Об определении сроков предоставления заявок на включение в список получателей субсидий и оптимальных сроков сева по каждому виду субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур по Аккольскому району на 2013 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении сроков предоставления заявок на включение в список получателей субсидий и оптимальных сроков сева по каждому виду субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур по Аккольскому району на 2013 год
- Атауы (қаз.)
- Ақкөл ауданы бойынша 2013 жылы субсидияларды алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдерін және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- А-4/156
- Қабылданған күні
- 17.04.2013
- Көрсетілген редакция
- 21.02.2014 72376_184877.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.02.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13BC003717
- ЭКБ идентификаторы
- 72376
- Редакция идентификаторы
- 72376_184877
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:15
0 Ақкөл ауданы бойынша 2013 жылы субсидияларды алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдерін және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасына сәйкес, "А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2013 жылғы 1 сәуірдегі № 216 және 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 224 нұсқауларының негізінде, Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ақкөл ауданы бойынша 2013 жылы субсидияларды алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдерін және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері, қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.К.Кривицкийге жүктелсін.
3 3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
4 Ақкөл ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 17 сәуірдегі
№ А-4/156 қаулысына
қосымша
Ақкөл ауданы бойынша 2013 жылы субсидияларды алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдерін және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері
№ р/р
Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы
Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері
Субсидияларды алушылардың тізіміне қосуға құжаттар қабылдау мерзімдері
1.
Орташа кеш жаздық бидай
16 мамырдан 23 мамырға дейін
23 мамырға дейін қоса есептегенде
2.
Орташа піскен жаздық бидай
18 мамырдан 26 мамырға дейін
26 мамырға дейін қоса есептегенде
3.
Орташа ерте жаздық бидай
22 мамырдан 31 мамырға дейін
31 мамырға дейін қоса есептегенде
4.
Жаздық арпа
29 мамырдан 5 маусымға дейін
5 маусымға дейін қоса есептегенде
5.
Сұлы
27 мамырдан 30 мамырға дейін
30 мамырға дейін қоса есептегенде
6.
Қарақұмық
25 мамырдан 5 маусымға дейін
5 маусымға дейін қоса есептегенде
7.
Бұршақ
15 мамырдан 28 мамырға дейін
28 мамырға дейін қоса есептегенде
8.
Жасымық
18 мамырдан 28 мамырға дейін
28 мамырға дейін қоса есептегенде
9.
Нут
7 мамырдан 17 мамырға дейін
17 мамырға дейін қоса есептегенде
10.
Күнбағыс
10 мамырдан 20 мамырға дейін
20 мамырға дейін қоса есептегенде
11.
Зығыр
18 мамырдан 25 мамырға дейін
25 мамырға дейін қоса есептегенде
12.
Рапс
12 мамырдан 23 мамырға дейін
23 мамырға дейін қоса есептегенде
13.
Қыша
12 мамырдан 23 мамырға дейін
23 мамырға дейін қоса есептегенде
14.
Біржылдық шөптер
17 мамырдан 25 мамырға дейін
25 мамырға дейін қоса есептегенде
15.
Сүр шөпке жүгері
17 мамырдан 25 мамырға дейін
25 мамырға дейін қоса есептегенде
16.
Сүр шөпке күнбағыс
10 мамырдан 20 мамырға дейін
20 мамырға дейін қоса есептегенде
17.
Суданның шөбі
17 мамырдан 25 мамырға дейін
25 мамырға дейін қоса есептегенде
18.
Көпжылдық дәнді және бұршақ шөптердің көктемгі егісі
1 мамырдан 13 мамырға дейін
13 мамырға дейін қоса есептегенде
19.
Картоп
10 мамырдан 25 мамырға дейін
25 мамырға дейін қоса есептегенде
20.
Көкөністер
5 мамырдан 15 маусымға дейін
15 маусымға дейін қоса есептегенде