Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета 2013 года областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на материально-техническое оснащение государственных ветеринарных организаций

Қаулы · № 263 · қабылданған 19.03.2013
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2013-ekb-71850/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета 2013 года областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на материально-техническое оснащение государственных ветеринарных организаций Қолданыста Қаулы ·№ 263 ·19.03.2013
13.12.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.12.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета 2013 года областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на материально-техническое оснащение государственных ветеринарных организаций

Қолданыста Қаулы ·№ 263 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета 2013 года областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на материально-техническое оснащение государственных ветеринарных организаций
Атауы (қаз.)
Облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң 2013 жылғы республикалық бюджеттен мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларын бекiту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
263
Қабылданған күні
19.03.2013
Көрсетілген редакция
13.12.2013 AI71850_4.kaz
Соңғы өзгеріс
13.12.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1300000263
ЭКБ идентификаторы
71850
Редакция идентификаторы
AI71850_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:27

0 Облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң 2013 жылғы республикалық бюджеттен мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларын бекiту туралы

«2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2012 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және ауыл шаруашылығы жануарларын аса қауiптi инфекциялық және инвазиялық аурулардан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Қоса берiлiп отырған Облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң 2013 жылғы республикалық бюджеттен мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидалары бекiтiлсiн.

2 2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.

0 Облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң 2013 жылғы республикалық бюджеттен мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2013 жылғы 19 наурыздағы
№ 263 қаулысымен
бекiтiлген
Облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң 2013 жылғы республикалық бюджеттен мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң 2013 жылғы республикалық бюджеттен мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң 217 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер» республикалық бюджеттiк бағдарламасы бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін техника, жабдық және мүкәммал сатып алуға республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi (бұдан әрi – ағымдағы нысаналы трансферттер) пайдалану тәртiбiн айқындайды.

2 2. Ағымдағы нысаналы трансферттер жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға арналған.

2 2. Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану тәртiбi

3

3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлiк) республикалық бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi ретiнде төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi арасында қол қойылған нысаналы ағымдағы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келiсiм шеңберiнде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне нысаналы ағымдағы трансферттердi аударады.

4 4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарының ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын бөлiмшелерi функционалдық міндеттерді орындауға арналған техниканы, жабдықты және мүкәммалды мемлекеттiк сатып алудың ұйымдастырушы болып табылады.

5 5. Функционалдық міндеттерді орындауға арналған сатып алынатын техника, жабдықтар және мүкәммал осы Қағидалардың 1-қосымшасында көрсетілген талаптарға сәйкес келуі тиіс, ал пилоттық жоба аясында сатып алынатын инсинераторлар осы Қағидалардың 2-қосымшасында көрсетілген талаптарға сәйкес болуы қажет.

6

6. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері мемлекеттiк сатып алу қорытындылары бойынша функционалдық міндеттерді орындауға арналған техниканы, жабдықтарды және мүкәммалды жеткізушілермен (бұдан әрі – жеткізушілер) шарттар жасасады, оларда өзге талаптармен қоса, мынадай:

1 1) функционалдық міндеттерді орындауға арналған жеткiзiлетiн техниканың, жабдықтың және мүкәммалдың сапасына бақылау жүргiзудiң тәртiбi мен мерзiмдерi;

2 2) жеткiзiлетiн функционалдық міндеттерді орындауға арналған техниканың, жабдықтың және мүкәммалдың сапасына жеткiзушiлердiң жауапкершiлiгi;

3 3) функционалдық міндеттерді орындауға арналған сапасыз техниканы, жабдықты және мүкәммалды жеткiзушiлердi ауыстыру мерзiмдерi көзделуге тиiс.

7

7. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарында функционалдық міндеттерді орындауға арналған сатып алынатын техниканың, жабдықтардың және мүкәммалдың сандық-сапалық жай-күйін бағалау жөнiндегi кемiнде 3 (үш) адамнан тұратын комиссиялар (бұдан әрі – Комиссиялар) құрылады, оның құрамына Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң облыстағы (Астана, Алматы қаласындағы) аумақтық бөлімшесінің өкiлi енгiзiледі.

8 8. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарының ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын бөлiмшелерi Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

Комиссия функционалдық міндеттерді орындауға арналған жеткiзiлген техниканы, жабдықты және мүкәммалды бағалау қорытындысы бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша функционалдық міндеттерді орындауға арналған техниканы, жабдықты және мүкәммалды жеткізу актiсiн жасайды.

9

9. Функционалдық міндеттерді орындауға арналған техниканы, жабдықтар және мүкәммалды жеткізушілер облыстардың, Алматы және Астана қалаларының жергілікті атқарушы органдарына 2013 жылғы 15 желтоқсаннан кешіктірмей осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша функционалдық міндеттерді орындауға арналған техниканы, жабдықты және мүкәммалды жеткізу актілерін ұсынады.

10

10. Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарының ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын бөлімшелері функционалдық міндеттерді орындауға арналған техниканы, жабдықты және мүкәммалды жеткізу актілерінің келіп түсуіне қарай, бес жұмыс күні ішінде, бірақ 2013 жылғы 20 желтоқсаннан кешіктірмей, осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттарды тексереді, олар осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда төлем төлеуге жібереді.

11

11. Функционалдық міндеттерді орындауға арналған техниканы, жабдықты және мүкәммалды жеткізу актілері осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, облыстардың, Алматы және Астана қалаларының жергілікті атқарушы органдары олардың сәйкес келмеуі себептерін негіздей отырып, үш жұмыс күні ішінде тауарларды жеткізушілерге пысықтауға қайтарады.
Функционалдық міндеттерді орындауға арналған техниканы, жабдықты және мүкәммалды жеткізушілер үш жұмыс күні ішінде ескертпелерді ескере отырып, пысықталған функционалдық міндеттерді орындауға арналған техниканы, жабдықты және мүкәммалды жеткізу актілерін облыстардың, Алматы және Астана қалаларының жергілікті атқарушы органдарына ұсынады.

