Об определении оптимальных сроков начала и завершения посевных работ по Зерендинскому району на 2013 год по видам продукции растениеводства, подлежащим обязательному страхованию в растениеводстве
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении оптимальных сроков начала и завершения посевных работ по Зерендинскому району на 2013 год по видам продукции растениеводства, подлежащим обязательному страхованию в растениеводстве
- Атауы (қаз.)
- Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша 2013 жылы Зеренді ауданы бойынша егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерiн белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 241
- Қабылданған күні
- 25.04.2013
- Көрсетілген редакция
- 05.11.2014 72542_187534.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.11.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13BN003728
- ЭКБ идентификаторы
- 72542
- Редакция идентификаторы
- 72542_187534
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:11
0 Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша 2013 жылы Зеренді ауданы бойынша егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерiн белгілеу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 5 тармақшасына, "Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңының 5 бабының 3 тармағының 3 тармақшасына сәйкес және "А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндiрiстiк орталығы" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң 2013 жылғы 29 наурыздағы № 213 қорытындысының негізінде, Зеренді ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша 2013 жылы Зеренді ауданы бойынша егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
3 Зеренді ауданы әкiмдiгiнiң
2013 жылғы 25 сәуірдегі
№ 241 қаулысына
қосымша
Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша 2013 жылы Зеренді ауданы бойынша егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi
р/с №
Өсімдік шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері
Егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi
1
Жаздық бидай
11 мамырдан 27 мамырға дейін
2
Арпа
27 мамырдан 5 маусымға дейін
3
Сұлы
27 мамырдан 5 маусымға дейін
4
Қарақұмық
25 мамырдан 4 маусымға дейін
5
Бұршақ дәнділер
15 мамырдан 27 мамырға дейін
6
Майлылар
15 мамырдан 28 мамырға дейін
7
Картоп
11 мамырдан 29 мамырға дейін
8
Көкөніс-бақша
11 мамырдан 16 маусымға дейін
9
Жемшөптік (бір жылдық шөптер, ағымдағы жылдың көп жылдық шөптер және шабындық жерге шөп егіп жаңарту үшін егілген, ағымдағы жылдың көп жылдық шөптер)
11 мамырдан 17 мамырға дейін
10
Сүрлемге жүгері, күнбағыс
17 мамырдан 25 мамырға дейін
11
Көкөніс-бақша дақылдары ашық топырақта, картоп өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін қолдана отырып өсірілген жағдайда
11 мамырдан 16 маусымға дейін
12
Қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін көкөніс дақылдары
11 мамырдан 15 маусымға дейін