Об определении сроков предоставления заявок на включение в список получателей субсидий и оптимальных сроков сева сельскохозяйственных культур на 2013 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении сроков предоставления заявок на включение в список получателей субсидий и оптимальных сроков сева сельскохозяйственных культур на 2013 год
- Атауы (қаз.)
- 2013 жылға субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдерін және ауыл шаруашылығы дақылдарын оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 139
- Қабылданған күні
- 24.06.2013
- Көрсетілген редакция
- 24.06.2013 73197_156863.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.06.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13NP004160
- ЭКБ идентификаторы
- 73197
- Редакция идентификаторы
- 73197_156863
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:54
0 2013 жылға субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдерін және ауыл шаруашылығы дақылдарын оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы" қаулысына сәйкес және "Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2013 жылғы 2 сәуірдегі ұсынысы негізінде, Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдері 2013 жылдың 5 маусымына дейін айқындалсын.
2 2. 2013 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Қ. Ормановқа жүктелсін.
4
4. Әкімдіктің 2012 жылғы 11 шілдедегі № 180 "Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-16-147 тіркелген, 2012 жылғы 20 тамыздағы № 23 "Науырзым Тынысы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
5 5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 25 сәуірден бастап туындаған қатынастарға таратылады.
КЕЛІСІЛДІ:
"Науырзым ауданының кәсіпкерлік
және ауыл шаруашылығы бөлiмi"
ММ бастығы
____________ Ж. Тілеуғабылов
6 Әкімдіктің
2013 жылғы 24 маусымдағы
№ 139 қаулысына
қосымша
2013 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері
№
Ауыл шаруашылығы
дақылдарының
атауы
Себу мерзімдері
1
Жаздық дәнді дақылдар
15 мамырдан бастап
5 маусымға дейін
2
Дәнді бұршақ тұқымдас
дақылдар
15 мамырдан бастап
5 маусымға дейін
3
Майлы дақылдар
15 мамырдан бастап
30 мамырға дейін
4
Жемшөптік дақылдар
15 мамырдан бастап
10 маусымға дейін
5
Бірінші өсу жылдағы
бұршақ тұқымдас
көпжылдық шөптер
бірінші мерзім -
1 мамырдан бастап
31 мамырға дейін,
екінші мерзім -
5 шілдеден бастап
10 қыркүйекке дейін
6
Сүрлемдік жүгері мен
күнбағыс
15 мамырдан бастап
31 мамырға дейін
7
Көкөністер, бақша
дақылдары
25 сәуірден бастап
10 маусымға дейін
8
Картоп
10 мамырдан бастап
5 маусымға дейін
9
Шабындық жерлерді
шалғындандыру
үшін егілген көпжылдық
шөптер
бірінші мерзім -
1 мамырдан бастап
31 мамырға дейін,
екінші мерзім -
5 шілдеден бастап
10 қыркүйекке дейін