Құжат мәтініне өту

Об определении целевых групп населения Курчумского района на 2013 год

Қаулы · № 2813 · қабылданған 07.03.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2013-ekb-71890/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об определении целевых групп населения Курчумского района на 2013 год Күшін жойған Қаулы ·№ 2813 ·07.03.2013
01.01.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении целевых групп населения Курчумского района на 2013 год

Күшін жойған Қаулы ·№ 2813 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении целевых групп населения Курчумского района на 2013 год
Атауы (қаз.)
2013 жылға Күршім ауданы халқының нысаналы топтарын анықтау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
2813
Қабылданған күні
07.03.2013
Көрсетілген редакция
01.01.2014 AI71890_2.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13VN002927
ЭКБ идентификаторы
71890
Редакция идентификаторы
AI71890_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:30

0 Ескерту. Қаулының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Күршім ауданының әкімі аппаратының 14.01.2014 № 01-05/4501 хаты).

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 13), 14) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабына, 7 бабының 2) тармақшасына сәйкес, еңбек нарығындағы жағдайды ескере отырып, жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру және жұмыспен қамтудың қосымша мемлекеттiк кепiлдiктерін қамтамасыз ету мақсатында, Күршім ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. 2013 жылға Күршім ауданы халқының келесі нысаналы топтары анықталсын:

1 1) табысы аз адамдар;

2 2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;

3 3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;

4 4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көпбалалы ата-аналар;

5 5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;

6 6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);

7 7) мүгедектер;

8 8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;

9 9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;

10 10) оралмандар;

11 11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;

12 12) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;

13 13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;

14 14) интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектері;

15 15) мектептердің, кәсіби оқу мекемелердің түлектері;

16 16) «Күршім ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар;

17 17) басымды мамандықтар (кәсіптер) бойынша кәсіптік оқуды аяқтаған Жұмыспен қамту – 2020 бағдарламасының қатысушылары;

18 18) отбасында бір де бір жұмыс істеушісі жоқ адамдар;

19 19) ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс істемейтін адамдар;

20 20) 50 жастан асқан әйелдер;

21 21) адамдардың иммун тапшылығы вирусын жұқтырғандар, есірткіге тәуелді адамдар.

2 2. «Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (С. Такенова) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарға жұмысқа орналасуда жәрдемдесуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М. Қалеловқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы