Об определении сроков предоставления заявок на включение в список получателей субсидий и оптимальных сроков сева по каждому виду субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур по Жаксынскому району на 2013 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении сроков предоставления заявок на включение в список получателей субсидий и оптимальных сроков сева по каждому виду субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур по Жаксынскому району на 2013 год
- Атауы (қаз.)
- Жақсы ауданы бойынша 2013 жылы субсидия алушылардың тiзiмiне қосуға арналған өтiнiмдерді ұсыну мерзiмдерін және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзiмдерiн айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- А-3/143
- Қабылданған күні
- 24.04.2013
- Көрсетілген редакция
- 18.09.2014 72539_187224.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.09.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13BM003725
- ЭКБ идентификаторы
- 72539
- Редакция идентификаторы
- 72539_187224
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:12
0 Жақсы ауданы бойынша 2013 жылы субсидия алушылардың тiзiмiне қосуға арналған өтiнiмдерді ұсыну мерзiмдерін және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзiмдерiн айқындау туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекiтiлген, Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау қағидасына сәйкес, "А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндiрiстiк орталығы" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң 2013 жылғы 15 ақпандағы № 126 қорытындысы негiзiнде Жақсы ауданы әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Жақсы ауданы бойынша 2013 жылы субсидия алушылардың тiзiмiне қосуға арналған өтiнiмдерді ұсыну мерзiмдерін және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзiмдерi қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары А.Т.Жапаровқа жүктелсiн.
3 3. Аудан әкiмдiгiнiң осы қаулысы Ақмола облысының Әдiлет департаментінде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
4 Жақсы ауданы бойынша 2013 жылы субсидия алушылардың тiзiмiне қосуға арналған өтiнiмдерді ұсыну мерзiмдерін және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзiмдерi
Жақсы ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 24 сәуірдегі
№ А-3/143 қаулысына
қосымша
Жақсы ауданы бойынша 2013 жылы субсидия алушылардың тiзiмiне қосуға арналған өтiнiмдерді ұсыну мерзiмдерін және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзiмдерi
№ р/р
Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы
Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзiмдерi
Субсидия алушылардың тізіміне қосуға құжаттар қабылдау мерзімдері
1
Орташа кеш жаздық бидай
12 мамырдан 26 мамырға дейiн
27 мамырға дейiн
2
Орташа піскен жаздық бидай
14 мамырдан 28 мамырға дейін
29 мамырға дейін
3
Орташа ертерек жаздық бидай
18 мамырдан 2 маусымға дейiн
3 маусымға дейiн
4
Жаздық арпа, сұлы
6 маусымға дейін
7 маусымға дейiн
5
Асбұршақ
20 мамырдан 27 мамырға дейiн
28 мамырға дейiн
6
Ноқат
10 мамырдан 17 мамырға дейiн
18 мамырға дейiн
7
Майлы зығыр
15 мамырдан 30 мамырға дейін
31 мамырға дейiн
8
Күнбағыс май тұқымға
10 мамырдан 20 мамырға дейін
21 мамырға дейін
9
Судан шөбі
17 мамырдан 25 мамырға дейін
26 мамырға дейiн
10
Жүгері
18 мамырдан 25 мамырға дейін
26 мамырға дейін
11
Көп жылдық шөптер (көктемгі егістік)
10 мамырдан 12 мамырға дейін
13 мамырға дейiн