Құжат мәтініне өту

Об определении целевых групп населения на 2013 год

Қаулы · № 52 · қабылданған 27.03.2013
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2013-ekb-72098/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об определении целевых групп населения на 2013 год Қолданыста Қаулы ·№ 52 ·27.03.2013
27.03.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.03.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении целевых групп населения на 2013 год

Қолданыста Қаулы ·№ 52 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении целевых групп населения на 2013 год
Атауы (қаз.)
2013 жылға арналған халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
52
Қабылданған күні
27.03.2013
Көрсетілген редакция
27.03.2013 72098_215338.kaz
Соңғы өзгеріс
27.03.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13NF004095
ЭКБ идентификаторы
72098
Редакция идентификаторы
72098_215338
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:25

0 2013 жылға арналған халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2013 жылға арналған халықтың нысаналы топтары болып мынадай санаттар анықталсын:

1 1) табысы аз адамдар;

2 2) жиырма бip жасқа дейiнгi жастар;

3 3) балалар үйлерiнiң тәрбиеленушiлерi, жетiм балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейiнгi балалар;

4 4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызiлiктi, көп балалы ата-аналар;

5 5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен асырауында тұрақты күтiмдi, көмектi немесе қадағалауды қажет етедi деп танылған адамдар бар азаматтар;

6 6) зейнеткерлiк жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлiкке шығуға екi жыл қалған);

7 7) мүгедектер;

8 8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi қатарынан босаған адамдар;

9 9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;

10 10) оралмандар;

11 11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарын бiтiрушiлер;

12 12) жұмыс берушi - заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс берушi - жеке тұлғаның қызметiн тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;

13 13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;

14 14) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;

15 15) "Аманкелді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде лайықты жұмысы жоқ жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.У. Хайруллинге жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
"Аманкелді ауданының
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_________ М. Тобағабулов

Қолданыстағы