Құжат мәтініне өту

Об установлении основных условий кредитования областных бюджетов для микрокредитования предпринимательства в моногородах на 2014 год в рамках Программы развития моногородов на 2012-2020 годы

Қаулы · № 462 · қабылданған 06.05.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2014-2012-2020/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об установлении основных условий кредитования областных бюджетов для микрокредитования предпринимательства в моногородах на 2014 год в рамках Программы развития моногородов на 2012-2020 годы Қолданыста Қаулы ·№ 462 ·06.05.2014
06.05.2014 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.05.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении основных условий кредитования областных бюджетов для микрокредитования предпринимательства в моногородах на 2014 год в рамках Программы развития моногородов на 2012-2020 годы

Қолданыста Қаулы ·№ 462 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении основных условий кредитования областных бюджетов для микрокредитования предпринимательства в моногородах на 2014 год в рамках Программы развития моногородов на 2012-2020 годы
Атауы (қаз.)
Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберiнде моноқалаларда кәсiпкерлiкке микрокредит беру үшiн облыстық бюджеттерге кредит берудің 2014 жылға арналған негізгі шарттарын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
462
Қабылданған күні
06.05.2014
Көрсетілген редакция
06.05.2014 AI79587_0.kaz
Соңғы өзгеріс
06.05.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1400000462
ЭКБ идентификаторы
79587
Редакция идентификаторы
AI79587_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:44

0 Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберiнде моноқалаларда кәсiпкерлiкке микрокредит беру үшiн облыстық бюджеттерге кредит берудің 2014 жылға арналған негізгі шарттарын белгілеу туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 180-бабына, «2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына және «2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 1329 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберiнде моноқалаларда кәсiпкерлiкке микрокредит беру үшiн облыстық бюджеттерге кредит берудің 2014 жылға арналған негізгі шарттары белгіленсін.

2 2. Тиiстi мәслихаттар 2014 жылға арналған облыстық бюджеттерде тиiстi түсiмдердi көздейтiн шешiмдер қабылдағаннан кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде облыстардың жергiлiктi атқарушы органдары мәслихаттардың көрсетiлген шешiмдерiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне берсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi, Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:

1 1) облыстардың жергiлiктi атқарушы органдарымен кредиттiк шарттар жасасуды;

2 2) бюджеттiк кредиттердiң мақсатты пайдаланылуын және республикалық бюджетке уақтылы қайтарылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.

4 4. Облыстардың жергiлiктi атқарушы органдары тоқсан сайын, есептi кезеңнен кейiнгi айдың 10-күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлiгiне бюджеттік кредиттердi игеру туралы ақпарат берсiн.

5 5. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлiгi Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберiнде моноқалаларда кәсiпкерлiкке микрокредит беру үшiн 2014 жылға бөлiнген бюджеттiк кредиттердiң игерiлуiне мониторингті қамтамасыз етсiн.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлiгiне жүктелсiн.

7 7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

10 Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберiнде моноқалаларда кәсiпкерлiкке микрокредит беру үшiн облыстық бюджеттерге кредит берудің 2014 жылға арналған негізгі шарттары

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2014 жылғы 6 мамырдағы
№ 462 қаулысына
қосымша
Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберiнде моноқалаларда кәсiпкерлiкке микрокредит беру үшiн облыстық бюджеттерге кредит берудің 2014 жылға арналған негізгі шарттары

1 1. Облыстардың жергiлiктi атқарушы органдарына (бұдан әрi–қарыз алушы) кредиттер беру үшiн мынадай негiзгi шарттар белгiленедi:

1

1) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 25 мамырдағы № 683 қаулысымен бекiтiлген Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберiнде моноқалаларда кәсiпкерлiкке микрокредит беру үшiн 2014 жылға «2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында және «2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 1329 қаулысында көзделген 1 908 813 000 теңге (бір миллиард тоғыз жүз сегіз миллион сегіз жүз он үш мың) сомадағы кредиттер қарыз алушыға 5 (бес) жыл мерзімге 0,01 (нөл бүтін жүзден бір) сыйақы мөлшерлемесі берiледi;

2 2) кредиттердi игеру кезеңi кредитордың шотынан кредиттер аударылған сәттен бастап есептеледi және 2019 жылғы 28 ақпанда аяқталады.

2 2. Кредиттерді беру, өтеу және қызмет көрсету жөніндегі қосымша шарттар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес кредитттік шартта белгіленеді.

Қолданыстағы