Об определении сроков предоставления заявок на включение в список получателей субсидий и оптимальных сроков сева по каждому виду субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур по Атбасарскому району на 2013 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении сроков предоставления заявок на включение в список получателей субсидий и оптимальных сроков сева по каждому виду субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур по Атбасарскому району на 2013 год
- Атауы (қаз.)
- Атбасар ауданы бойынша 2013 жылы субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдерін және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- А-5/208
- Қабылданған күні
- 30.04.2013
- Көрсетілген редакция
- 30.04.2013 72705_154888.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.04.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13BE003739
- ЭКБ идентификаторы
- 72705
- Редакция идентификаторы
- 72705_154888
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:08
0 Атбасар ауданы бойынша 2013 жылы субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдерін және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген, Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасына сәйкес, "А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2013 жылғы 12 сәуірдегі № 252 қорытындысы негізінде Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қосымшаға сәйкес Атбасар ауданы бойынша 2013 жылы субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдері және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері айқындалсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Ғ.Қаженовке жүктелсін.
3 3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
4 Атбасар ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 30 сәуірдегі
№ А-5/208 қаулысына
қосымша
Атбасар ауданы бойынша 2013 жылы субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдері және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері
№ р/с
Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы
Субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдері
Оңтайлы себу мерзімдері
1
Бұршақ
26 мамырға дейін
мамырдың 17-нен 25-не дейін
2
Картоп
27 мамырға дейін
мамырдың 17-нен 26-на дейін
3
Азықтықтар (ағымдағы жылдың көп жылдық дәндi және бұршақты шөптерi)
27 мамырға дейін
мамырдың 17-нен 26-на дейін
4
Сүрлемге жүгері
26 мамырға дейін
мамырдың 20-нан 25-не дейін
5
Зығыр
27 мамырға дейін
мамырдың 18-нен 26-на дейін
6
Нұт
27 мамырға дейін
мамырдың 17-нен 26-на дейін
7
Сұлы
31 мамырға дейін
мамырдың 26-нан 30-на дейін
8
Ашық топырақтағы көкөністер
16 маусымға дейін
мамырдың 17-нен маусымның 15-не дейін
9
Майлы тұқымды күнбағыс
26 мамырға дейін
мамырдың 17-нен 25-не дейін
10
Судан шөбі
31 мамырға дейін
мамырдың 20-нан 30-на дейін
11
Жаздық бидай орташа ерте
31 мамырға дейін
мамырдың 23-нен 30-на дейін
12
Жаздық бидай орташа кеш
27 мамырға дейін
мамырдың 17-нен 26-на дейін
13
Жаздық бидай орташа піскен
31 мамырға дейін
мамырдың 20-нан 30-на дейін
14
Жаздық арпа
6 маусымға дейін
мамырдың 27-нен маусымның 5-не дейін