Об определении сроков предоставления заявки на включение в список получателей субсидий и оптимальных сроков сева субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур в 2013 году по Тарановскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении сроков предоставления заявки на включение в список получателей субсидий и оптимальных сроков сева субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур в 2013 году по Тарановскому району
- Атауы (қаз.)
- 2013 жылы Таран ауданы бойынша субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдерін және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарын оңтайлы себу мерзімдерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 198
- Қабылданған күні
- 27.05.2013
- Көрсетілген редакция
- 27.05.2013 73025_217503.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.05.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13NR004152
- ЭКБ идентификаторы
- 73025
- Редакция идентификаторы
- 73025_217503
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:02
0 2013 жылы Таран ауданы бойынша субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдерін және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарын оңтайлы себу мерзімдерін белгілеу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 12-тармағына, Қостанай облысы әкімдігінің 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 153 "2013 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялардың нормаларын белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4112 тіркелген, 2013 жылғы 3 мамырдағы № 48 "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) және "Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2013 жылғы 2 сәуірдегі № 1-177 ұсыныстарына сәйкес Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қосымшаға сәйкес 2013 жылы Таран ауданы бойынша субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдері және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарын оңтайлы себу мерзімдері белгіленсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Ә. Жақаевқа жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 20 сәуірден бастап туындаған қатынастарға таратылады.
КЕЛІСІЛДІ
"Таран ауданы әкімдігінің ауыл
шаруашылығы бөлімі" ММ басшысы
______________________ А. Оспанов
4 Таран ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 27 мамырдағы
№ 198 қаулысына
қосымша
2013 жылы Таран ауданы бойынша субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдері және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарын оңтайлы себу мерзімдері
№ р/с
Дақылдардың
атауы
Өтінімдерді ұсыну
мерзімдері
Себу мерзімдері
1
Жаздық бидай
13 мамырдан бастап
8 маусымға дейін
15 мамырдан бастап
5 маусымға дейін
2
Күздік бидай
13 мамырдан бастап
8 маусымға дейін
25 тамыздан бастап
10 қыркүйекке дейін
3
Күздік қара
бидай
13 мамырдан бастап
8 маусымға дейін
25 тамыздан бастап
10 қыркүйекке дейін
4
Қарақұмық
13 мамырдан бастап
8 маусымға дейін
15 мамырдан бастап
5 маусымға дейін
5
Тары
13 мамырдан бастап
8 маусымға дейін
15 мамырдан бастап
5 маусымға дейін
6
Арпа
13 мамырдан бастап
8 маусымға дейін
15 мамырдан бастап
5 маусымға дейін
7
Сұлы
13 мамырдан бастап
8 маусымға дейін
15 мамырдан бастап
5 маусымға дейін
8
Дәнді-бұршақ
тұқымдастар
13 мамырдан бастап
8 маусымға дейін
15 мамырдан бастап
5 маусымға дейін
9
Майлы
дақылдар
13 мамырдан бастап
8 маусымға дейін
15 мамырдан бастап
30 мамырға дейін
10
Картоп
13 мамырдан бастап
8 маусымға дейін
10 мамырдан бастап
5 маусымға дейін
11
Көкөністер
13 мамырдан бастап
10 маусымға дейін
25 сәуірден бастап
10 маусымға дейін
12
Бақша
дақылдары
13 мамырдан бастап
10 маусымға дейін
25 сәуірден бастап
10 маусымға дейін
13
Жемшөптік
дақылдар,
соның ішінде
бірінші,
екінші және
үшінші өсу
жылдарындағы
бұршақ
тұқымдас
көпжылдық
шөптер
13 мамырдан бастап
8 маусымға дейін
15 мамырдан бастап
10 маусымға дейін
14
Шабындық
жерлерді
шалғындандыру
үшін егілген
көпжылдық
шөптер
13 мамырдан бастап
8 маусымға дейін
бірінші мерзім - 1
мамырдан бастап 31
мамырға дейін,
екінші мерзім - 5
шілдеден бастап 10
қыркүйекке дейін
15
Сүрлемдік
жүгері мен
күнбағыс
13 мамырдан бастап
8 маусымға дейін
15 мамырдан бастап
31 мамырға дейін