке толмаған түлектеріне жұмыс орындарын үлестіру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 82/2
- Қабылданған күні
- 06.03.2013
- Көрсетілген редакция
- 11.09.2013 71837_186130.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.09.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13PM003491
- ЭКБ идентификаторы
- 71837
- Редакция идентификаторы
- 71837_186130
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:31
0 Шарбақты ауданы бойынша 2013 жылы қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан тұлғаларға және интернат мекемелерінің кәмелетке толмаған түлектеріне жұмыс орындарын үлестіру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1–тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 21-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес тіркеуде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан тұлғаларға және интернат мекемелерінің кәмелетке толмаған түлектерін жұмыспен қамту және жұмысқа қабылдауға көмек көрсету мақсатында, Шарбақты ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, меншік құрылымына қарамастан, Шарбақты ауданының кәсіпорындарында, мекемелерінде және ұйымдарында жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыз көлемінде жұмыс орындарының үлесі белгіленсін (келісім бойынша).
2 2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан адамдарды жұмысқа орналастыру үшін меншік құрылымына қарамастан, Шарбақты ауданының кәсіпорындарында, мекемелерінде және ұйымдарында жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыз көлемінде жұмыс орындарының үлесі белгіленсін (келісім бойынша).
3
3. Тұлғаларды және интернат мекемелерінің кәмелет жасқа толмаған түлектерін жұмысқа орналастыру үшін, меншік құрылымына қарамастан, Шарбақты ауданының кәсіпорындарында, мекемелерінде және ұйымдарында жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыз көлемінде жұмыс орындары үлесі белгіленсін (келісім бойынша).
4
4. "Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін сондай-ақ, бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан тұлғаларға және интернат мекемелерінің кәмелетке толмаған түлектеріне жұмысқа орналасуға және жұмысты таңдауға көмек көрсетсін.