Құжат мәтініне өту

Об определении срока предоставления заявок на включение в список получателей субсидий и оптимальных сроков сева сельскохозяйственных культур на 2013 год

Қаулы · № 108 · қабылданған 03.05.2013
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2013-ekb-72955/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об определении срока предоставления заявок на включение в список получателей субсидий и оптимальных сроков сева сельскохозяйственных культур на 2013 год Қолданыста Қаулы ·№ 108 ·03.05.2013
03.05.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.05.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении срока предоставления заявок на включение в список получателей субсидий и оптимальных сроков сева сельскохозяйственных культур на 2013 год

Қолданыста Қаулы ·№ 108 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении срока предоставления заявок на включение в список получателей субсидий и оптимальных сроков сева сельскохозяйственных культур на 2013 год
Атауы (қаз.)
2013 жылға субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімі және ауыл шаруашылығы дақылдарын оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
108
Қабылданған күні
03.05.2013
Көрсетілген редакция
03.05.2013 72955_217417.kaz
Соңғы өзгеріс
03.05.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13NS004146
ЭКБ идентификаторы
72955
Редакция идентификаторы
72955_217417
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:07

0 2013 жылға субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімі және ауыл шаруашылығы дақылдарын оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекiтiлген, Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау қағидасының 12-тармағына сәйкес, "Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң ұсынымы негiзiнде, Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Субсидия алушылардың тiзiмiне қосуға арналған өтiнiмдерді ұсыну мерзімі 2013 жылдың 15 мамырға дейiн айқындалсын.

2 2. 2013 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбiр түрi бойынша оңтайлы себу мерзiмдерi осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Ө. Ш. Ибрагимовқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн қолданысқа енгiзiледi және 2013 жылғы 25 сәуiрден бастап туындаған қатынастарға таратылады.

КЕЛІСІЛДІ:
"Ұзынкөл ауданының
ауылшаруашылық бөлімі"
мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_______ К. Асқаров

5 Әкiмдiктің

2013 жылғы 3 мамырдағы
№ 108 қаулысына
қосымша
2013 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбiр түрi бойынша оңтайлы себу мерзiмдерi

Басым ауыл
шаруашылығы
дақылдарының атауы
Оңтайлы себу мерзiмдерi
1
Жаздық дәнді
дақылдар
15 мамырдан бастап 5 маусымға
дейiн
2
Дәнді–бұршақ
тұқымдас дақылдар
15 мамырдан бастап 5 маусымға
дейін
3
Майлы дақылдар
15 мамырдан бастап 30 мамырға
дейiн
4
Картоп
10 мамырдан бастап 5 маусымға
дейiн
5
Көкөнiстер
25 сәуiрден бастап 10 маусымға
дейiн
6
Жемшөптік дақылдар,
бірінші өсу жылдағы
бұршақ тұқымдас
көпжылдық
шөптер
15 мамырдан бастап 10 маусымға
дейiн, 1 мерзім - 1 мамырдан
бастап 31 мамырға дейiн,
2 мерзім - 5 шілдеден бастап 10
қыркүйекке дейiн
7
Шабындық жерлердi
шалғындандыру үшiн
егiлген көпжылдық
шөптер
1 мерзім - 1 мамырдан бастап 31
мамырға дейiн,
2 мерзім - 5 шілдеден бастап 10
қыркүйекке дейiн
8
Сүрлемдік жүгерi
мен күнбағыс
15 мамырдан бастап 31 мамырға
дейін

Қолданыстағы