12

12. Тауарларды жеткізгені үшін қаржы қаражатын тиісті тауар жеткізушілердің банктегі шоттарына аударуды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық бөлімшесіне төлем шотының тізілімін және төлем шотын екі данада ұсыну арқылы, функционалдық міндеттерді орындауға арналған техниканы, жабдықты және мүкәммалды жеткізу актілері негізінде төлемдер бойынша қаржыландырудың жекелеген жоспарларына сәйкес облыстардың, Алматы және Астана қалаларының жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.

13

13. Облыстардың жергілікті атқарушы органдарының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері функционалдық міндеттерді орындауға арналған сатып алынған техниканы, жабдықты және мүкәммалды аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелеріне қабылдау-тапсыру актілері негізінде береді.
Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың), Алматы және Астана қалаларының жергілікті атқарушы органдарының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға функционалдық міндеттерді орындауға арналған техниканы, жабдықты және мүкәммалды қабылдау-тапсыру актілері негізінде береді.

14

14. Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының жергілікті атқарушы органдары республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер түскеннен кейін Министрлікке ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде, ал жылдың қорытындысы бойынша 2013 жылғы 25 желтоқсаннан кешіктірмей, ал оларды толық игермеген жағдайда – осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес себептерді көрсете отырып, ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану туралы есептерді ұсынады.

15

15. Қандай да бiр облыс, Астана, Алматы қалалары бөлiнген қаражатты толық игермеген жағдайда, Министрлiк заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне 2013 жылға арналған республикалық бюджетте бюджеттiк бағдарламаны iске асыруға көзделген қаражат шегiнде облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға арналған қаражатты қайта бөлу туралы ұсыныс енгiзедi.

16

16. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Министрлiкке жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 30 шiлдеден кешiктiрмей аралық есептi, ал жылдың қорытындысы бойынша келесi қаржы жылының 15 ақпанынан кешiктiрмей, ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келiсiмдерге сәйкес бөлiнген ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану есебiнен iс жүзiнде қол жеткiзiлген тiкелей және түпкiлiктi нәтижелер туралы қорытынды есептi ұсынады.

17 17. Министрлiк Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес нәтижелер туралы жасалған келiсiм негiзiнде төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне ағымдағы нысаналы трансферттердiң аударылмағаны үшiн жауапты болады.

18

18. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкiмдерi мен жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бiрiншi басшылары Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес ағымдағы нысаналы трансферттердiң, ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы жасалған келiсiмге сәйкес пайдаланылмағаны, тiкелей және түпкiлiктi нәтижелерге қол жеткiзiлмегенi, алынған ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану есебiнен қол жеткiзiлген тiкелей және түпкiлiктi нәтижелер туралы есептi бермегенi үшiн жауапты болады.

1 Сатып алынатын функционалдық міндеттерді орындауға арналған техникаға, жабдыққа және мүкәммалға қойылатын талаптар

Облыстық бюджеттердiң, Астана және
Алматы қалалары бюджеттерiнiң 2013 жылғы
республикалық бюджеттен мемлекеттік
ветеринариялық ұйымдарды материалдық-
техникалық жарақтандыруға берiлетiн
ағымдағы нысаналы трансферттердi
пайдалану қағидаларына
1-қосымша
Сатып алынатын функционалдық міндеттерді орындауға арналған техникаға, жабдыққа және мүкәммалға қойылатын талаптар
Р/с

