Құжат мәтініне өту

Об установлении квот на привлечение иностранной рабочей силы на 2014 и 2015 годы по приоритетному проекту "Строительство и эксплуатация многофункционального комплекса со встроенными офисными, гостиничными, жилыми, торгово-развлекательными помещениями и паркингом, расположенного по адресу: город Астана, улица Достык, дом 16" и утверждении условий выдачи разрешений на привлечение иностранной рабочей силы для реализации приоритетного проекта "Строительство и эксплуатация многофункционального компле

Қаулы · № 1317 · қабылданған 15.12.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2014-2015-16-16/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об установлении квот на привлечение иностранной рабочей силы на 2014 и 2015 годы по приоритетному проекту "Строительство и эксплуатация многофункционального комплекса со встроенными офисными, гостиничными, жилыми, торгово-развлекательными помещениями и паркингом, расположенного по адресу: город Астана, улица Достык, дом 16" и утверждении условий выдачи разрешений на привлечение иностранной рабочей силы для реализации приоритетного проекта "Строительство и эксплуатация многофункционального компле Қолданыста Қаулы ·№ 1317 ·15.12.2014
15.12.2014 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.12.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квот на привлечение иностранной рабочей силы на 2014 и 2015 годы по приоритетному проекту "Строительство и эксплуатация многофункционального комплекса со встроенными офисными, гостиничными, жилыми, торгово-развлекательными помещениями и паркингом, расположенного по адресу: город Астана, улица Достык, дом 16" и утверждении условий выдачи разрешений на привлечение иностранной рабочей силы для реализации приоритетного проекта "Строительство и эксплуатация многофункционального компле

Қолданыста Қаулы ·№ 1317 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квот на привлечение иностранной рабочей силы на 2014 и 2015 годы по приоритетному проекту "Строительство и эксплуатация многофункционального комплекса со встроенными офисными, гостиничными, жилыми, торгово-развлекательными помещениями и паркингом, расположенного по адресу: город Астана, улица Достык, дом 16" и утверждении условий выдачи разрешений на привлечение иностранной рабочей силы для реализации приоритетного проекта "Строительство и эксплуатация многофункционального компле
Атауы (қаз.)
"Астана қаласы, Достық көшесі, 16-үйде орналасқан жапсарлас кеңсе, қонақүй, тұрғын, сауда ойын-сауық үй-жайлары және паркингі бар көпфункционалды кешенді салу және пайдалану" басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2014 және 2015 жылдарға арналған квоталарды белгілеу және "Астана қаласы, Достық көшесі, 16-үйде орналасқан жапсарлас кеңсе, қонақүй, тұрғын, сауда ойын-сауық үй-жайлары және паркингі бар көпфункционалды кешенді салу және пайдалану" басым жобасын іске асыру үшін шетелдік жұм
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1317
Қабылданған күні
15.12.2014
Көрсетілген редакция
15.12.2014 AI85104_0.kaz
Соңғы өзгеріс
15.12.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1400001317
ЭКБ идентификаторы
85104
Редакция идентификаторы
AI85104_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:33

0

"Астана қаласы, Достық көшесі, 16-үйде орналасқан жапсарлас кеңсе, қонақүй, тұрғын, сауда ойын-сауық үй-жайлары және паркингі бар көпфункционалды кешенді салу және пайдалану" басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2014 және 2015 жылдарға арналған квоталарды белгілеу және "Астана қаласы, Достық көшесі, 16-үйде орналасқан жапсарлас кеңсе, қонақүй, тұрғын, сауда ойын-сауық үй-жайлары және паркингі бар көпфункционалды кешенді салу және пайдалану" басым жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің шарттарын бекіту туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 1-тармағына және «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 37-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Астана қаласы, Достық көшесі, 16-үйде орналасқан жапсарлас кеңсе, қонақүй, тұрғын, сауда ойын-сауық үй-жайлары және паркингі бар көпфункционалды кешенді салу және пайдалану» басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2014 және 2015 жылдарға арналған квота белгіленсін.

