Об определении сроков предоставления заявок на включение в список получателей субсидий и оптимальных сроков сева сельскохозяйственных культур на 2013 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении сроков предоставления заявок на включение в список получателей субсидий и оптимальных сроков сева сельскохозяйственных культур на 2013 год
- Атауы (қаз.)
- 2013 жылға субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдерін және ауыл шаруашылығы дақылдарын оңтайлы себу мерзімдерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 184
- Қабылданған күні
- 31.05.2013
- Көрсетілген редакция
- 31.05.2013 72967_217657.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.05.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13NK004145
- ЭКБ идентификаторы
- 72967
- Редакция идентификаторы
- 72967_217657
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:00
0 2013 жылға субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдерін және ауыл шаруашылығы дақылдарын оңтайлы себу мерзімдерін белгілеу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген, Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 12–тармағына сәйкес, Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдері 2013 жылғы 5 маусымға дейін белгіленсін.
2 2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2013 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері белгіленсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 6 мамырдан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
4 Әкімдіктің
2013 жылғы 31 мамырдағы
№ 184 қаулысына қосымша
2013 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері
№
Ауыл шаруашылығы
дақылдарының атауы
Себу мерзімдері
1
Жазғы бидай
Күздік бидай
Күздік қара бидай
15 мамырдан бастап 5 маусымға
дейін
25 тамыздан бастап 10
қыркүйекке дейін
25 тамыздан бастап 10
қыркүйекке дейін
2
Сұлы
Арпа
Тары
Қарақұмық
15 мамырдан бастап 5 маусымға
дейін
15 мамырдан бастап 5 маусымға
дейін
15 мамырдан бастап 5 маусымға
дейін
15 мамырдан бастап 5 маусымға
дейін
3
Бұршақ тұқымдас
дақылдар
15 мамырдан бастап 5 маусымға
дейін
4
Майлы дақылдар
15 мамырдан бастап 30 мамырға
дейін
5
Картоп
10 мамырдан бастап 5 маусымға
дейін
6
Көкөністер
25 сәуірден бастап 10
маусымға дейін
7
Бақша дақылдары
25 сәуірден бастап 10
маусымға дейін
8
Жемшөптік дақылдар
15 мамырдан бастап 10
маусымға дейін
9
Бірінші, екінші және
үшінші өсу жылдарындағы
бұршақ тұқымдас көп
жылдық шөптер
Бірінші мерзім - 1 мамырдан
бастап 31 мамырға дейін,
екінші мерзім - 5 шілдеден
бастап 10 қыркүйекке дейін
10
Шабындық жерлерді
шалғындандыру үшін
егілген көпжылдық
шөптер
Бірінші мерзім - 1 мамырдан
бастап 31 мамырға дейін,
екінші мерзім - 5 шілдеден
бастап 10 қыркүйекке дейін
11
Сүрлемдік жүгері мен
күнбағыс
15 мамырдан бастап 31 мамырға
дейін