Құжат мәтініне өту

Об определении сроков предоставления заявки на включение в список получателей субсидий и оптимальных сроков сева по каждому виду субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур по Шортандинскому району на 2013 год

Қаулы · № А-4/108 · қабылданған 30.04.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2013-ekb-72669/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об определении сроков предоставления заявки на включение в список получателей субсидий и оптимальных сроков сева по каждому виду субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур по Шортандинскому району на 2013 год Күшін жойған Қаулы ·№ А-4/108 ·30.04.2013
23.10.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.10.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении сроков предоставления заявки на включение в список получателей субсидий и оптимальных сроков сева по каждому виду субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур по Шортандинскому району на 2013 год

Күшін жойған Қаулы ·№ А-4/108 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении сроков предоставления заявки на включение в список получателей субсидий и оптимальных сроков сева по каждому виду субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур по Шортандинскому району на 2013 год
Атауы (қаз.)
Шортанды ауданы бойынша 2013 жылға арналған субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімі және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
А-4/108
Қабылданған күні
30.04.2013
Көрсетілген редакция
23.10.2014 AI72669_2.kaz
Соңғы өзгеріс
23.10.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13BR003734
ЭКБ идентификаторы
72669
Редакция идентификаторы
AI72669_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:09

0 Шортанды ауданы бойынша 2013 жылға арналған субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімі және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасына сәйкес, "А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 227 қорытындысының негізінде, Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Шортанды ауданы бойынша 2013 жылға арналған субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімі және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері қосымшаға сәйкес айқындалсын.

2 2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 мамырында туындаған құқықтық қатынастарға тарайды.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шортанды ауданы әкімінің орынбасары М.А.Атабаевқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

5 Шортанды ауданы бойынша 2013 жылға арналған субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімі және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері

Шортанды ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 30 сәуірдегі
№ А-4/108 қаулысына
қосымша
Шортанды ауданы бойынша 2013 жылға арналған субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімі және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері
№ р/с
Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері
Субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдері
Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері
1
Ортакеш пісетін жаздық бидай
24 мамырға дейін
15 мамырдан 23 мамырға дейін
2
Орта пісетін жаздық бидай
27 мамырға дейін
18 мамырдан 26 мамырға дейін
3
Ортаерте пісетін жаздық бидай
31 мамырға дейін
21 мамырдан 30 мамырға дейін
4
Жаздық арпа
5 маусымға дейін
27 мамырдан 4 маусымға дейін
5
Сұлы
31 мамырға дейін
26 мамырдан 30 мамырға дейін
6
Қарақұмық
5 маусымға дейін
25 мамырдан 4 маусымға дейін
7
Тары
5 маусымға дейін
28 мамырдан 4 маусымға дейін
8
Ноқат
18 мамырға дейін
7 мамырдан 17 мамырға дейін
9
Бұршақ
26 мамырға дейін
15 мамырдан 25 мамырға дейін
10
Чечевица
26 мамырға дейін
18 мамырдан 25 мамырға дейін
11
Рапс
24 мамырға дейін
12 мамырдан 23 мамырға дейін
12
Күнбағыс
21 мамырға дейін
10 мамырдан 20 мамырға дейін
13
Зығыр
26 мамырға дейін
18 мамырдан 25 мамырға дейін
14
Сүр шөпке жүгері
26 мамырға дейін
15 мамырдан 25 мамырға дейін
15
Бір жылдық шөптер
29 мамырға дейін
12 мамырдан 28 мамырға дейін
16
Көпжылдық дәнді және бұршақ шөптердің көктемгі егісі
14 мамырға дейін
1 мамырдан 13 мамырға дейін
17
Картоп
21 мамырға дейін
10 мамырдан 20 мамырға дейін
18
Көкөністер
15 маусымға дейін
10 мамырдан 14 маусымға дейін

Қолданыстағы