Та­у­ар­дың ата­уы
Та­у­ар­дың си­патта­ма­сы (си­па­ты)
Аудан­дық ве­те­ри­на­ри­я­лық стан­ция
Ве­те­ри­на­ри­я­лық пункт
1
2
3
4
1. Жа­ну­ар­лар­дың аса қа­уіп­ті және эн­зоо­ти­я­лық ау­ру­ла­ры­на қар­сы ве­те­ри­на­ри­я­лық іс-ша­ра­лар жүр­гі­зу үшін
1.
Ве­те­ри­на­ри­я­лық іс-ша­ра­лар жүр­гі­зу үшін жа­ну­ар­лар­ды қоз­ғалт­пай ұстау құ­ры­л­ғы­сы
Жа­ну­ар­дың ба­сы мен де­не­сін қоз­ғалт­пай ұста­у­ға ар­нал­ған құ­ры­л­ғы­сы бар, сал­ма­ғы 1500 кг дей­ін­гі ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­рын қоз­ғалт­пай ұста­у­ға ар­нал­ған ал­ма­лы-сал­ма­лы дөң­ге­лек­те­рі және ав­то­мо­биль­ге тар­ту-тір­кеу бе­кіт­пе­сі бар жы­л­жы­ма­лы ста­нок.
Ма­те­ри­а­лы – бо­лат, ме­тал­дың қа­лыңды­ғы – 3 мм кем емес;
Бо­я­уы – кор­ро­зи­я­ға қар­сы бо­яу;
Ста­н­ок­тың сал­ма­ғы – 750 кг-нан кем емес.
Ве­те­ри­на­ри­я­лық іс-ша­ра­лар жүр­гі­зу үшін жа­ну­ар­лар­ды қоз­ғалт­пай ұстау құ­ры­л­ғы­сы
Жа­ну­ар­дың ба­сы мен де­не­сін қоз­ғалт­пай ұста­у­ға ар­нал­ған құ­ры­л­ғы­сы бар, сал­ма­ғы 750 кг дей­ін­гі ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­рын қоз­ғалт­пай ұстап тұ­ру­ға ар­нал­ған ста­нок.
Ма­те­ри­а­лы – бо­лат, ме­тал­дың қа­лыңды­ғы – 2 мм кем емес;
Бо­я­уы – кор­ро­зи­я­ға қар­сы бо­яу;
Ста­н­ок­тың сал­ма­ғы – 350 кг-нан кем емес.
2.
Жап­пай ек­пе жа­са­у­ға ар­нал­ған ап­па­рат (ме­тал­дан жа­сал­ған)
Шланг ұшы­на бе­кі­ті­л­ген иньек­ци­я­лық ине­ден, шланг­тен және ве­те­ри­на­ри­я­лық пре­па­ра­ты бар фла­кон­дар­ды бе­кі­ту­ге ар­нал­ған құ­ры­л­ғы­сы бар пи­сто­лет­тің өзі­нен тұ­ра­тын жар­ты­лай ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған пи­сто­лет.
3.
Ине­сіз инъ­ек­тор
1 рет­тік инъ­ек­ция до­за­сы 0,1 ден 0,2 мл дей­ін рет­те­ле­ді. Инъ­ек­ци­я­ның си­па­ты: те­рі ішіне.
Инъ­ек­тор­ды шан­шу: қол­мен, тұ­тқа­ның кө­ме­гі­мен.
4.
Тер­мо­че­мо­дан
Пре­па­рат­тар­сыз суық эле­мент­те­рі­нің ба­рын­ша көп жиын­тығ­ы­мен қор­ша­ған ор­та­ның +43±2 0С тем­пе­ра­ту­ра­сы ке­зін­де 0 0С тө­мен емес және +10 0С-тан жо­ға­ры емес іш­кі кө­лем тем­пе­ра­ту­ра­сы үшін бос тер­мо­кон­тей­нер­дің суық­пен әсер ету ұз­ақ­тығы (са­ғат): 72 кем емес;
Оқ­ша­у­лау қа­ба­ты­ның қа­лыңды­ғы (мм): 40 кем емес.
5.
Ку­ти­метр
Ме­талл.
6.
Ұн­тақ бе­ру құ­ры­л­ғы­сы (дә­рі-дәр­мек үшін)
Ме­талл.
7.
Бұ­қа­ға ар­нал­ған мұ­рын са­қи­на­сы
Ме­талл.
2. Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­ры­на бір­дей­лен­ді­ру жүр­гізу­ге ар­нал­ған
8.
Ас­пап­тар­ға, құ­рал-сай­ман­дар­ға және ат­ри­бут­тар­ға ар­нал­ған сө­мке
Бе­рік ма­те­ри­ал­дан дай­ын­дал­ған бо­луы ти­іс.
3. Жа­ну­ар­лар­ды қол­дан ұрық­тан­ды­ру бой­ын­ша қыз­мет­тер көр­се­ту­ге ар­нал­ған
9.
Ұрақ­тан­ды­ру­шы тех­ник­тің че­мо­да­ны (жи­нақ­тал­ған)
Ұрақ­тан­ды­ру­шы тех­ник­тің че­мо­да­ны ги­не­ко­ло­ги­я­лық ай­на­лар­мен, ұрық­тан­ды­ру­ға ар­нал­ған ка­те­тер­лер­мен және т.б. жиын­тық­та­ла­ды.
10.
Мик­ро­скоп
Мо­но­ку­ляр­лық.
11.
Дью­ар ыдысы
Кө­ле­мі 35 литр.
Дью­ар ыдысы
Кө­ле­мі 6 литр.
4. Жа­ну­ар­лар­дың аса қа­уіп­ті және эн­зоо­ти­я­лық ау­ру­ла­ры­на қар­сы ве­те­ри­на­ри­я­лық пре­па­рат­тар­ды та­сы­мал­дау (жет­кі­зу), сақ­тау, сон­дай-ақ ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­рын бір­дей­лен­ді­ру­ді жүр­гізу­ге ар­нал­ған ве­те­ри­на­ри­я­лық мақ­сат­та­ғы бұй­ым­дар (құ­рал­дар) мен ат­ри­бут­тар­ды та­сы­мал­дау (жет­кі­зу) жө­нін­де қыз­мет­тер көр­се­ту­ге ар­нал­ған
