Құжат мәтініне өту

Об установлении видов субсидируемых удобрений и норм субсидий на 2013 год

Қаулы · № 204 · қабылданған 31.05.2013
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2013-ekb-72921/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об установлении видов субсидируемых удобрений и норм субсидий на 2013 год Қолданыста Қаулы ·№ 204 ·31.05.2013
31.05.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.05.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении видов субсидируемых удобрений и норм субсидий на 2013 год

Қолданыста Қаулы ·№ 204 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении видов субсидируемых удобрений и норм субсидий на 2013 год
Атауы (қаз.)
2013 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлерін және субсидиялардың нормаларын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
204
Қабылданған күні
31.05.2013
Көрсетілген редакция
31.05.2013 72921_142575.kaz
Соңғы өзгеріс
31.05.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13T0002737
ЭКБ идентификаторы
72921
Редакция идентификаторы
72921_142575
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:00

0 2013 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлерін және субсидиялардың нормаларын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына,37–бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 "Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекiту туралы" қаулысымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 8–тармағының 4) тармақшасына, 66-тармағына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2013 жыл ға субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері мен субсидиялардың нормалары:

1 1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес отандық тыңайтқыш өндірушілер сатқан тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына);

2 2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес тыңайтқыш жеткізушіден және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) белгіленсін.

2 2. "Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғ.И. Дүйсембаевқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мамытбеков
2013 жылғы 31 мамыр

7 Атырау облысы әкімдігінің

2013 жылғы 31 мамырдағы № 204
қаулысына 1–қосымша
2013 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері және отандық өндірушілер сатқан тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) субсидиялардың нормалары
№ р/с
Тыңайтқыштардың субсидияланатын түрлері
Өлшем бірлігі
Бір бірлік құнын арзандату пайызы, дейін
Бір бірлікке субсидиялардың нормалары, теңге
1
Аммиак селитрасы (N-34,4 %)
тонна
50
28 900
2
Жай суперфосфат (Р2О5-19 %)
тонна
50
24 500
3
Аммофос (N-10%; Р2О5-46%)
тонна
50
45 000

8 Атырау облысы әкімдігінің

2013 жылғы 31 мамырдағы № 204
қаулысына 2–қосымша
2013 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері және тыңайтқыш жеткізушіден және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) субсидиялар нормалары
№ р/с
Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері
Өлшем бірлігі
Бір бірлік құнын арзандату пайызы
Бір бірлікке субсидиялардың нормалары, теңге
1
Нитроаммофоска (N-15%; Р2О5-15%; К2О-15%)
тонна
30
27 900
2
Калий нитраты
(N-13,5%; К-46,2%)
тонна
25
114 129
3
Монокалий фосфат(Р2О5-52%; К2О-34%)
тонна
25
121 823
4
Кальций нитраты (N-15,5%)
тонна
25
56 423
5
Магний нитраты (N-11%)
тонна
25
57 705
6
Аммиак селитрасы (34%)
тонна
25
12 699

Қолданыстағы