Құжат мәтініне өту

Об организации общественных работ в Федоровском районе в 2013 году

Қаулы · № 96 · қабылданған 27.03.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2013-ekb-71994/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об организации общественных работ в Федоровском районе в 2013 году Күшін жойған Қаулы ·№ 96 ·27.03.2013
28.05.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.05.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации общественных работ в Федоровском районе в 2013 году

Күшін жойған Қаулы ·№ 96 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации общественных работ в Федоровском районе в 2013 году
Атауы (қаз.)
2013 жылы Федоров ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
96
Қабылданған күні
27.03.2013
Көрсетілген редакция
28.05.2013 71994_215363.kaz
Соңғы өзгеріс
28.05.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13NT004089
ЭКБ идентификаторы
71994
Редакция идентификаторы
71994_215363
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:25

0 2013 жылы Федоров ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7–бабы 5) тармақшасына, 20–бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген, Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса берілген ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және нақты жағдайлары, қоғамдық жұмыстарға қатысатың жұмыссыздардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері бекітілсін.

2 2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу нақты орындалған жұмыстар үшін ең төменгі айлық жалақының 1,5 мөлшерінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізілсін.

3

3. Еңбекақы төлеуге, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген мөлшерде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдарды төлеу, қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға тиесілі жалақыны есептеу және төлеу бойынша екінші деңгейдегі банктердің қызметтеріне комиссиялық сыйақы төлеуге арналған шығындар жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтелетіні белгіленсін.

4 4. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру "Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі және тізбеде белгіленген ұйымдар арасында, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жасалған қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған шартта көрсетілген жағдайларда жүргізілсін.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Н.Қ.Өтегеновке жүктелсін.

6 6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық
сақтау басқармасы "Федоров аудандық
орталық ауруханасы" коммуналдық
мемлекеттік кәсіпорынның бас дәрігері
___________________________ Л. Финк
"Ақжан және біз" жауапкершілік
шектеулі серіктестік директоры
_________________ Р. Байменов
"Федоров аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтiк бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттiк мекемесінiң бастығы
______________________ Т. Волоткевич
"Федоров ауданының қаржы және
экономика бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_____________________ В. Гринак

7 Әкімдіктің

2013 жылғы 27 наурыз
№ 96 қаулысымен
бекітілген
Ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және нақты жағдайлары, қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері

Ұйымның
атауы
Жұмыс
түрлері
Жұмыс
көлемі
(сағат)
Еңбекақы
төлеу
Жұмыстардың
нақты
жағдайлары
1.
"Ақжан
және
біз"
жауапкершілігі шектеулі
серіктестігі
Қызметкердің
алдын ала
кәсіптік
даярлаудан
өтуін талап
етпейтін,
аумақты
жинауда,
елді мекендерді абаттандыруға
қатысу, әлеуметтік-мәдени мақсатындағы
объектілердің, тарихи-сәулеттік
ескерткіштердің,
кешендердің
ағымдағы
жөндеу
жұмысына
қатысу
39072
Ең төменгі
айлық
жалақының
1,5
Қоғамдық
жұмыстарға
бір қатысушының жұмыс
уақытының
ұзақтығы –
Қазақстан
Республикасының еңбек
заңнамасымен ескерілген шектеулерді
есепке
алып, аптасына 40
сағаттан
артық емес,
екі демалыс
күнімен,
бір сағаттан кем
емес түскі
үзіліспен
2.
Қостанай
облысы
әкімдігі
Денсаулық сақтау басқармасының "Федоров
аудандық
орталық
ауруханасы»"
коммуналдық
мемлекеттік
кәсіпорны
Қызметкердің
алдын ала
кәсіптік
даярлаудан
өтуін талап
етпейтін
жинауға
көмек көрсету ауруханалық кешеннің аумағын
абаттандыруға қатысу,
қоршауларын
сырлау, өндірістік
жайлардың,
сыртқы қабырғаларын
ақтау
2288
Ең төменгі
айлық
жалақының
1,5
Қоғамдық
жұмыстарға
бір қатысушының
жұмыс
уақытының
ұзақтығы –
Қазақстан
Республикасының еңбек
заңнамасымен ескерілген шектеулерді
есепке
алып, аптасына 40
сағаттан
артық емес,
екі демалыс
күнімен,
бір сағаттан кем
емес түскі
үзіліспен.

Қолданыстағы