12.
Ве­те­ри­на­ри­я­лық пре­па­рат­тар­ға ар­нал­ған то­ңа­зыт­қыш
Ве­те­ри­на­ри­я­лық пре­па­рат­тар­ды сақ­та­у­ға ар­нал­ған екі ка­ме­ра­лы то­ңа­зыт­қыш (өңір­лік сер­ви­стік ор­та­лық­та­ры бар өн­ді­ру­ші­лер­ден са­тып алу қа­жет).
13.
Ме­тал­дан жа­сал­ған шкаф
Ме­тал­дан жа­сал­ған шкаф (екі есік­ті, га­ба­ри­ті ке­мін­де 181,3*38*45,7 см, құ­рал-сай­ман­дар мен ве­те­ри­на­ри­я­лық пре­па­рат­тар­ды сақ­та­у­ға ар­нал­ған).
14.
Хла­до­ген­ті бар 1 тер­мо­сый­ым­ды­лық
Мөл­ше­рі 100x100x200 см көп емес.
5. Ти­іс­ті әкім­ші­лік-аумақ­тық бір­лік­тер­дің жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры сал­ған мал қо­рым­да­рын (био­тер­ми­я­лық шұң­қыр­ды), мал со­я­тын алаң­дар­ды ұста­у­ға ар­нал­ған
15.
Ав­то­ма­ши­на, сый­ым­ды­лы­ғы 500-600 литр УАЗ 390945 шас­си­ін­де­гі дез­ин­фек­ци­я­лау қон­дыр­ғы­сы (ДҚ)
Ав­то­ма­ши­на, сый­ым­ды­лы­ғы
500-600 литр УАЗ 390945 шас­си­ін­де­гі дез­ин­фек­ци­я­лау қон­дыр­ғы­сы (ДҚ) мы­на­дай негіз­гі бө­лік­тер­ден тұ­руы ти­іс: ци­стер­на, дез­ин­фек­ци­я­лық сұй­ық­тық­тар­ға ар­нал­ған бак­тар, ке­рек-жа­р­ақ­қа ар­нал­ған жә­шік­тер, жұ­мыс ері­т­ін­ді­сін қы­зды­ру жүй­е­сі, қы­сым құ­бы­ры, қа­был­дау-та­ра­ту құ­бы­ры, ком­прес­сор­лық қон­дыр­ғы.
6. Қаң­ғы­бас ит­тер мен мысық­тар­ды аула­у­ға және жо­ю­ға ар­нал­ған
16.
Жа­байы ит­тер мен мысық­тар­ды бұ­ғау­лау құ­рал­да­ры
Жиын­тық лақ­тыр­ма­лы құ­ры­л­ғы­дан және тор­дан тұ­руы ти­іс.
7. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да тый­ым са­лын­ба­ған ве­те­ри­на­рия са­ла­сын­да­ғы қыз­мет­тің өзге де түр­ле­ріне ар­нал­ған
17.
Ве­те­ри­на­ри­я­лық хи­рур­ги­я­лық үл­кен жиын­тық
Ал­ғаш­қы хи­рур­ги­я­лық кө­мек көр­се­ту­ге ар­нал­ған бар­лық қа­жет­ті құ­рал­дар­мен то­лық жиын­тық­тал­ған (та­мыр­лар­ды қы­сып қо­ю­ға ар­нал­ған қы­сқыш, скаль­пель­дер, ине­лер, пин­цет­тер, пы­шақ­тар, ана­то­ми­я­лық ара­лар, қай­шы­лар және т.б.).
18.
Ана­то­ми­я­лық ве­те­ри­на­ри­я­лық үл­кен жиын­тық
Бре­зент­тен жа­сал­ған ве­те­ри­на­ри­я­лық сө­мке­де­гі жиын­тық­тал­ған ана­то­ми­я­лық жи­нақ – оған Д-64 қа­шау, үл­кен, кі­ші, көк­шан­дыр­ды, ше­мір­шек­ті, қа­быр­ға ке­су­ге ар­нал­ған ве­те­ри­на­ри­я­лық пы­шақ­тар (2 да­на­дан), қа­быр­ға ке­су­ге ар­нал­ған ве­те­ри­на­ри­я­лық қай­шы, корн­цанг, ұшы до­ғал тү­зу қай­шы­лар 140 (170) мм, ана­то­ми­я­лық пин­цет­тер 150 және 250 мм, көк­шан­дыр­ды ке­су­ге ар­нал­ған скаль­пель­дер (2 да­на), өт­кір ұшты скаль­пель­дер (2 да­на), ана­то­ми­я­лық ара­лар, кле­ен­ка­дан тігі­л­ген ал­жап­қыш).
19.
Ве­те­ри­на­ри­я­лық аку­шер­лік жи­нақ
Аку­шер­лік кө­мек көр­се­ту­ге ар­нал­ған бар­лық қа­жет­ті құ­рал­дар­мен то­лық жиын­тық­тал­ған (ги­не­ко­ло­ги­я­лық ай­на­лар, шприц­тер, қай­шы­лар, аку­шер­лік іл­мек­тер және т.б.).
20.
Био­ло­ги­я­лық ма­те­ри­ал­ға ар­нал­ған мұз­дат­қыш
Био­ло­ги­я­лық ма­те­ри­ал­дар­ды сақ­та­у­ға ар­нал­ған мұз­дат­қыш, жал­пы кө­ле­мі 210 л кем емес, мұз­дат­қыш ка­ме­ра кө­ле­мі 198 л кем емес, би­ік­ті­гі х ені х ұзынды­ғы га­ба­ри­ты 85х80х70 см (өңір­лік сер­ви­стік ор­та­лық­та­ры бар өн­ді­ру­ші­лер­ден са­тып алу қа­жет).
21.
Био­ло­ги­я­лық ма­те­ри­ал­дар­ды та­сы­мал­да­у­ға ар­нал­ған че­мо­дан
Тұт­қа­сы бар шта­тив­ке ар­нал­ған бүй­ір жи­егі бар био­ло­ги­я­лық ма­те­ри­ал­ды та­сы­мал­да­у­ға ар­нал­ған че­мо­дан, іш­кі кон­тей­нер: клип­сі бар пла­сти­ка­лық қап­шық, су­пераб­сор­мент бар па­ке­ті.
