Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на 2014 год на поддержку субъектов агропромышленного комплекса в регионах в рамках Программы по развитию агропромышленного комплекса в Республике Казахстан на 2013 - 2020 годы "Агробизнес - 2020"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на 2014 год на поддержку субъектов агропромышленного комплекса в регионах в рамках Программы по развитию агропромышленного комплекса в Республике Казахстан на 2013 - 2020 годы "Агробизнес - 2020"
- Атауы (қаз.)
- Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған "Агробизнес-2020" бағдарламасы шеңберінде өңірлерде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдауға берілетін 2014 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 780
- Қабылданған күні
- 08.07.2014
- Көрсетілген редакция
- 08.07.2014 AI81188_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.07.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1400000780
- ЭКБ идентификаторы
- 81188
- Редакция идентификаторы
- AI81188_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:09
0
Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған "Агробизнес-2020" бағдарламасы шеңберінде өңірлерде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдауға берілетін 2014 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы
«2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 2) тармақшасына және «2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 1329 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде өңірлерде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдауға берілетін 2014 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары бекітілсін.
2 2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
1 1) ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларының уақтылы және нысаналы пайдаланылуын;
2 2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларының пайдаланылуы туралы және бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп беруді қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі
0 Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде өңірлерде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдауға берілетін 2014 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 8 шілдедегі
№ 780 қаулысымен
бекітілген
Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде өңірлерде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдауға берілетін 2014 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде өңірлерде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдауға берілетін 2014 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 228 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде өңірлерде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» республикалық бюджеттік бағдарламасы, 100 «Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау» кіші бағдарламасы, 101 «Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру» кіші бағдарламасы және 102 «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау» кіші бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің республикалық бюджеттен берілетін 2014 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібін айқындайды.
2 2. Ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына және:
1 1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын;
2 2) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін агроөнеркәсіптік кешен субъектілері инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру;
3 3) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
3
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) 228 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде өңірлерде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімнің, жеке қаржыландыру жоспарының негізінде республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттер аударуды жүргізеді.
Қандай да бір облыс және Астана мен Алматы қалалары бөлінген қаражатты, оның ішінде облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша тікелей және түпкілікті көрсеткіштерге қол жеткізу нәтижелері бойынша толық игермеген жағдайда, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі нысаналы трансферттер сомаларын өңірлер арасында қайта бөлу туралы ұсынысты Қазақстан Республикасының Үкіметіне заңнамада белгіленген тәртіппен енгізеді.
4
4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер түскеннен кейін Министрлік жыл қорытындысы бойынша – 2014 жылғы 30 желтоқсаннан кешіктірмей, ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімдерге сәйкес ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану туралы есептерді, ал олар толық игерілмеген жағдайда себептерін көрсете отырып ұсынады.
5
5. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары Министрлікке жылдың қорытындысы бойынша – келесі қаржы жылының 15 ақпанынан кешіктірмей, ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімдерге сәйкес бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті ұсынады.
6 6. Министрлік Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде есептілікті ұсынады.
1 Нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы қорытынды есеп 20___ ж. «____» _________
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 8 шілдедегі
№ 780 қаулысына
қосымша
Нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы қорытынды есеп 20___ ж. «____» _________
Мемлекеттік органның атауы __________________________________________
Нысаналы трансферттің атауы _________________________________________
Есеп кезеңі _________________________________________________________
Жоғары тұрған бюджеттен алынған қаражат сомасы ______________________
_____________________________________________
(бюджеттік бағдарламаның атауы)
_____________________________________________________
(бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) коды)
Р/с
№
Тікелей нәтиже
Көрсеткіштердің атауы
(жоспарланып отырған іс-шаралар)
Іс-шаралардың нақты орындалуы, нәтижелерге қол жеткізу сатысы
Нәтижелерге қол жеткізбеу себептері
Жоспар, мың теңге
Нақты, мың теңге
Ауытқуы, мың теңге
Түпкі нәтиже
Жоспарланып отырған көрсеткіштер (іс-шаралар)
Нәтижелерге нақты қол жеткізу
Нәтижелерге қол жеткізбеу себептері
М.О.
Әкім ___________________________________ _________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Бірінші басшы – төмен тұрған
бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі
_____________________________________________ ______________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)