Об определении сроков предоставления заявок на включение в список получателей субсидий и оптимальных сроков сева по каждому виду субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур по Жаркаинскому району на 2013 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении сроков предоставления заявок на включение в список получателей субсидий и оптимальных сроков сева по каждому виду субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур по Жаркаинскому району на 2013 год
- Атауы (қаз.)
- Жарқайың ауданы бойынша 2013 жылға арналған субсидияларды алушылардың тізіміне қосуға өтінімдердің ұсыну мерзімдерін және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- А-4/149
- Қабылданған күні
- 17.04.2013
- Көрсетілген редакция
- 04.02.2014 72375_187493.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.02.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13BL003716
- ЭКБ идентификаторы
- 72375
- Редакция идентификаторы
- 72375_187493
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:15
0 Жарқайың ауданы бойынша 2013 жылға арналған субсидияларды алушылардың тізіміне қосуға өтінімдердің ұсыну мерзімдерін және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасына сәйкес, "А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2013 жылғы 5 ақпандағы ұсынысы негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Жарқайың ауданы бойынша 2013 жылға арналған субсидияларды алушылардың тізіміне қосуға өтінімдердің ұсыну мерзімдері және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.Ә.Шәкіровке жүктелсін.
3 3. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4 Жарқайың ауданы бойынша 2013 жылға арналған субсидияларды алушылардың тізіміне қосуға өтінімдердің ұсыну мерзімдері және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері
Жарқайың ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 17 сәуірдегі
№ А-4/149 қаулысына
қосымша
Жарқайың ауданы бойынша 2013 жылға арналған субсидияларды алушылардың тізіміне қосуға өтінімдердің ұсыну мерзімдері және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері
№
Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы
Ауыл шаруашылық дақылдарының егіс жүргізудің оңтайлы себу мерзімдері
Субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімдердің ұсыну мерзімдері
1.
Орташа кеш пісетін жаздық бидай
12 мамырдан 28 мамырға дейін
29 мамырға дейін
2.
Орташа пісетін жаздық бидай
14 мамырдан 1 маусымға дейін
2 маусымға дейін
3.
Орташа ерте пісетін жаздық бидай
18 мамырдан 4 маусымға дейін
5 маусымға дейін
4.
Жаздық арпа, сұлы
27 мамырдан 5 маусымға дейін
6 маусымға дейін
5.
Бұршақ
18 мамырдан 31 мамырға дейін
1 маусымға дейін
6.
Ноқат
7 мамырдан 20 мамырға дейін
21 мамырға дейін
7.
Күнбағыс май тұқымына
7 мамырдан 20 мамырға дейін
21 мамырға дейін
8.
Зығыр
15 мамырдан 31 мамырға дейін
1 маусымға дейін
9.
Көпжылдық дәнді мен бұршақ шөптердің көктемгі егісі
7 мамырдан 15 мамырға дейін
16 мамырға дейін
10.
Сүрлемге жүгері
20 мамырдан 25 мамырға дейін
26 мамырға дейін
11.
Судан шөбі
20 мамырдан 30 мамырға дейін
31 мамырға дейін