Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на 2013 год на повышение доступности товаров, работ и услуг для субъектов агропромышленного комплекса
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на 2013 год на повышение доступности товаров, работ и услуг для субъектов агропромышленного комплекса
- Атауы (қаз.)
- Агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыруға берілетін 2013 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің пайдалану қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 872
- Қабылданған күні
- 27.08.2013
- Көрсетілген редакция
- 27.08.2013 AI74137_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.08.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1300000872
- ЭКБ идентификаторы
- 74137
- Редакция идентификаторы
- AI74137_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:23
0 Агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыруға берілетін 2013 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің пайдалану қағидаларын бекіту туралы
«2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2012 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 10-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қоса беріліп отырған Агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыруға берілетін 2013 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің пайдалану қағидалары бекітілсін.
2 2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
1 1) ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларын уақтылы және мақсатты пайдалануды;
2 2) осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне жартыжылдықтың және жылдың қорытындылары бойынша ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларын пайдалану туралы есеп беруді қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
0 Агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыруға берілетін 2013 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің пайдалану қағидалары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 27 тамыздағы
№ 872 қаулысымен
бекітілген
Агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыруға берілетін 2013 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің пайдалану қағидалары
1
1. Осы Агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыруға берілетін 2013 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 226 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» республикалық бюджеттік бағдарламасы, 100 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бау-бақша жұмыстарының экономикалық қолжетімділігін арттыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» кіші бағдарламасы және 101 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне гербицидтердің экономикалық қолжетімділігін арттыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» кіші бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің пайдалану тәртібін айқындайды.
2 2. Ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге (бұдан әрі – АШТӨ) субсидиялар төлеу арқылы мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1 1) «Апорт» сортты алма ағашының көпжылдық екпелерiн отырғызуға жұмсалатын шығындардың құнын iшiнара (40 %-ға дейiн) өтеу;
2 2) гербицидтердің құнын арзандату (50 %-ға дейiн).
3 3. Субсидиялар АШТӨ-ге Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасына сәйкес төленеді.
4 4. Ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру және іске асыру 2013 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде жүргізілетін болады.
5
5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ретінде төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына және облыс әкімі мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі арасында қол қойылған нәтижелер туралы келісімге сәйкес ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне аударады.
6
6. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары жылдың қорытындылары бойынша Министрлікке ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімдерге сәйкес бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп береді.
7 7. Министрлік Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде есептілікті ұсынады.
1 Нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы аралық есеп
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 27 тамыздағы
№ 872 қаулысына
1-қосымша
Нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы аралық есеп
20___ ж «____» ______________
Мемлекеттік органның атауы __________________________________________
Нысаналы трансферттің атауы _________________________________________
Есеп беру кезеңі ____________________________________________________
Жоғары тұрған бюджеттен алынған қаражат сомасы ______________________
_____________________________________________________________________
(бюджеттік бағдарлама атауы)
_____________________________________________________________________
(бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) коды)
Р/с №
Тікелей нәтиже
Көрсеткіштер атауы (жоспарланған іс-шаралар)
Іс-шаралардың іс жүзінде орындалуы, нәтижелерге қол жеткізу сатысы
Нәтижелерге қол жеткізбеу себептері
Жоспар мың теңге
Нақты мың теңге
Ауытқу мың теңге
1
2
3
4
5
6
7
М.О.
Әкім ________________________________________________ _______________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)) (қолы)
2 Нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы қорытынды есеп
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 27 тамыздағы
№ 872 қаулысына
2-қосымша
Нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы қорытынды есеп
20___ ж «____» ______________
Мемлекеттік органның атауы __________________________________________
Нысаналы трансферттің атауы _________________________________________
Есеп беру кезеңі ____________________________________________________
Жоғары тұрған бюджеттен алынған қаражат сомасы ______________________
_____________________________________________________________________
(бюджеттік бағдарлама атауы)
_____________________________________________________________________
(бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) коды)
Р/с №
Тікелей нәтиже
Көрсеткіштер атауы (жоспарланған іс-шаралар)
Іс-шаралардың іс жүзінде орындалуы, нәтижелерге қол жеткізу сатысы
Нәтижелерге қол жеткізбеу себептері
Жоспар мың теңге
Нақты мың теңге
Ауытқу мың теңге
1
2
3
4
5
6
7
Түпкілікті нәтиже
Жоспарланған көрсеткіштер (іс-шаралар)
Нәтижелерге іс жүзінде қол жеткізу
Нәтижелерге қол жеткізбеу себептері
М.О.
Әкім ______________________________________________ _________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)) (қолы)
Бірінші басшы –
төмен тұрған бюджеттік
бағдарламалар әкімшісі
___________________________________________________ _________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)) (қолы)