Құжат мәтініне өту

Об установлении квот на привлечение иностранной рабочей силы по приоритетным проектам на 2013 год и утверждении условий выдачи разрешений на привлечение иностранной рабочей силы по приоритетным проектам

Қаулы · № 1210 · қабылданған 12.11.2013
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2013-ekb-75257/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об установлении квот на привлечение иностранной рабочей силы по приоритетным проектам на 2013 год и утверждении условий выдачи разрешений на привлечение иностранной рабочей силы по приоритетным проектам Қолданыста Қаулы ·№ 1210 ·12.11.2013
12.11.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.11.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квот на привлечение иностранной рабочей силы по приоритетным проектам на 2013 год и утверждении условий выдачи разрешений на привлечение иностранной рабочей силы по приоритетным проектам

Қолданыста Қаулы ·№ 1210 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квот на привлечение иностранной рабочей силы по приоритетным проектам на 2013 год и утверждении условий выдачи разрешений на привлечение иностранной рабочей силы по приоритетным проектам
Атауы (қаз.)
Басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2013 жылға арналған квоталарды белгілеу және басым жобалар бойынша шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат берудің шарттарын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1210
Қабылданған күні
12.11.2013
Көрсетілген редакция
12.11.2013 AI75257_0.kaz
Соңғы өзгеріс
12.11.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1300001210
ЭКБ идентификаторы
75257
Редакция идентификаторы
AI75257_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:54

0 Басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2013 жылға арналған квоталарды белгілеу және басым жобалар бойынша шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат берудің шарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2013 жылға арналған квота белгіленсін.

2 2. Қоса беріліп отырған:

1 1) «Балқаш жылу электр станциясын салу» жобасын (өтініш беруші – «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің шарттары;

2

2) «Көксу өзенінде шағын су электр станциялары каскадын салу (Рудничный су электр станциясы-1 салу – 2013 жыл; Рудничный су электр станциясы-2 салу – 2014 жыл)» жобасын (өтiнiш берушi – «Датанг-ТТ-Энерджи» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің шарттары;

3 3) «CKD (ұсақ тораптық) жинақтау әдісімен «Nomad» моделіндегі «Ssang Yong» маркалы автомобильдер өндірісін құру» жобасын (өтініш беруші – «СарыарқаАвтоПром» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің шарттары;

4 4) «Қазақстан Республикасы аумағында «Тойота» маркасының автомобильдерін құрастыру» жобасын (өтініш беруші – «СарыарқаАвтоПром» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің шарттары бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

8 Басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2013 жылға арналған квота

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 12 қарашадағы
№ 1210 қаулысына
қосымша
Басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2013 жылға арналған квота
Р/с

Жо­ба­ның ата­уы
Өті­ніш бе­ру­ші
Іс­ке асы­ру ор­ны
Іс­ке асы­ру мер­зі­мі
Кво­та
(адам)
1
2
3
4
5
6
1
Бал­қаш жы­лу электр стан­ци­я­сын са­лу
«Са­мұ­рық-Энер­го» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы
Ал­ма­ты об­лы­сы, Жам­был ауда­ны, Үл­кен кен­ті
2010 – 2018 ж.ж.
100
2
Көк­су өзе­нін­де ша­ғын су электр стан­ци­я­ла­ры кас­кадын са­лу (Руд­нич­ный су электр стан­ци­я­сы-1 са­лу – 2013 ж; Руд­нич­ный су электр стан­ци­я­сы-2 са­лу – 2014 ж)
«Да­танг-ТТ-Энер­джи» жа­у­ап­кер­шiлi­гi шек­те­улi серiк­те­стi­гi
Ал­ма­ты об­лы­сы, Те­ке­лі қа­ла­лық әкім­ші­лі­гі, Руд­нич­ный кен­ті
2009 – 2014 ж.ж.
9
3
CKD (ұсақ то­рап­тық) жи­нақ­тау әді­сі­мен «Nomad» мо­де­лін­де­гі «Ssang Yong» мар­ка­лы ав­то­мо­биль­дер өн­ді­рі­сін құ­ру
«Са­ры­ар­қа­Ав­то­Пром» жа­у­ап­кер­шiлi­гi шек­те­улi серiк­те­стi­гi
Қо­ста­най қа­ла­сы
2012 – 2014 ж.ж.
81
4
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ау­ма­ғын­да «Той­о­та» мар­ка­сы­ның ав­то­мо­биль­де­рін құ­ра­с­ты­ру
«Са­ры­ар­қа­Ав­то­Пром» жа­у­ап­кер­шiлi­гi шек­те­улi серiк­те­стi­гi
Қо­ста­най қа­ла­сы
2013 – 2014 ж.ж.
15

9 «Балқаш жылу электр станциясын салу» жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің шарттары (өтініш беруші – «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы)

