Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам на 2013 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам на 2013 год
- Атауы (қаз.)
- 2013 жылға нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 193
- Қабылданған күні
- 17.04.2013
- Көрсетілген редакция
- 28.01.2014 AI72629_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.01.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13LA004447
- ЭКБ идентификаторы
- 72629
- Редакция идентификаторы
- AI72629_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:15
0 2013 жылға нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7-баптарына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2013 жылға нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
алған мамандығы бойынша еңбек өтілі мен тәжірибесі жоқ техникалық және кәсіптік білім, орта білімнен кейінгі ұйымдардың бітірушілері;
ұзаққа созылған (он екі ай және одан көп айлар) жұмыссыздықты бастан кешірген адамдар;
елу жастан асқан адамдар;
жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіптік оқуды бітірген жұмыссыздар;
отбасында бір де бір жұмыс істейтін адамы жоқ тұлғалар.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Р. Рүстемовке жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда қаласының әкімі Н. Нәлібаев