Құжат мәтініне өту

Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам на 2013 год

Қаулы · № 77 · қабылданған 20.05.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2013-ekb-72866/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам на 2013 год Күшін жойған Қаулы ·№ 77 ·20.05.2013
13.06.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.06.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам на 2013 год

Күшін жойған Қаулы ·№ 77 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам на 2013 год
Атауы (қаз.)
2013 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
77
Қабылданған күні
20.05.2013
Көрсетілген редакция
13.06.2014 72866_192165.kaz
Соңғы өзгеріс
13.06.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13ZJ003295
ЭКБ идентификаторы
72866
Редакция идентификаторы
72866_192165
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:04

0 2013 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес, еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2013 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2 2. "Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі және Сырым ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Жұмыспен қамту орталығы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды алсын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә. Т. Жоламановқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

5 2013 жылғы 20 мамырдағы № 77

аудан әкімдігінің қаулысына
қосымша
2013 жылға нысаналы
топтарға жататын адамдардың
қосымша тізбесі

1 1. Алты айдан жоғары уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелгендер;

2 2. Елу жастан асқан жұмыссыз әйелдер;

3 3. Елу бес жастан асқан жұмыссыз ерлер;

4 4. Аудан орталығынан тыс елді мекендерде тұратындар (әлеуметтік жұмыс орындары үшін уақытша және маусымдық жұмыс мезгілдеріне);

5 5. Он екі және одан да көп айға созылған жұмыссыз тұлғалар;

6 6. Отбасында бір де жұмыс істеуші жоқ тұлғалар;

7 7. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі оқу орындарының түлектері;

8 8. Уақытша және маусымдық жұмыстарға қатысқан тұлғалар;

9 9. Бұрын жұмыс жасамаған (бірінші рет іздеушілер) тұлғалар.

Қолданыстағы