Құжат мәтініне өту

О предоставлении мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Нуринского района в 2013 году

Өзге акт · № 166 · қабылданған 20.03.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2013-ekb-72042/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О предоставлении мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Нуринского района в 2013 году Күшін жойған Өзге акт ·№ 166 ·20.03.2013
27.03.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.03.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О предоставлении мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Нуринского района в 2013 году

Күшін жойған Өзге акт ·№ 166 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О предоставлении мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Нуринского района в 2013 году
Атауы (қаз.)
2013 жылға арналған Нұра ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
166
Қабылданған күні
20.03.2013
Көрсетілген редакция
27.03.2014 72042_207408.kaz
Соңғы өзгеріс
27.03.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13KN002307
ЭКБ идентификаторы
72042
Редакция идентификаторы
72042_207408
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:27

0 2013 жылға арналған Нұра ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7-бабының 3-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы N 183 қаулысына "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы", Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 маусымдағы N 869 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" қаулысымен енгізілген өзгерістеріне сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1.Нұра ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2013 жылға арналған аудан бюджетінде қарастырылған сома көлемінде келесі әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын:

1 1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;

2 2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау - бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.

2

2. Нұра аудандық мәслихатының 2012 жылғы 16 ақпандағы N 20 "2012 жылға арналған Нұра ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіліміне N 8-14-169 тіркелген, "Нұра" газетінің 2012 жылғы 7 сәуірдегі N 14 (5248) жарияланған), Нұра аудандық мәслихатының 2012 жылғы 4 қазандағы N 120 "Нұра аудандық мәслихатының 2012 жылғы 16 ақпандағы 2 сессиясының "2012 жылғы Нұра ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұру үшін келген мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін кредит түрiнде ұсыну туралы" N 20 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіліміне N 1959 тіркелген, "Нұра" газетінің 2012 жылғы 17 қарашадағы N 45 (5278) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Нұра ауданы экономика
және бюджеттік жоспарлау
бөлімінің бастығы
М.С. Мұхамеджанова
26 наурыз 2013 жыл

Қолданыстағы