О размещении государственного образовательного заказа на обучение слушателей подготовительных отделений высших учебных заведений на 2014-2015 учебный год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О размещении государственного образовательного заказа на обучение слушателей подготовительных отделений высших учебных заведений на 2014-2015 учебный год
- Атауы (қаз.)
- 2014-2015 оқу жылына жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларын оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 383
- Қабылданған күні
- 18.09.2014
- Көрсетілген редакция
- 18.09.2014 AI83570_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.09.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14H0009766
- ЭКБ идентификаторы
- 83570
- Редакция идентификаторы
- AI83570_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:33
0 2014-2015 оқу жылына жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларын оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы
«Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2014 - 2015 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 мамырдағы № 604 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2014-2015 оқу жылына жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларын оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылсын.
2 2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаменті (Ж.Қ. Шаймарданов):
1 1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2 2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
3 3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсына орналастырсын.
3 3. Экономика және қаржы департаменті (Т.А. Нұрғожаева) жоғары оқу орындарын мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қабылданған дайындық бөлімдері тыңдаушыларының контингентіне сәйкес қаржыландыруды жүзеге асырсын.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5 5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
9 2014-2015 оқу жылына жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларын оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым Министрі м.а.
2014 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 383 бұйрығына қосымша
2014-2015 оқу жылына жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларын оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру
№
Жоғары оқу орнының атауы
Мемлекеттік білім
беру тапсырысының
көлемі (орын)
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар
1
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
75
2
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті
100
3
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
100
4
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
70
5
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті
50
6
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
150
7
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстаи аграрлық-техникалық университеті
60
8
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
150
9
I. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті
70
10
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
100
11
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
50
12
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
100
13
О.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті
125
14
X. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
100
15
Х.А. Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-түрік университеті
100
барлығы
1400
Шетел азаматтары
Ауған Ислам Республикасының азаматтары
1
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
180
Түрік Республикасының және өзге түркітілдес республикалардың азаматтары
2
Х.А. Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-түрік университеті
200
Қытай Халық Республикасының азаматтары
3
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті
100
Тәжікстан Республикасының азаматтары
4
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті
100
барлығы
580