О начале 2014-2015 учебного года в общеобразовательных учебных заведениях
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О начале 2014-2015 учебного года в общеобразовательных учебных заведениях
- Атауы (қаз.)
- Жалпы білім беретін оқу орындарында 2014-2015 оқу жылының басталуы туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 214
- Қабылданған күні
- 10.06.2014
- Көрсетілген редакция
- 10.06.2014 AI81246_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.06.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1400009562
- ЭКБ идентификаторы
- 81246
- Редакция идентификаторы
- AI81246_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:27
0 Жалпы білім беретін оқу орындарында 2014-2015 оқу жылының басталуы туралы
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 37-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, жалпы білім беретін оқу орындарында 2014-2015 оку жылының басталу мерзімі 2014 жылғы 1 қыркүйек болып белгіленсін.
Оқу жылының ұзақтығы мектепалды дайындық сыныптарында - 32 оқу аптасы, 1- сыныптарда - 33 оку аптасы, 2-11 (12)- сыныптарда, 12 жылдық білім берудің 10,12-эксперименттік сыныптарында - 34 оку аптасы.
Оқу жылы барысындағы каникулдар:
1) 1-11 (12)-сыныптарда, 12 жылдық білім берудің 10,12-эксперименттік сыныптарында: күзгі каникул - 8 күн (2014 жылғы 4-11 қарашаны қоса алғанда), қысқы - 10 күн (2014 жылғы 30 желтоқсан - 2015 жылғы 8 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі - 12 күн (2015 жылғы 20-31 наурызды қоса алғанда);
2) мектепалды даярлық сыныптарында: күзгі каникул - 8 күн (2014 жылғы 4-11 қарашаны қоса алғанда), қысқы - 14 күн (2014 жылғы 29 желтоқсан -2015 жылғы 11 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі - 15 күн (2015 жылғы 20 наурыз - 3 сәуірді қоса алғанда);
3) мектепалды даярлық сыныптары мен 1- сыныптарда: қосымша каникул - 7 күн (2015 жылғы 2-8 ақпанды қоса алғанда) мерзімінде белгіленеді.