Об определении сроков предоставления заявок на включение в список получателей субсидий и оптимальных сроков сева сельскохозяйственных культур на 2013 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении сроков предоставления заявок на включение в список получателей субсидий и оптимальных сроков сева сельскохозяйственных культур на 2013 год
- Атауы (қаз.)
- 2013 жылға субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдерін және ауыл шаруашылығы дақылдарын оңтайлы себу мерзімдерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 261
- Қабылданған күні
- 20.05.2013
- Көрсетілген редакция
- 20.05.2013 72979_217471.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.05.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13NJ004147
- ЭКБ идентификаторы
- 72979
- Редакция идентификаторы
- 72979_217471
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:04
0 2013 жылға субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдерін және ауыл шаруашылығы дақылдарын оңтайлы себу мерзімдерін белгілеу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген, Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау қағидасының 12-тармағына сәйкес, "Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2013 жылғы 2 сәуірдегі № 1-177 ұсынысы негізінде Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдері мына бағыттар бойынша белгіленсін:
1
1) 2013 жылғы 10 маусымға дейін - көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың, оның ішінде көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге қажетті лизинг шартының негізінде сатып алынған тұқымның құнын (40 %-ға дейiн) арзандатуға;
2 2) 2013 жылғы 1 тамызға дейін - тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) мен гербицидтердің құнын арзандатуға (50 %-ға дейiн).
2 2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2013 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері белгіленсін.
3 3. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.А. Алиферецке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2013 жылдың 10 сәуірінен бастап туындаған қатынастарға таратылады.
7 Әкімдіктің
2013 жылғы 20 мамырдағы
№ 261 қаулысына
қосымша
2013 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері
№
Басым ауыл шаруашылығы
дақылдарының түрлері
Оңтайлы себу мерзімдері
1
Жазғы бидай, арпа, сұлы,
қарақұмық, тары
15 мамырдан бастап
5 маусымға дейін
2
Дәнді - бұршақ тұқымдас
дақылдар
15 мамырдан бастап
5 маусымға дейін
3
Майлы дақылдар
15 мамырдан бастап
30 мамырға дейін
4
Жемшөптік дақылдар
15 мамырдан бастап
10 маусымға дейін
5
Бірінші, екінші және
үшінші өсу жылдарындағы
бұршақ тұқымдас
көпжылдық шөптер
бірінші мерзім - 1 мамырдан
бастап 31 мамырға дейін,
екінші мерзім - 5 шілдеден
бастап 10 қыркүйекке дейін
6
Сүрлемдік жүгері мен
күнбағыс
15 мамырдан бастап
31 мамырға дейін
7
Шабындық жерлерді
шалғындандыру үшін
егілген көпжылдық шөптер
бірінші мерзім - 1 мамырдан
бастап 31 мамырға дейін,
екінші мерзім - 5 шілдеден
бастап 10 қыркүйекке дейін
8
Күздік бидай және қара
бидай
25 тамыздан бастап
10 қыркүйекке дейін
9
Көкөністер мен бақша
дақылдары
25 сәуірден бастап
10 маусымға дейін
10
Картоп
10 мамырдан бастап
5 маусымға дейін