Об определении сроков предоставления заявок на включение в список получателей субсидий и оптимальных сроков сева по каждому виду субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур по городу Степногорску на 2013 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении сроков предоставления заявок на включение в список получателей субсидий и оптимальных сроков сева по каждому виду субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур по городу Степногорску на 2013 год
- Атауы (қаз.)
- Степногорск қаласы бойынша 2013 жылға арналған субсидия алушылардың тiзiмiне қосуға өтiнiмдердің ұсыну мерзiмдерін және субсидияланатын ауыл шаруашылығы басым дақылдарының әрбір түрі бойынша егіс жүргізудің оңтайлы мерзiмдерiн анықтау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- А-4/164
- Қабылданған күні
- 18.04.2013
- Көрсетілген редакция
- 05.11.2014 72372_184497.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.11.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13BB003713
- ЭКБ идентификаторы
- 72372
- Редакция идентификаторы
- 72372_184497
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:15
0 Степногорск қаласы бойынша 2013 жылға арналған субсидия алушылардың тiзiмiне қосуға өтiнiмдердің ұсыну мерзiмдерін және субсидияланатын ауыл шаруашылығы басым дақылдарының әрбір түрі бойынша егіс жүргізудің оңтайлы мерзiмдерiн анықтау туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекiтiлген, Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау қағидасына сәйкес, "А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндiрiстiк орталығы" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң 2013 жылғы 13 наурыздағы № 177 қорытындысы негiзiнде Степногорск қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қосымшаға сәйкес Степногорск қаласы бойынша 2013 жылға арналған субсидия алушылардың тiзiмiне қосуға өтiнiмдердің ұсыну мерзiмдері және субсидияланатын ауыл шаруашылығы басым дақылдарының әрбір түрі бойынша егіс жүргізудің оңтайлы мерзiмдерi анықталсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкiмiнiң орынбасары Ә.Қ.Күмпекеевке жүктелсiн.
3 3. Қала әкiмдiгiнiң осы қаулысы Ақмола облысының Әдiлет департаментінде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
4 Степногорск қаласы әкімдігінің
2013 жылғы 18 сәуірдегі
№ А-4/164 қаулысына
қосымша
Степногорск қаласы бойынша 2013 жылға арналған субсидия алушылардың тiзiмiне қосуға өтiнiмдердің ұсыну мерзiмдері және субсидияланатын ауыл шаруашылығы басым дақылдарының әрбiр түрi бойынша егіс жүргізудің оңтайлы мерзiмдерi
№ р/р
Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлерi
Оңтайлы себу мерзiмдерi
Субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімдер тапсыру мерзімі
1
орташа кеш жаздық бидай
15-нен 23 мамырға дейiн
24 мамырға дейiн
2
орташа піскен жаздық бидай
18-нен 26 мамырға дейін
27 мамырға дейін
3
орташа ертерек жаздық бидай
21-нен 30 мамырға дейiн
31 мамырға дейiн
4
жаздық арпа
29 мамырдан 4 маусымға дейiн
5 маусымға дейiн
5
сұлы
27-нен 30 мамырға дейiн
31 мамырға дейiн
6
картоп
10-нан 25 мамырға дейiн
27 мамырға дейiн
7
көкөніс-бақша дақылдары ашық топырақта
12 мамырдан 14 маусымға дейiн
17 маусымға дейiн
8
бір жылдық шөптер
17-нен 25 мамырға дейін
27 мамырға дейін
9
көп жылдық шөптер (ерте көктемгі егістік)
30 сәуірге дейін
2 мамырға дейiн
10
көп жылдық шөптер (көктемгі егістік)
1-нен 12 мамырға дейін
13 мамырға дейiн