Құжат мәтініне өту

Об установлении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и норм субсидий на 2013 год

Қаулы · № 153 · қабылданған 15.04.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2013-ekb-72302/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об установлении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и норм субсидий на 2013 год Күшін жойған Қаулы ·№ 153 ·15.04.2013
28.11.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.11.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и норм субсидий на 2013 год

Күшін жойған Қаулы ·№ 153 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и норм субсидий на 2013 год
Атауы (қаз.)
2013 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялардың нормаларын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
153
Қабылданған күні
15.04.2013
Көрсетілген редакция
28.11.2013 72302_186964.kaz
Соңғы өзгеріс
28.11.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13N0004112
ЭКБ идентификаторы
72302
Редакция идентификаторы
72302_186964
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:16

0 2013 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялардың нормаларын белгілеу туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 8-тармағына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қосымшаға сәйкес 2013 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі және көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидиялардың нормалары белгіленсін.

2 2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығының министрі
_________ А. Мамытбеков
Қостанай облысы әкімдігінің
ауыл шаруашылығы
басқармасы ММ бастығы
_________ Қ. Ғабдулин

3 Әкімдіктің

2013 жылғы 15 сәуірдегі
№ 153 қаулысына
қосымша
2013 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі және көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидиялардың нормалары

Басым ауыл
шаруашылығы
дақылдарының тізбесі
1 гектарға арналған көктемгі
егіс және егін жинау жұмыстарын
жүргізуге қажетті жанар-жағар
май материалдары мен басқа да
тауарлық-материалдық
құндылықтардың құнын
арзандатуға арналған
субсидиялардың нормалары, теңге
1
Жазғы бидай
Күздік бидай
Күздік қара бидай
350 (базалық норма бойынша)
800 (көтеріңкі норма бойынша)
2
Сұлы
Арпа
Тары
Қарақұмық
400 (базалық норма бойынша)
800 (көтеріңкі норма бойынша)
3
Бұршақтұқымдас
дақылдар
400 (базалық норма бойынша)
4
Майлы дақылдар
3800 (базалық норма бойынша)
5
Картоп
30000 (базалық норма бойынша)
50000 (көтеріңкі норма бойынша)
6
Көкөнiстер
35000 (базалық норма бойынша)
60000 (көтеріңкі норма бойынша)
1500000 (барлық түрдегі
жылыжайларда топырақтың
қорғалған жағдайларында,
2 дақыл айналымы)
7
Бақша дақылдары
30000 (базалық норма бойынша)
8
Жемшөптік дақылдар,
оның ішінде бірінші,
екінші және үшінші
өсу жылдарындағы
бұршақ тұқымдас
көпжылдық шөптер
1000 (базалық норма бойынша)
9
Шабындық жерлерді
шалғындандыру үшін
егілген көпжылдық
шөптер
1000 (базалық норма бойынша)
10
Сүрлемдік жүгері мен
күнбағыс
1000 (базалық норма бойынша)

Қолданыстағы