22.
Же­лін­нің ұшы­на ар­нал­ған ка­те­тер
Же­лін ау­ру­ла­рын ем­де­у­ге ар­нал­ған ме­тал­дан жа­сал­ған әр­түр­лі диа­метр­де­гі ка­те­тер.
23.
Ве­те­ри­на­ри­я­лық құ­рал-сай­ман­дар­ды және ма­те­ри­ал­дар­ды та­сы­мал­да­у­ға ар­нал­ған жә­шік
Пла­сти­ка­лық.
24.
Шприц
Шы­ны, 2 мл.
25.
Шприц
Шы­ны, 5 мл.
26.
Шприц
Шы­ны, 10 мл.
27.
Шприц
Шы­ны, 20 мл.
28.
Шприц
Шы­ны, 150 мл.
29.
Кет­гут
Сыр­ты жы­л­тыр эла­сти­ка­лық жіп, өзді­гі­нен сі­ңіп ке­те­тін хи­рур­ги­я­лық тігіс ма­те­ри­а­лы.
30.
Аку­шер­лік іл­гек
Ме­талл тү­тіктен және тү­тіктің бір ұшын­да іл­мек пай­да бо­ла­тын­дай оның са­ңы­ла­у­ы­на ен­гі­зі­л­ген жұм­сақ қос сым­нан тұ­ра­ды.
31.
Ірі мал­дар­ға ар­нал­ған ас­қа­зан зон­ды
Ре­зең­ке.
32.
Маг­нит­ті зонд
Маг­нит­ті зонд мы­на­дай негіз­гі бө­лік­тер­ден тұ­ра­ды:
- ре­зең­ке тү­тік тү­рін­де­гі зондпен шы­н­жыр ар­қы­лы жал­ғас­қан ұшта­ры­на ой­ма­сы бар шту­цер ор­на­ла­сты­ры­л­ған және бір-бі­рі­мен бе­рік шнур­мен жал­ғас­қан маг­нит­тік ба­сти­егі;
- зонд ен­гіз­гіш, ол ар­қы­лы ре­зең­ке тү­тік зонд өте­ді, оның бір ұшын­да қо­ныш, екін­ші ұшын­да шле­я­лы қап­сыр­ма бо­ла­ды.
33.
Фо­нен­до­скоп
Мы­на­лар­дан тұ­ра­ды:
- мем­бра­на­сы бар фо­нен­до­скоп­тың ба­сы;
- эла­сти­ка­лық оли­ва­ла­ры бар ұшы;
- Y-бей­не­лі ды­быс өт­кіз­гіш­тен.
34.
Тро­акар
Ме­талл.
35.
Ірі және ұсақ мал­дар­ға ар­нал­ған ауыз ашу құ­ра­лы
Ме­талл.
36.
Бикс
Бу сте­ри­ли­за­тор­ла­рын­да сте­риль­деу және пай­да­ла­ну ор­ны­на жет­кі­зу мақ­са­тын­да олар­да та­ңу ма­те­ри­ал­да­рын, хи­рур­ги­я­лық құ­рал­дар­ды және ве­те­ри­на­ри­я­лық мақ­сат­та­ғы бас­қа да заттар­ды ор­на­ла­сты­ру­ға, сон­дай-ақ 20 тәу­лік бойы сте­риль­ді сақ­та­у­ға ар­нал­ған филь­тр­ле­рі бар дөң­ге­лек кел­ген сте­риль­ді қо­рап­тар. Қо­рап­тың ме­талл бөл­шек­те­рі тот­тан­бай­тын бо­лат­тан жа­са­ла­ды.
37.
Сте­ри­ли­за­тор
Бу неме­се ауа сте­ри­ли­за­тор ве­те­ри­на­ри­я­лық мақ­сат­та­ғы бұй­ым­дар­ды сте­риль­де­у­ге ар­нал­ған.
38.
Сеп­кіш
Ре­зең­ке­ден жа­сал­ған.
39.
Сұй­ық дә­рі­лік заттар­ды ен­гізу­ге ар­нал­ған құ­ры­л­ғы
Құ­ры­л­ғы сұй­ық­қа ар­нал­ған сығ­ы­ла­тын эла­сти­ка­лық ыдыс­тан, ыдыс­ты жа­ну­ар­лар­мен жал­ғай­тын шы­ға­ру тү­тікше­сі­нен және ыдыс­ты сығ­у­ды қам­та­ма­сыз ете­тін қы­сым жүй­е­сі­нен тұ­ра­ды.
40.
Кеп­тел­ген қақ­па­ғы бар бан­ка
Шы­ны.
41.
Тұ­яқ пы­ша­ғы
Екі жақ­ты тү­зу.
42.
Тұ­яқ қы­сқы­шы
Ме­талл.
8. Функ­ци­о­нал­дық мін­дет­тер­ді орын­да­у­ға ар­нал­ған тех­ни­ка, жаб­дық­тар мен мүк­әм­мал
43.
Жү­ріп өту мүм­кін­ді­гі жо­ға­ры пи­кап тип­ті ар­найы ав­то­ма­ши­на (ар­найы жаб­дық­тар­мен жиын­тық­тал­ған: ас­па­лы гид­ро­пульт, ав­то­то­ңа­зыт­қыш, мал со­ю­ға және па­то­ло­ги­я­лық ма­те­ри­ал­дар­ды алу­ға ар­нал­ған құ­рал­дар­ға және дез­ин­фек­ци­я­лау затта­ры­на ар­нал­ған астау)
Жү­ріп өту мүм­кін­ді­гі жо­ға­ры ар­найы ав­то­ма­ши­на қоз­ғалт­қы­шы­ның кө­ле­мі - 2300 тек­ше сан­ти­метр­ден ар­тық емес, орын са­ны 5 кем емес, то­лық же­тек­ті жол тал­ға­май­тын кө­лік, ша­нақ­тың ти­пі пи­кап, 5 са­ты­лы ме­ха­ни­ка­лық бе­рі­ліс қо­ра­бы, га­ба­ри­ті­нің ұзынды­ғы – 4,9 м, ені – 1,9 м кем емес. Жүк бө­лі­гі­нің жүк кө­тер­гі­ші 750 кг кем емес, жүк бө­лі­гі­нің га­ба­ри­ті ұзынды­ғы/ені/те­рең­ді­гі (137см/169см/55см), жүк бө­лі­гі қор­ға­ныш жа­бынды­мен және руль­дің гид­ро­кү­шейт­кі­ші­мен жиын­тық­тал­ған (ар­найы жаб­дық­тар­мен жиын­тық­тал­ған: ыдыс кө­ле­мі 