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 12 қарашадағы
№ 1210 қаулысымен
бекітілген
«Балқаш жылу электр станциясын салу» жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің шарттары (өтініш беруші – «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы)

1 1. Аумағында басым жоба іске асырылатын уәкiлеттi органға жұмыс берушi не ол уәкiлеттiк берген тұлға ұсынатын шетелдiк жұмыс күшiн тартуға өтінішке қоса берілетін құжаттар мыналарды қамтуы тиіс:

1

1) тегi, аты, әкесiнiң аты (оның iшiнде латын әрiптерiмен), туған күнi мен жылы, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмiрi, берiлген күнi және оны берген орган, тұрақты тұратын елi, шыққан елi, бiлiмi, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекiтетiн Қазақстан Республикасында қолданылатын басшылар, мамандар және басқа да қызметшiлер лауазымдарының бiлiктiлiк анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшiлерi лауазымдарының үлгiлiк бiлiктiлiк сипаттамаларына, жұмысшылардың жұмыстары мен кәсiптерiнiң бiрыңғай тарифтiк-бiлiктiлiк анықтамалығына, жұмысшылар кәсiптерiнiң тарифтiк-бiлiктiлiк сипаттамаларына және 01-99 «Кәсiптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сыныптауышына сәйкес мамандығының, бiлiктiлiгiнiң (лауазымының) атаулары көрсетiле отырып, тартылатын шетелдiк қызметкерлер туралы мәлiметтер;

2

2) Қазақстан Республикасының күшiне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен заңдастырылған бiлiмi туралы құжаттардың нотариалды расталған аудармалары (егер құжат мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде толтырылған болса, көшiрмелерi);

3

3) оның бұрын iстеген жұмыс берушiсiнiң ресми бланкiсiндегі қызметкердiң еңбек қызметi туралы жазбаша растауы немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар қоса берiлген, қызметкердiң еңбек қызметi туралы ақпарат (тиiстi кәсiп бойынша жұмыс өтілі жөнiнде бiлiктiлiк талаптары болған кезде);

4 4) басым жобаны іске асыруға қатысуы туралы куәландыратын шарттан нотариалды расталған үзiндi не салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсынумен көшірмесі (мердiгерлік және қосалқы мердiгерлік ұйымдар үшін).

2 2. Шетелдік қызметкерлердің келуі «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабында көзделген шарттар сақталған жағдайда жүзеге асырылады.

3 3. 3 және 4-санаттар бойынша рұқсаттар алынған шетелдік қызметкерлер басқа әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында орналасқан кәсіпорындарға, ұйымдарға іссапарға жіберіле алмайды.

4

4. Шетелдік жұмыс күшін тартудың осы шарттармен реттелмеген өзге де талаптары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысымен бекітілген Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру қағидаларымен және шарттарымен регламенттеледі.

18 «Көксу өзенінде шағын су электр станциялары каскадын салу (Рудничный су электр станциясы-1 салу – 2013 ж, Рудничный су электр станциясы-2 салу – 2014 ж.)» жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің шарттары (өтiнiш берушi – «Датанг-ТТ-Энерджи» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi)

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 12 қарашадағы
№ 1210 қаулысымен
бекітілген
«Көксу өзенінде шағын су электр станциялары каскадын салу (Рудничный су электр станциясы-1 салу – 2013 ж, Рудничный су электр станциясы-2 салу – 2014 ж.)» жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің шарттары (өтiнiш берушi – «Датанг-ТТ-Энерджи» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi)

1 1. Аумағында басым жоба іске асырылатын уәкiлеттi органға жұмыс берушi не ол уәкiлеттiк берген тұлға ұсынатын шетелдiк жұмыс күшiн тартуға өтінішке қоса берілетін құжаттар мыналарды қамтуы тиіс:

1

1) тегi, аты, әкесiнiң аты (оның iшiнде латын әрiптерiмен), туған күнi мен жылы, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмiрi, берiлген күнi және оны берген орган, тұрақты тұратын елi, шыққан елi, бiлiмi, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекiтетiн Қазақстан Республикасында қолданылатын басшылар, мамандар және басқа да қызметшiлер лауазымдарының бiлiктiлiк анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшiлерi лауазымдарының үлгiлiк бiлiктiлiк сипаттамаларына, жұмысшылардың жұмыстары мен кәсiптерiнiң бiрыңғай тарифтiк-бiлiктiлiк анықтамалығына, жұмысшылар кәсiптерiнiң тарифтiк-бiлiктiлiк сипаттамаларына және 01-99 «Кәсiптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сыныптауышына сәйкес мамандығының, бiлiктiлiгiнiң (лауазымының) атаулары көрсетiле отырып, тартылатын шетелдiк қызметкерлер туралы мәлiметтер;

2

2) Қазақстан Республикасының күшiне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен заңдастырылған бiлiмi туралы құжаттардың нотариалды расталған аудармалары (егер құжат мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде толтырылған болса, көшiрмелерi);

3

3) оның бұрын iстеген жұмыс берушiсiнiң ресми бланкiсiндегі қызметкердiң еңбек қызметi туралы жазбаша растауы немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар қоса берiлген, қызметкердiң еңбек қызметi туралы ақпарат (тиiстi кәсiп бойынша жұмыс өтілі жөнiнде бiлiктiлiк талаптары болған кезде);

4 4) басым жобаны іске асыруға қатысуы туралы куәландыратын шарттан нотариалды расталған үзiндi не салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсынумен көшірмесі (мердiгерлік және қосалқы мердiгерлік ұйымдар үшін).

