Об определении сроков предоставления заявок на включение в список получателей субсидий и оптимальных сроков сева сельскохозяйственных культур на 2013 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении сроков предоставления заявок на включение в список получателей субсидий и оптимальных сроков сева сельскохозяйственных культур на 2013 год
- Атауы (қаз.)
- 2013 жылы субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдерін және ауыл шаруашылық дақылдарының оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1420
- Қабылданған күні
- 11.07.2013
- Көрсетілген редакция
- 11.07.2013 73997_187211.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.07.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13NA004215
- ЭКБ идентификаторы
- 73997
- Редакция идентификаторы
- 73997_187211
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:44
0 2013 жылы субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдерін және ауыл шаруашылық дақылдарының оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекiтiлген, Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау қағидасының 12-тармағына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Субсидия алушылардың тiзiмiне қосуға арналған өтiнiмдердi ұсыну мерзiмдері 2013 жылғы 10 мамырдан бастап 10 маусымға дейін болып айқындалсын.
2 2. 2013 жылға арналған басым ауыл шаруашылық дақылдарының оңтайлы себу мерзiмдері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары М.Ж. Қалиевқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 10 мамырдан бастап туындаған қатынастарға таралады.
КЕЛІСІЛДІ:
"Қостанай қаласы әкімдігінің
ауыл шаруашылығы және ветеринария
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
басшысы
_______________________ Б. Мурзин
5 Әкімдіктің
2013 жылғы 11 шілдедегі
№ 1420 қаулысына қосымша
2013 жылға арналған субсидияланатын
басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлерi
бойынша оңтайлы себу мерзiмдерi
№
Ауыл шаруашылығы
дақылдарының атауы
Себу мерзiмдерi
1
Аймақтық ғылыми негізделген
агротехнологияларды сақтап,
жазғы бидай, сұлы, арпа, тары,
қарақұмық, бұршақтұқымдастар
және дән
15 мамырдан бастап 5
маусымға дейiн
2
Майлы дақылдар
15 мамырдан бастап
30 мамырға дейін
3
Бiрiншi, екiншi
және үшiншi өсу жылдарындағы
бұршақтұқымдас көпжылдық шөптер,
шабындық жерлердi шалғындандыру
үшiн егiлген көпжылдық шөптер
Бірінші мерзім – 1
мамырдан бастап 31
мамырға дейін,
екінші мерзім – 5
шілдеден бастап 10
қыркүйекке дейін
4
Жемшөптiк
15 мамырдан бастап
10 маусымға дейін
5
Сүрлемдiк жүгерi мен күнбағыс
15 мамырдан бастап
31 мамырға дейiн
6
Күздiк бидай және қара бидай
25 тамыздан бастап
10 қыркүйекке дейiн
7
Көкөнiс және бақша дақылдары
25 сәуiрден бастап
10 маусымға дейiн
8
Картоп
10 мамырдан бастап 5
маусымға дейiн