Об определении оптимальных сроков начала и завершения посевных работ по видам продукции растениеводства, подлежащим обязательному страхованию в растениеводстве по Ерейментаускому району на 2013 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении оптимальных сроков начала и завершения посевных работ по видам продукции растениеводства, подлежащим обязательному страхованию в растениеводстве по Ерейментаускому району на 2013 год
- Атауы (қаз.)
- 2013 жылға арналған Ерейментау ауданы бойынша өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін анықтау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- А-4/195
- Қабылданған күні
- 19.04.2013
- Көрсетілген редакция
- 06.11.2014 AI72534_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.11.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13BI003720
- ЭКБ идентификаторы
- 72534
- Редакция идентификаторы
- AI72534_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:14
0 2013 жылға арналған Ерейментау ауданы бойынша өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін анықтау туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 5) тармақшасына, "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңының 5 бабының 3 тармағының 3) тармақшасына және "А.Бараевтың атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2013 жылғы 2 сәуірдегі № 218 ұсынысына сәйкес, Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2013 жылға арналған Ерейментау ауданы бойынша өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері қосымшаға сәйкес анықталсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ерейментау ауданы әкімінің орынбасары Н.З.Мукатовқа жүктелсін.
3 3. Осы қаулы Ақмола облысы Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
4 2013 жылға арналған Ерейментау ауданы бойынша өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері
Ерейментау ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 19 сәуірдегі
№ А-4/195 қаулысына
қосымша
2013 жылға арналған Ерейментау ауданы бойынша өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері
№ р/р
Дақылдардың атауы
Егістік жұмыстарының басталуы мен аяқталуының қолайлы мерзімдері
1.
Жаздық бидай орташа кеш пісетін
мамырдың 15-нен 23-не дейін
2.
Жаздық бидай орташа піскен
мамырдың 18-нен 26-на дейін
3.
Жаздық бидай орташа ерте піскен
мамырдың 21-нен 30-на дейін
4.
Жаздық арпа
мамырдың 27-нен маусымның 3-не дейін
5.
Сұлы
мамырдың 26-нан 30-на дейін
6.
Қарақұмық
мамырдың 25-нен маусымның 2-не дейін
7.
Тары
мамырдың 28-нен маусымның 4-не дейін
8.
Майлы тұқымға арналған күнбағыс
мамырдың 10-нан 20-на дейін
9.
Майға арналған зығыр
мамырдың 15-нен 23-не дейін