2 2. Шетелдік қызметкерлердің келуі «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабында көзделген шарттар сақталған жағдайда жүзеге асырылады.

3 3. 3 және 4-санаттар бойынша рұқсаттар алынған шетелдік қызметкерлер басқа әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында орналасқан кәсіпорындарға, ұйымдарға іссапарға жіберіле алмайды.

4

4. Шетелдік жұмыс күшін тартудың осы шарттармен реттелмеген өзге де талаптары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысымен бекітілген Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру қағидаларымен және шарттарымен регламенттеледі.

27 «CKD (ұсақ тораптық) жинақтау әдісімен «Nomad» моделіндегі «Ssang Yong» маркалы автомобильдер өндірісін құру» жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің шарттары (өтініш беруші – «Сарыарқа АвтоПром» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi)

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 12 қарашадағы
№ 1210 қаулысымен
бекітілген
«CKD (ұсақ тораптық) жинақтау әдісімен «Nomad» моделіндегі «Ssang Yong» маркалы автомобильдер өндірісін құру» жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің шарттары (өтініш беруші – «Сарыарқа АвтоПром» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi)

1 1. Аумағында басым жоба іске асырылатын уәкiлеттi органға жұмыс берушi не ол уәкiлеттiк берген тұлға ұсынатын шетелдiк жұмыс күшiн тартуға өтінішке қоса берілетін құжаттар мыналарды қамтуы тиіс:

1

1) тегi, аты, әкесiнiң аты (оның iшiнде латын әрiптерiмен), туған күнi мен жылы, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмiрi, берiлген күнi және оны берген орган, тұрақты тұратын елi, шыққан елi, бiлiмi, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекiтетiн Қазақстан Республикасында қолданылатын басшылар, мамандар және басқа да қызметшiлер лауазымдарының бiлiктiлiк анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшiлерi лауазымдарының үлгiлiк бiлiктiлiк сипаттамаларына, жұмысшылардың жұмыстары мен кәсiптерiнiң бiрыңғай тарифтiк-бiлiктiлiк анықтамалығына, жұмысшылар кәсiптерiнiң тарифтiк-бiлiктiлiк сипаттамаларына және 01-99 «Кәсiптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сыныптауышына сәйкес мамандығының, бiлiктiлiгiнiң (лауазымының) атаулары көрсетiле отырып, тартылатын шетелдiк қызметкерлер туралы мәлiметтер;

2

2) Қазақстан Республикасының күшiне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен заңдастырылған бiлiмi туралы құжаттардың нотариалды расталған аудармалары (егер құжат мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде толтырылған болса, көшiрмелерi);

3

3) оның бұрын iстеген жұмыс берушiсiнiң ресми бланкiсiндегі қызметкердiң еңбек қызметi туралы жазбаша растауы немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар қоса берiлген, қызметкердiң еңбек қызметi туралы ақпарат (тиiстi кәсiп бойынша жұмыс өтілі жөнiнде бiлiктiлiк талаптары болған кезде);

4 4) басым жобаны іске асыруға қатысуы туралы куәландыратын шарттан нотариалды расталған үзiндi не салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсынумен көшірмесі (мердiгерлік және қосалқы мердiгерлік ұйымдар үшін).

2 2. Шетелдік қызметкерлердің келуі «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабында көзделген шарттар сақталған жағдайда жүзеге асырылады.

3 3. 3 және 4-санаттар бойынша рұқсаттар алынған шетелдік қызметкерлер басқа әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында орналасқан кәсіпорындарға, ұйымдарға іссапарға жіберіле алмайды.

4

4. Шетелдік жұмыс күшін тартудың осы шарттармен реттелмеген өзге де талаптары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысымен бекітілген Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру қағидаларымен және шарттарымен регламенттеледі.

36 «Қазақстан Республикасы аумағында «Тойота» маркасының автомобильдерін құрастыру» жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің шарттары (өтініш беруші – «СарыарқаАвтоПром» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi)

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 12 қарашадағы
№ 1210 қаулысымен
бекітілген
«Қазақстан Республикасы аумағында «Тойота» маркасының автомобильдерін құрастыру» жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің шарттары (өтініш беруші – «СарыарқаАвтоПром» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi)

Қолданыстағы