10 литр­ден кем емес ас­па­лы гид­ро­пульт, кө­ле­мі 29 литр­ден кем емес, сал­ма­ғы 25 кг га­ба­рит­ті (см) 50±5 х 30±5 х 30±5 кем емес, қу­ат­та­нуы 12/220В (12В адап­те­рі жиын­тық­та ор­на­лас­қан) ав­то­то­ңа­зыт­қыш, дез­ин­фек­ци­я­лық заттар­ға және ве­те­ри­на­ри­я­лық пре­па­рат­тар­ға ар­нал­ған кө­ле­мі 10 л кем емес жә­шік, Д-64 қа­ша­удан, үл­кен, кі­ші, көк­шан­дыр­ды, ше­мір­шек­ті, қа­быр­ға­ны ке­су­ге ар­нал­ған ве­те­ри­на­ри­я­лық пы­шақ­тар­дан (2 да­на­дан), қа­быр­ға ке­су­ге ар­нал­ған ве­те­ри­на­ри­я­лық қай­шы­дан, корн­цанг­тан, ұшы до­ғал тү­зу қай­шы­лар­дан 140 (170) мм, ана­то­ми­я­лық пин­цет­тер­ден 150 және 250 мм, көк­шан­дыр­ды ке­су­ге ар­нал­ған скаль­пель­дер­ден (2 да­на), өт­кір ұшты скаль­пель­дер­ден (2 да­на), ана­то­ми­я­лық ара­лар­дан, кле­ен­ка­дан тігі­л­ген ал­жап­қы­штан тұ­ра­тын бре­зент­тен жа­сал­ған ве­те­ри­на­ри­я­лық сө­мке­ге жиын­тық­тал­ған ана­то­ми­я­лық жиын­тық).
Жү­ріп өту мүм­кін­ді­гі жо­ға­ры ар­найы ав­то­ма­ши­на (ар­найы жаб­дық­тар­мен жиын­тық­тал­ған: ас­па­лы гид­ро­пульт, ав­то­то­ңа­зыт­қыш, мал со­ю­ға және па­то­ло­ги­я­лық ма­те­ри­ал­дар­ды алу­ға ар­нал­ған құ­рал­дар­ға және дез­ин­фек­ци­я­лау затта­ры­на ар­нал­ған астау)
Жү­ріп өту мүм­кін­ді­гі жо­ға­ры ар­найы ав­то­ма­ши­на қоз­ғалт­қы­шы­ның кө­ле­мі 1700 тек­ше сан­ти­метр­ден ар­тық емес, то­лық же­тек­ті жол тал­ға­май­тын кө­лік, орын са­ны 5 кем емес, ша­нақ­тың ти­пі уни­вер­сал, же­ңіл құй­ы­л­ған дис­кі­ле­рі және руль­дің гид­ро­кү­шейт­кі­ші бар (ар­найы жаб­дық­тар­мен жиын­тық­тал­ған: ыдыс кө­ле­мі 10 литр­ден кем емес ас­па­лы гид­ро­пульт, кө­ле­мі 29 литр­ден кем емес, сал­ма­ғы 25 кг га­ба­рит­ті (см) 50±5 х 30±5 х 30±5 кем емес, қу­ат­та­нуы 12/220В (12В адап­те­рі жиын­тық­та ор­на­лас­қан) ав­то­то­ңа­зыт­қыш, дез­ин­фек­ци­я­лық заттар­ға және ве­те­ри­на­ри­я­лық пре­па­рат­тар­ға ар­нал­ған кө­ле­мі 10 л кем емес жә­шік, Д-64 қа­ша­удан, үл­кен, кі­ші, көк­шан­дыр­ды, ше­мір­шек­ті, қа­быр­ға­ны ке­су­ге ар­нал­ған ве­те­ри­на­ри­я­лық пы­шақ­тар­дан (2 да­на­дан), қа­быр­ға ке­су­ге ар­нал­ған ве­те­ри­на­ри­я­лық қай­шы­дан, корн­цанг­тан, ұшы до­ғал тү­зу қай­шы­лар­дан 140 (170) мм, ана­то­ми­я­лық пин­цет­тер­ден 150 және 250 мм, көк­шан­дыр­ды ке­су­ге ар­нал­ған скаль­пель­дер­ден (2 да­на), өт­кір ұшты скаль­пель­дер­ден (2 да­на), ана­то­ми­я­лық ара­лар­дан, кле­ен­ка­дан тігі­л­ген ал­жап­қы­штан тұ­ра­тын бре­зент­тен жа­сал­ған ве­те­ри­на­ри­я­лық сө­мке­ге жиын­тық­тал­ған ана­то­ми­я­лық жиын­тық).
44.
Ұй­ым­да­сты­ру тех­ни­ка­сы
Ұй­ым­да­сты­ру тех­ни­ка­сы жүй­е­ліқ бл­ок­ты, мо­ни­тор­ды, кла­ви­а­ту­ра­ны, ком­пью­тер­лік тін­ту­ір­ді, опе­ра­ци­я­лық жүй­е­ні, Microsoft Office то­лық па­ке­тін қам­ти­тын бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету­ді, көп­функ­ци­о­нал­дық ла­зер­лік құ­ры­л­ғы­ны (кө­шір­ме, ска­нер, прин­тер), АРС тұ­рақ­тан­дыр­ғы­шын (үз­дік­сіз қо­рек­те­ну кө­зі) қам­ти­ды.
45.
Кең­се жи­һа­зы
Кең­се жи­һа­зы жа­зу үсте­лін, орын­дық­тар­ды, ки­ім­ге ар­нал­ған шкаф­ты, кі­тап шка­фын қам­ти­ды.
46.
Сейф
Сейф­тің сырт­қы га­ба­ри­ті 40х40х33,7 см ар­тық емес және сал­ма­ғы 20,2 кг көп емес.
47.
Электр ге­не­ра­то­ры
Бен­зин­дік қу­а­ты ке­мін­де 5 кВт электр ге­не­ра­то­ры (негіз­гі электр жүй­е­сі ава­ри­я­лық ажы­ра­ты­л­ған кез­де электр­ді ге­не­ра­ци­я­лау үшін), сал­ма­ғы 90 кг көп емес.

