Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в городе Экибастузе на 2013 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в городе Экибастузе на 2013 год
- Атауы (қаз.)
- Екібастұз қаласында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар мен интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін 2013 жылға жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 547/6
- Қабылданған күні
- 11.06.2013
- Көрсетілген редакция
- 31.01.2014 73308_187489.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.01.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13PC003565
- ЭКБ идентификаторы
- 73308
- Редакция идентификаторы
- 73308_187489
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:57
0 Екібастұз қаласында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар мен интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін 2013 жылға жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексі 21-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңы 7-бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар мен интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектерін әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санынан бес процент мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2 2. Интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының жалпы санынан бір процент мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
3
3. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар мен интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектерін жұмыс берушілерге тиісті жолдама беру жолымен квоталанатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуді қамтамасыз етсін.
4
4. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 1 шілдедегі "Бас бостандығынан қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған айыру орындарынан босатылған адамдар мен интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" № 526/6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 12-3-299 болып тіркелген, 2011 жылғы 21 шілдедегі № 30 "Отарқа" және № 30 "Голос Экибастуза" газеттерінде жарияланған) және 2012 жылғы 29 маусымдағы "Екібастұз қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 1 шілдедегі "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар мен интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" № 526/6 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" № 774/7 қаулыларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 12-3-329 болып тіркелген, 2012 жылғы 26 шілдедегі № 30 "Отарқа" және № 30 "Голос Экибастуза" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.