Об определении сроков предоставления заявок на включение в список получателей субсидии и оптимальных сроков сева сельскохозяйственных культур на 2013 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении сроков предоставления заявок на включение в список получателей субсидии и оптимальных сроков сева сельскохозяйственных культур на 2013 год
- Атауы (қаз.)
- 2013 жылға субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдерін және ауыл шаруашылығы дақылдарын оңтайлы себу мерзімдерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 140
- Қабылданған күні
- 02.05.2013
- Көрсетілген редакция
- 02.05.2013 72780_217389.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.05.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13NE004140
- ЭКБ идентификаторы
- 72780
- Редакция идентификаторы
- 72780_217389
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:08
0 2013 жылға субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдерін және ауыл шаруашылығы дақылдарын оңтайлы себу мерзімдерін белгілеу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген, Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 12-тармағына сәйкес және "Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2013 жылғы 2 сәуірдегі № 1-177 ұсыныстары негізінде Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімдерді ұсыну мерзімдері 2013 жылдың 5 маусымына дейін белгіленсін.
2 2. 2013 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша оңтайлы себу мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.С. Қазыбаевқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Әкімдіктің
2013 жылғы 2 мамырдағы
№ 140 қаулысына қосымша
2013 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы
дақылдарының түрлері бойынша оңтайлы себу мерзімдері
№
Ауыл шаруашылығы дақылдарының
атауы
Себу мерзімдері
1
Жаздық дәнді дақылдар
15 мамырдан бастап
5 маусымға дейін
2
Бұршақ тұқымдас дақылдар
15 мамырдан бастап
5 маусымға дейін
3
Майлы дақылдар
15 мамырдан бастап
30 мамырға дейін
4
Жемшөптік дақылдар
15 мамырдан бастап
10 маусымға дейін
5
1-ші өсіру жылдарындағы көпжылдық
бұршақ тұқымдас шөптер
бірінші мерзім -
1 мамырдан бастап
31 мамырға дейін,
екінші мерзім -
5 шілдеден бастап
10 қыркүйекке дейін
6
Сүрлемдік жүгері, күнбағыс
15 мамырдан бастап
31 мамырға дейін
7
Көкөніс және бақша дақылдары
25 сәуірден бастап
10 маусымға дейін
8
Картоп
10 мамырдан бастап
5 маусымға дейін
9
Шабындық жерлерді шалғындандыру
үшін егілген көпжылдық шөптер
бірінші мерзім -
1 мамырдан бастап
31 мамырға дейін,
екінші мерзім -
5 шілдеден бастап
10 қыркүйекке дейін