2 Сатып алынатын инсинераторларға қойылатын талаптар

Облыстық бюджеттердiң, Астана және
Алматы қалалары бюджеттерiнiң 2013 жылғы
республикалық бюджеттен мемлекеттік
ветеринариялық ұйымдарды материалдық-
техникалық жарақтандыруға берiлетiн
ағымдағы нысаналы трансферттердi
пайдалану қағидаларына
2-қосымша
Сатып алынатын инсинераторларға қойылатын талаптар
Р/с

Ин­си­не­ра­тор­дың ти­пі
Ин­си­не­ра­тор­дың си­патта­ма­сы (си­па­ты)
Об­лыс
1
2
3
4
Аудан­дық ве­те­ри­на­ри­я­лық стан­ци­я­лар үшін
1.
№ 1 тип­те­гі ста­ци­о­нар­лық ин­си­не­ра­тор
Ин­си­не­ра­тор ме­ди­ци­на­лық, био­ло­ги­я­лық және бас­қа да қал­дық­тар­дың түр­ле­рін жо­ға­ры тем­пе­ра­ту­ра­да жа­ғу әді­сі ар­қы­лы кә­де­ге жа­ра­ту­ға ар­нал­ған. Эко­ло­ги­я­лық қа­уіп­сіз­дік ин­си­не­ра­тор­лар­ды қал­дық­тар­ды жақ­қан­нан алын­ған тү­т­ін­дер қо­сым­ша то­лық жа­ғы­ла­тын, бас­қа­ру шка­фы және тем­пе­ра­ту­ра дат­чи­гі бар ав­то­ма­ти­ка жүй­е­сі­мен жаб­дық­тал­ған то­лық жа­ға­тын екін­ші ка­ме­ра­мен жа­рақ­тан­ды­ру ар­қы­лы қам­та­ма­сыз еті­ле­ді. Ин­си­не­ра­тор­дың жүк­те­ме кө­ле­мі 1000 кг дей­ін, жа­ғу жыл­дамды­ғы ке­мін­де 150 кг/сағ, ди­зель отын­ның шы­ғы­ны са­ға­ты­на 16-17 литр­ден көп бол­мауы ке­рек
Ақ­мо­ла
Ақ­тө­бе
Ал­ма­ты
Аты­рау
Шы­ғыс Қа­зақ­стан
Жам­был
Ба­тыс Қа­зақ­стан
Қа­ра­ған­ды
Қы­зы­лор­да
Қо­ста­най
Маң­ғы­стау
Пав­ло­дар
Сол­тү­стік Қа­зақ­стан
Оң­тү­стік Қа­зақ­стан
2.
№ 2 тип­те­гі ста­ци­о­нар­лық ин­си­не­ра­тор
Ин­си­не­ра­тор ме­ди­ци­на­лық, био­ло­ги­я­лық және бас­қа да қал­дық­тар­дың түр­ле­рін жо­ға­ры тем­пе­ра­ту­ра­да жа­ғу әді­сі ар­қы­лы кә­де­ге жа­ра­ту­ға ар­нал­ған. Эко­ло­ги­я­лық қа­уіп­сіз­дік ин­си­не­ра­тор­лар­ды қал­дық­тар­ды жақ­қан­нан алын­ған тү­т­ін­дер қо­сым­ша то­лық жа­ғы­ла­тын, бас­қа­ру шка­фы және тем­пе­ра­ту­ра дат­чи­гі бар ав­то­ма­ти­ка жүй­е­сі­мен жаб­дық­тал­ған то­лық жа­ға­тын екін­ші ка­ме­ра­мен жа­рақ­тан­ды­ру ар­қы­лы қам­та­ма­сыз еті­ле­ді, Ин­си­не­ра­тор­дың жүк­те­ме кө­ле­мі ке­мін­де 1000 кг дей­ін, жа­ғу жыл­дамды­ғы ке­мін­де 50-80 кг/сағ, ди­зель отын­ның шы­ғы­ны са­ға­ты­на 10 литр­ден көп бол­мауы ке­рек.
Жа­нар­ғы­ның қу­а­ты 160 кВт, КПД=97 % дей­ін рет­те­ле­ді. Ай­ны­ма­лы кер­не­уі 220 В дей­ін­гі же­лі­ге қо­сы­ла­ды. Га­ба­рит ұзынды­ғы х ені х би­ік­ті­гі (2100 х 1220 х 1560 көп емес)
Ақ­мо­ла
Ақ­тө­бе
Ал­ма­ты
Аты­рау
Шы­ғыс Қа­зақ­стан
Жам­был
Ба­тыс Қа­зақ­стан
Қа­ра­ған­ды
Қы­зы­лор­да
Қо­ста­най
Маң­ғы­стау
Пав­ло­дар
Сол­тү­стік Қа­зақ­стан
Оң­тү­стік Қа­зақ­стан
Ве­те­ри­на­ри­я­лық пункт­тер үшін
3.
№ 3 тип­те­гі ста­ци­о­нар­лық ин­си­не­ра­тор
Ин­си­не­ра­тор ме­ди­ци­на­лық, био­ло­ги­я­лық және бас­қа да қал­дық­тар­дың түр­ле­рін жо­ға­ры тем­пе­ра­ту­ра­да жа­ғу әді­сі ар­қы­лы кә­де­ге жа­ра­ту­ға ар­нал­ған. Эко­ло­ги­я­лық қа­уіп­сіз­дік ин­си­не­ра­тор­лар­ды қал­дық­тар­ды жақ­қан­нан алын­ған тү­т­ін­дер қо­сым­ша то­лық жа­ғы­ла­тын, бас­қа­ру шка­фы және тем­пе­ра­ту­ра дат­чи­гі бар ав­то­ма­ти­ка жүй­е­сі­мен жаб­дық­тал­ған то­лық жа­ға­тын екін­ші ка­ме­ра­мен жа­рақ­тан­ды­ру ар­қы­лы қам­та­ма­сыз еті­ле­ді. Ин­си­не­ра­тор­дың жүк­те­ме кө­ле­мі ке­мін­де 500 кг, жа­ғу жыл­дамды­ғы ке­мін­де 50 кг/сағ, ди­зель отын­ның шы­ғы­ны са­ға­ты­на 14 литр­ден көп бол­мауы ке­рек
Ақ­мо­ла
Ақ­тө­бе
Ал­ма­ты
Аты­рау
Шы­ғыс Қа­зақ­стан
Жам­был
Ба­тыс Қа­зақ­стан
Қа­ра­ған­ды
Қы­зы­лор­да
Қо­ста­най
Маң­ғы­стау
Пав­ло­дар
Сол­тү­стік Қа­зақ­стан
Оң­тү­стік Қа­зақ­стан
Аста­на
4.
№ 4 тип­те­гі ста­ци­о­нар­лық ин­си­не­ра­тор
Ин­си­не­ра­тор ме­ди­ци­на­лық, био­ло­ги­я­лық және бас­қа да қал­дық­тар­дың түр­ле­рін жо­ға­ры тем­пе­ра­ту­ра­да жа­ғу әді­сі ар­қы­лы кә­де­ге жа­ра­ту­ға ар­нал­ған. Эко­ло­ги­я­лық қа­уіп­сіз­дік ин­си­не­ра­тор­лар­ды қал­дық­тар­ды жақ­қан­нан алын­ған тү­т­ін­дер қо­сым­ша то­лық жа­ғы­ла­тын, бас­қа­ру шка­фы және тем­пе­ра­ту­ра дат­чи­гі бар ав­то­ма­ти­ка жүй­е­сі­мен жаб­дық­тал­ған то­лық жа­ға­тын екін­ші ка­ме­ра­мен жа­рақ­тан­ды­ру ар­қы­лы қам­та­ма­сыз еті­ле­ді, Ин­си­не­ра­тор­дың жүк­те­ме кө­ле­мі ке­мін­де 500 кг, жа­ғу жыл­дамды­ғы ке­мін­де 80 кг/сағ, ди­зель отын­ның шы­ғы­ны са­ға­ты­на 10 литр­ден көп бол­мауы ке­рек. Жа­нар­ғы­ның қу­а­ты 160 кВт, КПД=97 % дей­ін рет­те­ле­ді. Ай­ны­ма­лы кер­не­уі 220 В дей­ін­гі же­лі­ге қо­сы­ла­ды. Га­ба­ри­ті ұзынды­ғы х ені к би­ік­ті­гі (2100 х 1220 х 1560 көп емес)
Ақ­мо­ла
Ақ­тө­бе
Ал­ма­ты
Аты­рау
Шы­ғыс Қа­зақ­стан
Жам­был
Ба­тыс Қа­зақ­стан
Қа­ра­ған­ды
Қы­зы­лор­да
Қо­ста­най
Маң­ғы­стау
Пав­ло­дар
Сол­тү­стік Қа­зақ­стан
Оң­тү­стік Қа­зақ­стан
Ал­ма­ты
Аудан­дық ве­те­ри­на­ри­я­лық стан­ци­я­лар үшін
5.
№ 1 тип­те­гі жы­л­жы­ма­лы ин­си­не­ра­тор
Ин­си­не­ра­тор ме­ди­ци­на­лық, био­ло­ги­я­лық және бас­қа қал­дық­тар­дың түр­ле­рін жо­ға­ры тем­пе­ра­ту­ра­да жа­ғу әді­сі ар­қы­лы кә­де­ге жа­ра­ту­ға ар­нал­ған. Эко­ло­ги­я­лық қа­уіп­сіз­дік ин­си­не­ра­тор­лар­ды қал­дық­тар­ды жақ­қан­нан алын­ған тү­т­ін­дер қо­сым­ша то­лық жа­ғы­ла­тын, то­лық жа­ға­тын екін­ші ка­ме­ра­мен жа­рақ­тан­ды­ру ар­қы­лы қам­та­ма­сыз еті­ле­ді. Ин­си­не­ра­тор­дың жүк­те­ме кө­ле­мі ке­мін­де 500 кг, жа­ғу жыл­дамды­ғы ке­мін­де 50 кг/сағ, ди­зель отын­ның шы­ғы­ны са­ға­ты­на 14 литр­ден көп бол­мауы ке­рек
Ақ­мо­ла
Ақ­тө­бе
Ба­тыс Қа­зақ­стан
Қо­ста­най

