Құжат мәтініне өту

Об установлении перечня приоритетных культур и норм субсидий на удешевление стоимости горюче-смазочных материалов и других товарно-материальных ценностей, необходимых для проведения весенне-полевых и уборочных работ на 2013 год

Қаулы · № 109 · қабылданған 29.03.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 25.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2013-ekb-71996/on/2026-08-25/
Басып шығарылды 2026-08-25 · adilet.kz
Об установлении перечня приоритетных культур и норм субсидий на удешевление стоимости горюче-смазочных материалов и других товарно-материальных ценностей, необходимых для проведения весенне-полевых и уборочных работ на 2013 год Күшін жойған Қаулы ·№ 109 ·29.03.2013
01.07.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
25.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении перечня приоритетных культур и норм субсидий на удешевление стоимости горюче-смазочных материалов и других товарно-материальных ценностей, необходимых для проведения весенне-полевых и уборочных работ на 2013 год

Күшін жойған Қаулы ·№ 109 · 25.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении перечня приоритетных культур и норм субсидий на удешевление стоимости горюче-смазочных материалов и других товарно-материальных ценностей, необходимых для проведения весенне-полевых и уборочных работ на 2013 год
Атауы (қаз.)
2013 жылға арналған басым дақылдарының тізбесін және көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға субсидиялар нормаларын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
109
Қабылданған күні
29.03.2013
Көрсетілген редакция
01.07.2015 AI71996_2.kaz
Соңғы өзгеріс
01.07.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13S0002234
ЭКБ идентификаторы
71996
Редакция идентификаторы
AI71996_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:23

0 2013 жылға арналған басым дақылдарының тізбесін және көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға субсидиялар нормаларын белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 1-тармағы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 8-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Белгіленсін:

1-ші қосымшаға сәйкес 2013 жылға арналған басым дақылдарының тізбесі;
2-ші қосымшаға сәйкес 2013 жылға арналған көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға субсидиялар нормалары.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мамытбеков

4 Облыс әкімдігінің 2013 жылғы

29 наурыз № 109 қаулысына
1-қосымша
2013 жылға арналған басым дақылдарының тізбесі
Басым дақылдарының атауы
Дәнді дақылдар:
Жаздық бидай
Күздік бидай
Күздік қарабидай
Арпа
Сұлы
Қарақұмық
Тары
Дәнді бұршақты дақылдар
Майлы дақылдар
Картоп
Ашық топырақтағы көкөніс және бақша өнімдері
Жабық топырақтағы көкөністер
Жемшөптік дақылдар:
бірінші, екінші және үшінші жылғы көпжылдық бұршақ шөптер
бірінші жылғы егілген басқа да көпжылдық шөптер
жүгері және сүрлемдік күнбағыс
біржылдық шөптер

5 Облыс әкімдігінің 2013 жылғы

29 наурыз № 109 қаулысына
2-қосымша
2013 жылға арналған көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын
жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да
тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын
арзандатуға субсидиялар нормалары
№ р/н
Басым дақылдарының атауы
1 гектарға арналған субсидиялар нормалары, теңге
1
Дәнді дақылдар және дәнді бұршақты дақылдар (субсидиялардың базалық нормасы)
450
2
Аймақтық ғылыми негізделген агротехнологияларды сақтай отырып өсірілген дәнді дақылдар
800
3
Майлы дақылдар
3900
4
Картоп
12 000
5
Ашық топырақтағы көкөністер мен бақша өнімдері
12 000
6
Өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйесін қолданып өсірілген көкөністер, бақша, картоп өнімдері
24 000
7
Қорғалған топырақтағы көкөністер
1 300 000
Жемшөптік дақылдар:
8
Бірінші, екінші және үшінші жылғы көпжылдық бұршақ шөптер
1100
9
Бірінші жылы егілген басқа да көпжылдық шөптер
1100
10
Жүгері мен сүрлемдік күнбағыс
1100
11
Біржылдық шөптер
1500

Қолданыстағы