Құжат мәтініне өту

Об установлении перечня приоритетных культур и норм субсидий на 2013 год

Қаулы · № А-2/123 · қабылданған 26.03.2013
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2013-ekb-71901/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об установлении перечня приоритетных культур и норм субсидий на 2013 год Қолданыста Қаулы ·№ А-2/123 ·26.03.2013
28.08.2014 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении перечня приоритетных культур и норм субсидий на 2013 год

Қолданыста Қаулы ·№ А-2/123 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении перечня приоритетных культур и норм субсидий на 2013 год
Атауы (қаз.)
2013 жылға арналған басым дақылдардың тізбесін және субсидиялар нормаларын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
А-2/123
Қабылданған күні
26.03.2013
Көрсетілген редакция
28.08.2014 71901_170157.kaz
Соңғы өзгеріс
28.08.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13B0003699
ЭКБ идентификаторы
71901
Редакция идентификаторы
71901_170157
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:26

0 2013 жылға арналған басым дақылдардың тізбесін және субсидиялар нормаларын

белгілеу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына сәйкес облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2013 жылға арналған:

басым дақылдардың тізбесі 1-қосымшаға сәйкес;
көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Р.Қ. Әкімовке жүктелсін.

3 3. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков

4 Басым дақылдардың тізбесі

Ақмола облысы әкімдігінің
2013 жылғы 26 наурыздағы
№ А-2/123 қаулысына
1-қосымша
Басым дақылдардың тізбесі
рет №
Басым дақылдардың атауы
1
жаздық бидай
2
арпа
3
сұлы
4
қарақұмық
5
бұршақ дәнділер
6
майлылар
7
картоп
8
көкөніс-бақша
9
жемшөптік (бір жылдық шөптер, ағымдағы жылдың көп жылдық шөптер және шабындық жерге шөп егіп жаңарту үшін егілген, ағымдағы жылдың көп жылдық шөптер)
10
сүрлемге жүгері, күнбағыс
11
көкөніс-бақша дақылдары ашық топырақта, картоп өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін қолдана отырып өсірілген жағдайда
12
қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін көкөніс дақылдары

5 Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары

Ақмола облысы әкімдігінің
2013 жылғы 26 наурыздағы
№ А-2/123 қаулысына
2-қосымша
Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары
р/с №
Басым дақылдардың атауы
1 гектарға субсидиялар нормалары, теңге
1
дәнділер (бидай) базалық нормасы бойынша
200
2
дәнділер (арпа, сұлы) базалық норма бойынша
600
3
бұршақ дәнділер (қарақұмық, ноқат, бұршақ, жасымық) базалық норма бойынша
600
4
құрылымында ғылым ұсынған сүрі жер үлесімен және (немесе) нөлдік технологияны (no-till) қолданумен ауыспалы егістен тұратын, осы дақылдарды аймақтық ғылыми негізделген агротехнологияларды қолдана отырып өсірген кезде базалық нормаға қарсы жоғарылатылған бойынша дәнділер
650
5
майлылар
4000
6
жемшөптік (бір жылдық шөптер, ағымдағы жылдың көп жылдық шөптер және шабындық жерге шөп егіп жаңарту үшін егілген, ағымдағы жылдың көп жылдық шөптер)
4500
7
сүрлемге жүгері, күнбағыс
4500
8
картоп (өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін қоспағанда)
27000
9
көкөніс-бақша (қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін көкөніс дақылдарын қоспағанда)
30000
10
көкөніс-бақша дақылдары мен картоп ашық топырақта, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін қолдана отырып
75000
11
өнеркәсіптік түрінде қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін көкөніс дақылдары (2 дақыл айналымға)
2476911,3

Қолданыстағы