3 «____________» бюджеттік бағдарламасы бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін техниканы, жабдықты және мүкәммалды жеткізу актiсi

Облыстық бюджеттердiң, Астана және
Алматы қалалары бюджеттерiнiң 2013 жылғы
республикалық бюджеттен мемлекеттік
ветеринариялық ұйымдарды материалдық-
техникалық жарақтандыруға берiлетiн
ағымдағы нысаналы трансферттердi
пайдалану қағидаларына
3-қосымша
«____________» бюджеттік бағдарламасы бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін техниканы, жабдықты және мүкәммалды жеткізу актiсi
______________________________ 20__ ж. «____» _________________
(облыс, аудан, елдi мекен)
Бұдан әрi «Тапсырыс берушi» деп аталатын ____________________________
(мекеме атауы)
атынан ________ негiзiнде әрекет ететiн _____________________________
(Т.А.Ә., атқаратын лауазымы)
бір тараптан және бұдан әрi «Жеткізуші» деп аталатын ________________
(жеткізушiнiң толық атауы)
___________________________________ атынан жарғы (сенiмхат) негiзiнде
әрекет ететiн __________________ екінші тараптан төмендегi туралы осы
(Т.А.Ә., атқаратын лауазымы)
актiнi жасады:
жеткізушi өзі және тапсырыс берушi арасында жасалған 20__ ж.
«___» _____________ № __________ шартқа сәйкес (20__ ж. _____________
кезеңі үшін*) жеткізуші мынадай сипаттама функционалдық міндеттерді
орындау үшін техниканы, жабдықты және мүкәммалды жеткізді:
Функ­ци­о­нал­дық мін­дет­тер­ді орын­да­у­ға ар­нал­ған тех­ни­ка­ның, жаб­дық­тың және мүк­әм­мал­дың то­лық ата­уы
Функ­ци­о­нал­дық мін­дет­тер­ді орын­да­у­ға ар­нал­ған тех­ни­ка­ның, жаб­дық­тың және мүк­әм­мал­дың қы­сқа­ша си­патта­ма­сы
Өл­шем бiр­лi­гi
Функ­ци­о­нал­дық мін­дет­тер­ді орын­да­у­ға ар­нал­ған жет­кі­зі­л­ген тех­ни­ка­ның, жаб­дық­тың және мүк­әм­мал­дың кө­ле­мi
Бiр­лiк ба­ға­сы (тең­ге)
Со­ма­сы (тең­ге)
Жеткізілген функционалдық міндеттерді орындауға арналған
техникаға, жабдыққа және мүкәммалға наразылық жоқ (наразылық болған
жағдайда, атап көрсету қажет) _______________________________________
Шарт сомасы _________________ теңгені (сомасы жазбаша) құрайды.
1. Жеткізілген тауарлардың жалпы құны __ теңге (сомасы жазбаша)
2. Аванс сомасы ________________________ теңге (сомасы жазбаша)
3. Бұрын актiленген сомалар ____________ теңге (сомасы жазбаша)
4. Төленуге тиіс _______________________ теңге (сомасы жазбаша)
ТАРАПТАРДЫҢ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРI:
Тапсырыс беруші: Жеткізуші:
____________________________ _____________________________
____________________________ _____________________________
____________________________ _____________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөртаңбасының (Т.А.Ә., қолы, мөртаңбасының
бедерi) бедерi)
Комиссия төрағасы: _______________ _____________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Комиссия мүшелерi: _______________ _____________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
_______________ _____________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
_______________ _____________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Ескертпе: * - біржолғы сипаттағы төлемдерді жүргізу жағдайында көрсетілмейді.

4 ________________ облысы (астана, республикалық маңызы бар қала) бойынша қаражатты пайдалану туралы ______________ айындағы есеп

Облыстық бюджеттердiң, Астана және
Алматы қалалары бюджеттерiнiң 2013 жылғы
республикалық бюджеттен мемлекеттік
ветеринариялық ұйымдарды материалдық-
техникалық жарақтандыруға берiлетiн
ағымдағы нысаналы трансферттердi
пайдалану қағидаларына
4-қосымша
________________ облысы (астана, республикалық маңызы бар қала) бойынша қаражатты пайдалану туралы ______________ айындағы есеп
Бағ­дар­ла­ма­ның ко­ды
Бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­ның ата­уы
_____ жы­л­ға ңақ­ты­лан­ған бюд­жет
_____ нақ­ты орын­дал­ға­ны
Жыл ая­ғы­на дей­ін иге­рі­луі ти­іс
Кү­ті­ле­тін иге­ру
Кү­ті­ле­тін иге­ріл­меу
_________ кү­ті­ле­тін орын­дал­мау се­беп­те­рі
1
2
3
4
5
6
7
8
Басшы _________________________
қолы
Бас бухгалтер _________________
қолы
М.О.

Қолданыстағы