2

2. Қоса беріліп отырған «Астана қаласы, Достық көшесі, 16-үйде орналасқан жапсарлас кеңсе, қонақүй, тұрғын, сауда ойын-сауық үй-жайлары және паркингі бар көпфункционалды кешенді салу және пайдалану» жобасын (өтініш беруші - «Astana Property Management» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары бекітілсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

4 «Астана қаласы, Достық көшесі, 16-үйде орналасқан жапсарлас кеңсе, қонақүй, тұрғын, сауда ойын-сауық үй-жайлары және паркингі бар көпфункционалды кешенді салу және пайдалану» басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2014 және 2015 жылдарға арналған квоталар

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1317 қаулысына
қосымша
«Астана қаласы, Достық көшесі, 16-үйде орналасқан жапсарлас кеңсе, қонақүй, тұрғын, сауда ойын-сауық үй-жайлары және паркингі бар көпфункционалды кешенді салу және пайдалану» басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2014 және 2015 жылдарға арналған квоталар
Р/с

Жо­ба­ның ата­уы
Өті­ніш бе­ру­ші
Іс­ке асы­ру ор­ны
Іс­ке асы­ру мер­зі­мі
Кво­та (адам)
1
2
3
4
5
6
1.
Аста­на қа­ла­сы, До­стық кө­ше­сі, 16-үй­де ор­на­лас­қан жап­сар­лас кең­се, қо­на­қүй, тұр­ғын, са­уда ой­ын-са­уық үй-жай­ла­ры және пар­кин­гі бар көп­функ­ци­о­нал­ды ке­шен­ді са­лу және пай­да­ла­ну
«Astana Property Management»  жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
Аста­на қа­ла­сы
2013-2017 жыл­дар
2014 жыл: 770
2.
Аста­на қа­ла­сы, До­стық кө­ше­сі, 16-үй­де ор­на­лас­қан жап­сар­лас кең­се, қо­на­қүй, тұр­ғын, са­уда ой­ын-са­уық үй-жай­ла­ры және пар­кин­гі бар көп­функ­ци­о­нал­ды ке­шен­ді са­лу және пай­да­ла­ну
«Astana Property Management» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
Аста­на қа­ла­сы
2013-2017 жыл­дар
2015 жыл: 1720

5 «Астана қаласы, Достық көшесі, 16-үйде орналасқан жапсарлас кеңсе, қонақүй, тұрғын, сауда ойын-сауық үй-жайлары және паркингі бар көпфункционалды кешенді салу және пайдалану» басым жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1317 қаулысына
қосымша
«Астана қаласы, Достық көшесі, 16-үйде орналасқан жапсарлас кеңсе, қонақүй, тұрғын, сауда ойын-сауық үй-жайлары және паркингі бар көпфункционалды кешенді салу және пайдалану» басым жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары

1 1. Аумағында басым жоба іске асырылатын әкімшілік-аумақтық бірліктің еңбек жөніндегі уәкілетті органына жұмыс беруші не ол уәкілеттік берген тұлға ұсынатын шетелдік жұмыс күшін тартуға өтінішке қоса берілетін құжаттар мыналарды қамтуы тиіс:

1

1) тегі, аты, әкесінің аты (оның ішінде латын әріптерімен), туған күні мен жылы, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмірі, берілген күні және оны берген орган, тұрақты тұратын елі, шыққан елі, білімі, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін Қазақстан Республикасында қолданылатын басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және 01-99 «Кәсіптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышына сәйкес мамандығының, біліктілігінің (лауазымының) атаулары көрсетіле отырып, тартылатын шетелдік қызметкерлер туралы мәліметтер;

2

2) Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың нотариалды расталған аудармалары (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілдерінде толтырылған болса, көшірмелері);

3

3) оның бұрын істеген жұмыс берушісінің ресми бланкісіндегі қызметкердің еңбек қызметі туралы жазбаша растауы немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар қоса берілген, қызметкердің еңбек қызметі туралы ақпарат (тиісті кәсіп бойынша жұмыс өтілі бойынша біліктілік талаптары болған кезде);

4 4) басым жобаны іске асыруға қатысуы туралы куәландыратын шарттан нотариалды расталған үзінді не салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсынумен көшірмесі (мердігер және қосалқы мердігер ұйымдар үшін).

2 2. Шетелдік қызметкерлердің келуі «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабында көзделген шарттар сақталған жағдайда жүзеге асырылады.

3 3. Үшінші және төртінші санаттар бойынша рұқсаттар алынған шетелдік қызметкерлерді басқа әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында орналасқан кәсіпорындарға, ұйымдарға іссапарға жіберуге болмайды.

4

4. Шетелдік жұмыс күшін тартудың осы шарттарымен реттелмеген өзге де талаптары «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын және Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарын бекіту және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысымен бекітілген Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру қағидаларымен және шарттарымен регламенттеледі.

Қолданыстағы